Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

План приобретения услуг или товаров на 2018г.

Автор: admin от 29-12-2017, 06:22, посмотрело: 56

План приобретения услуг или товаров скачать: God-plan-po-pitaniyu-za-2018g-chast-2.pdf [1,55 Mb] (cкачиваний: 0) God-plan-po-pitaniyu-za-2018g-chast-1.pdf [2,99 Mb] (cкачиваний: 0)

 

Категория: Информация

 

План по питанию на 2017 год

Автор: admin от 28-12-2016, 05:29, посмотрело: 349

0

God.-plan.pitaniya-2017.rar [3,98 Mb] (cкачиваний: 8)

 

Категория: Информация

 
 

Алматы- әсем қала!

Автор: admin от 21-09-2016, 05:29, посмотрело: 320

     «№25 Санаториялық бөбекжай балабақшасында» Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар жүргізілді.

     Алматы шаһарының тарихы туралы әңгімелер айтылып, слайд көрсетілді, көрме жасалды. Ата-аналар балаларымен қаланың көрнекі жерлерініе саяхат жасады. «Алматы әсем қала» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Балалар Алматы туралы өлең-тақпақтар айтып, би билеп, ән салды. Ұлттық ойындардан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Категория: Мероприятия и праздники

 

ОТЧЕТ О ДОХОДАХ И РАСХОДАХ НА 2015 ГОД

Автор: admin от 13-04-2016, 15:03, посмотрело: 350

0

2015 ЖЫЛҒА КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІ
       Алматы қаласы Білім басқармасының «№25 Санаториялық 
      бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(ұйым атауы)

                                                                                                                                                                                                                                                              (мың теңге)        


Көрсеткіш атауы

2015 жылға арналған жоспар

КІРІСТЕР

 

Бюджет 

86608

Барлық кірістер

86608

ШЫҒЫСТАР

 

Еңбекақы қоры бойынша

43454

Коммуналдық қызметтер

3248

Шаруашылық тауарлар мен мүлікті сатып алу

3240

Кеңсе тауарларын сатып алу

268

Ауызсуды сатып алу

198

Азық-түлік өнімдерін сатып алу

26436

Дәрі-дәрмектерді сатып алу

184

Ағымдағы жөндеу жұмыстары

4630

Өзге де тауарлар мен қызметтер

4950

Барлық шығыстар

86608

 

                №25 бала-бақша меңгерушісі:                             Г.К.Атайбекова

                №25 бала-бақша есепшісі:                                   М.У.Уркимбаева

 

 

 

     
01.01.2015ж. -32.12.2015ж. аралығына арналған 
 кіріс және шығыс есебі
Алматы қаласы
топ саны – 6
бюджет – 6 Барлық  бала саны – 120(2-6 жас аралығында)

Алматы қаласы Білім басқармасының " Санаториялық  №25 бөбекжай-     балабақшасы» КММ-нің штаттық кесте бойынша бірлік саны  -  54 бірлік, оның ішінде 24 бірлік педагогикалық қызметкерлер,  30 бірлік әкімшілік және қызмет етуші қызметкерлер.

1.  2015 жылдың 12 айындағы барлық кіріс  86608 мың теңгені құрады, соның ішінде:
- Жергілікті бюджет есебінен  - 84534 мың теңге.
- Республикалық бюджет есебінен  - 2074 мың теңге.

2.  2015 жылдың 12 айындағы  барлық шығыс  86608 мың теңге.

                   Бюджет бойынша шығыс 86608 мың теңге
-Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекақы қорына  43454,0 мың теңге
-Коммуналдық  қызметтерге жұмсалған шығыстар 3248,0 мың теңге: 
салқын  суға- 900 мың теңге, жылыту жүйелері, ағынды суларға – 100 мың теңге, химиялық  су  мен ыстық суға – 1153 мың  теңге, электр энергиясына – 900 мың теңге, байланыс қызметтері  мен ғаламторға - 195 мың теңге.
-Шаруашылық тауарлар мен мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстар 
3240 мың теңгені құрады (кір жуғыш ұнтақ, еденді және сантехника құралдарын тазалайтын ұнтақтар, ыдыс және унитазды жуатын сұйықтықтар, залалсыздандыратын заттар, еден жуатын маталар, әжетхана қағаздары, қағаз сүлгілер, сыпыртқылар, ағартқыштар, энергоүнемдеуші шамдар, матадан және резинадан жасалған қолғаптар, суаратын шлангтар);
-Кеңсе тауарларына – 268 мың теңге (көшірме қағазы, қаламдар, қарындаш   ұштағыштары, тескіш, желім, өшіргіштер, жинақтаушы, әртүрлі папкалар, тіркелім папкалары, кеңсе қайшылары, тезтікпе, мөлдір файлдар, жазба үшін қағаздар жиынтығы); 
-Құрылыс материалдарына -726 мың теңге (әктас, эмульсия, ақ эмаль және ашық қоңыр түсті эмаль бояулары, бояуға арналған қылқаламдар, эмульсиялау үшін білікше, есіктерге арналған жылтыр сыр бояулары, бояу езгіш, душқа және қолжуғышқа арналған қатынастырғыш, қол жуғыш, әжетханаға арналған түбек).
-Жұмсақ мүлікке – 239 мың теңге (қол сүртуге арналған сүлгілер, балаларға арналған төсек жиынтықтары, медициналық халат, аспазға арналған арнайы киім қалпағымен бірге)
-Компьютерге арналған қосалқы жабдықтар– 45 мың теңге (компьютерлік  пернетақта мен тышқан)
-Ағымдағы басылымдарға жазылу – 157 мың теңге.
-Электрондық кілтті сатып алу – 13 мың теңге
-Бөтелкедегі ауызсуға -198 мың теңге
-Дәрі-дәрмектерді  сатып алүға жумсалған шығыстар 184 мың теңгені    құрады (антигриппин, антикашель, йод, цитрамон, дәке, панадол бэби, линекс, доктор мом).
-Азық-түлік өнімдерін сатып алуға шығыстар – 26436 мың теңгені құрады.
 12 айдағы бала саны- 26396.  1 күнге бір балаға 1001 теңге жұмсалды.

         Өзге де қызметтер мен жұмыстарға төлем. Соның ішінде: 
-Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша шығыстар  4630,0 мың теңгені  құрады (ішкі жұмыстар: 1) линолеумді керамикадан жасалған төсеніштерге айырбастау -150 ш.м., тұғырларды керамикадан жасалған тұғырларға айырбастау-180 м, екі қабатты баспалдақ сүйемелдеуін жасау және орнату-35 м.; 2) баспалдақ шеттеріне резина бетінде металдан жасалған бұрыштарды жасау және орнату-27,6м.,  радиаторлардың сыртын ағашпен және пластикпен қаптау;
3) ғимарат ауласын абаттандыру: 50 м қашықтыққа дейін кіші сәулет формаларының орнын ауыстыру -31 дана, қабырға тастарын бұзу және ауладан алып кету – 102м, жерді тегістеу – 470ш.м., ұсақталған шағал тас төсеу және тегістеу- 71 текше метр, ауланы жасанды көгалдандыру-470 ш.м., қабырға тастарын орнату-215м., спорт алаңына құйылмалы резеңке қабат(түрлі-түсті каучук) төсеу – 150 ш.м. және бетіне белгілер салу.
-Өзге де қызметтер мен жұмыстарға жұмсалған шығыстар 3770,0 мың       теңгені құрады. Соның ішінде бала-бақша ғимаратын дезинфекциялау – 130 мың теңге, өртке қарсы жүйеге техникалық қызмет көрсету-176 мың теңге, мекеме қызметкерлерін кезекті медициналық көрсетуден өткізу-130мың теңге, мекемедегі офистік техникаларды ағымдағы жөндеу жұмыстары және картридждерінің бояуын толтыру-342 мың теңге, банктің қаржылық қызметтері үшін-61 мың теңге, қызметкерлерді өртке қарсы оқыту-166 мың теңге, өрт сөндіргіштерді қайта толтыру-18 мың теңге, ғимарат шатырындағы ағаш құрылымдарын өртке қарсы өңдеу-130 мың теңге, бағдарламалармен  жабдықтау қызметтеріне кеңес беру-176 мың теңге, 1С бағдарламасына жыл бойына жаңарту енгізу-198 мың теңге, жылу есептегішіне жыл бойына техникалық қызмет көрсету-90 мың теңге, таразыларды кезекті тексеруден өткізу-15мың теңге, асхана және кір жабдықтарының ағымдағы жөндеу жұмыстары-236 мың теңге, жылыту жүйелеріне, канализация, ыстық су және салқын су жүйелеріне техникалық қызмет көрсету – 348 мың теңге, бейнебақылау жүйелерін орнату қызметтері және жыл бойы техникалық қызмет көрсету(қызметтердің құнына жабдықтарды сатып алу кіреді)- 320 мың теңге, ғимарат ішінде күзетшіге арналған  пластиктен жасалған дүңгіршекті орнату – 115 мың теңге, бағдарламаларды жыл бойына сынақтан өткізу- 176мың теңге, үстел, шкаф және металлдан жасалған қоршауларды жасау және орнату-220 мың теңге, асханаға ауаны салқындатқыш орнату (қызметтердің құнына жабдықтарды сатып алу кіреді)-77 мың теңге, монометрді кезекті тексеруден өткізу- 1 мың теңге, перделердің жиынтығын тігу-117 мың теңге, өртке қарсы жүйелерін жөндеу жұмыстары-306 мың теңге, шамдарды утилизация жасау – 8 мың теңге, су көрсеткіш құралын орнату – 65 мың теңге, жалюздерді әзірлеу және орнату – 89 мың теңге, тұрмыстық қалдықтарды шығару – 60 мың теңге.
№25 бала-бақша меңгерушісі:                             Г.К.Атайбекова 
№25 бала-бақша есепшісі:                                    М.У.Уркимбаева

 

 

Категория: Информация

 

КММ "№25 Санаториялық балабақшасымен" танысу

Автор: admin от 17-11-2015, 23:51, посмотрело: 486


 

 

КММ «№25 Санаториялық бөбекжай- балабақшасы»

 

«№25 Санаториялық бөбекжай балабақшасы КММ 1981 жылы құрылып, жұмыс істеуге берілген. Типтік  –  2 қабатты ғимарат. 2002 жылдан бері тубвиражды бағытта жұмыс істейді. Балабақшаға қабылдау: тубдиспансердің дәрігер-фтизиатрлары мен  Қалалық Білім беру департаментінің жолдамасымен жүзеге асырылады.

 Балалар денсаулығына байланысты  6 ай, 1 жыл, одан да ұзақ мерзімге  келеді. Балабақшаға балалар фтизиатр-дәрігердің   жолдамасымен жыл бойы  жіберіледі.

Балабақшада балалардың тәрбиеленуі мен білім алуы үщін барлық жағдай жасалған. Балалабақшаның мемлекеттік тіркеу рұқсаты мен жер телімін пайдалауға байланысты актісі бар.

Балабақшада музыка залы мен спорт залы кіріктірілген:техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген (магнитофон, проигрыватель, муз. орталық, теледидар, интерактивті тақта, компьютер, «Ямаха»), спорттық құралдар (доптар,секіргіш жіптер, құрсаулар, гимнастика-лық таяқшалар,кеглдер,канат,шведқабырғасы т.б.бар)

Асхана арнаулы технологиялық құралдармен жабдықталған, ол санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келеді.

Балабақшадағы медициналық қызмет: емделу әр балаға  арнайы дәрігер бекіткен диагноз  бойынша жүргізіледі.

Тамақтануды ұйымдастыру: күніне 6 мезгіл.

Мекен - жайымыз: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 1- ықшам ауданы, 64 "А" үй.

Тел: 2-76 14 03


 

 

Категория: О детском саде

 

КММ "№25 Санаториялық балабақшасы"

Автор: admin от 17-11-2015, 23:42, посмотрело: 21054

134

 

 

КММ "№25 Санаториялық бөбекжай-

 

балабақшасына" шақырамыз! 

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.

Біздің балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.

Біздің балабақша 1-3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы, 3-5 жасқа дейінгі балаларға арналған «Зерек бала»  бағдарламасы, 5-6 жасқа дейінгі балаларға арналған «Біз мектепке барамыз»  бағдарламаларымен жұмыс жасайды.

Категория: Информация

 
 
 
 
Назад Вперед