» Материалы за Октябрь 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Ата-аналарға арналған ақпарат

Автор: dedsad2761403 от 8-10-2018, 02:49, посмотрело: 11

0

 Кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы

   Сенсорлық даму балалардың ерте жастағы жалпы дамуының негізін құрайтын басты бөлігі болып табылады.

Сенсорика бойынша жүргізілетін сабақтар баланың даму үдерісіндегі сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, қоршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп сезінуіне бағытталған.

   Баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:

-         Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;

-         Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған былықты көрсетулерін ретке келтіру;

-         Байқағыштығын дамытады;

-         Шынайы өмірге дайындайды;

-         Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;

-         Қиялдың дамуына негіз болып табылады;

-         Зейінін дамытады;

-         Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;

-         сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді;

-         оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;

-         баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;.

-         көру, есту, бейнелі және т.б есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді;

Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық қабылдауын қамтиды, бір жағынан олар ойнаушылар әрекетінің жас ерекшелігін, адамгершілік уәждерін, екінші жағынан – еріктілік қағидасын, өзі таңдау құқығын, жеке даралығын көрсетуді ескереді. Күнделікті өмірде бала әртүрлі пішінді бояуларды кездестіреді – бұл оның жақсы көретін ойыншықтарымен қоршаған ортадағы заттар. Көркем туындыларды – сурет, мүсіндерді көреді және ән тыңдайды, бірақ осы білімді игеру үлкендердің көмегінсіз, табиғи түрде жүргізіледі. Осы жерде көмекке сенсорлық тәрбие келеді, дәйекті және жоспарлы түрде балаларды адамның сенсорлы мәдениетімен таныстырады.
   Әр жастың сенсорлық тәрбие алдында өзіндік міндеттері бар. Ерте жастан-ақ түс,пішін, мөлшер туралы ой елестері көбейе түседі.  Осы ой елестерінің әр түрлі болуы өте маңызды. Бұл баланы түрлі сапалы түс спектрларымен, геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш,үшбұрыш, дөңгелек, текше, кірпіштермен таныстыру керектігін білдіреді.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту, көру, сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді, өлшемді анықтау. Түсіну және де сөйлегенде  көлем мен пішін атауларын қолдану. Орта мектеп жасына дейінгі  уақыт аралығында балаларда сенсорлық кезеңдер қалыптасады – сөйлегенде түс , геометриялық фигуралар, бірнеше заттар арасындағы көлем арақатынасы туралы тұрақты, бекітілген ойлар пайда болады.Үлгі-нұсқаның  қалыптасуымен бірге балаларға заттарды тексеру тәсілін үйрету керек: оларды  түс, үлгі-нұсқа айналасындағы пішіндер бойынша топтастыруға, одан да қиын іс-әрекеттерді орындауға үйрету қажет. Басты міндеттердің қатарына  балалардың аналитикалық қабылдауын дамытуда міндетті түрде түстерді сәйкестендірудегі, заттардың пішіндерін жіктеудегі, жеке көлемдерді ерекшелеудегі икемділігі жатқызылады.Мектепке дейінгі ересек  жас аралығындасауаттылықты  меңгеруде фонематикалық есту, дәлірек айтатын болса әр түрлі  сөйлеу дыбыстары мен әріптердің пішінделуін әрқилы қабылдау үлкен рөл атқарады. Сенсорлық дамудың төмен деңгейде болуы, баланың мектепте ойдағыдай оқу мүмкіндігін өте төменгі сатыға түсіріп тастайды.

 

Категория: Родителям

 

Ата-аналарға арналған кеңес!

Автор: dedsad2761403 от 8-10-2018, 02:34, посмотрело: 10

0

« Алғашқы ұстаз — ата-ана

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.

Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Өз балаңызды ол басқаларға ұқсамайтындығы үшін аямаңыз. Балаңызға махаббатыңыз бен зейініңізді силаңыз, алайда жанұяның басқа да мүшелерін ұмытпаңыздар.

Қандай жағдай болмасын өз балаңыз туралы жағымды  түсісінікте болыңыз. Балаңызды міндеттер мен мәселелерден алшақтатпаңыз. Барлық мәселелерді бірге шешіңіздер.

Әрекеттер мен мәселелерді шешуде бала дербестігін дамытыңыз. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен әрекет қылықтарыңызды қадағалаңыз. Бала сізді мақтан тұту керек. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, теледидар да, радио да сіздің орныңызды баса алмайды. Балаңыздың құрдастарымен қарым-қатынасын шектемеңіз. Баласы бар отбасылармен араласыңыздар. Өз тәжірибелеріңізбен алмасыңыздар. Балаларыңыз өсіп, жеке өмір сүретін кез келетіні естеріңізде болсын. Оны болашақ өмірге дайындаңыздар, ол туралы әңгімелесіңіз.

 

Құрметті ата-аналар сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-қатынас құруға арналған10 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз!

1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз қалағандай болып өсуін күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға көмектесіңіз.

2.Баладан оған жасаған барлық жақсылықтарыңыздың өтемін талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол сіздерге қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы үшінсісіне өмір сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық заңы.

3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін өз реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не ексең, соны орасың».

4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар, өйткені өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі жоқ.

5.Қорлық-зомбылық көрсетпеңіз.

6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол оның балалармен кездесуі екендігін ұмытпаңыздар.

7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз, өз-өзіңізді босқа қинамаңыз.

8. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы емес. Ол сіздің қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі, өміріңіздің жалғасы.

9. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да өз балаңыздай көріп, ешқашан оған жамандық істемеңіз.

10. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы болмағыш, үлкен болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната отырып – қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге болатын МЕЙРАМ! 

 

Глен ГРИФФИН 

 

 

Категория: Родителям