Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналарға арналған кеңес!

Автор: dedsad2761403 от 8-10-2018, 02:34, посмотрело: 16

0

« Алғашқы ұстаз — ата-ана

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.

Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Өз балаңызды ол басқаларға ұқсамайтындығы үшін аямаңыз. Балаңызға махаббатыңыз бен зейініңізді силаңыз, алайда жанұяның басқа да мүшелерін ұмытпаңыздар.

Қандай жағдай болмасын өз балаңыз туралы жағымды  түсісінікте болыңыз. Балаңызды міндеттер мен мәселелерден алшақтатпаңыз. Барлық мәселелерді бірге шешіңіздер.

Әрекеттер мен мәселелерді шешуде бала дербестігін дамытыңыз. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен әрекет қылықтарыңызды қадағалаңыз. Бала сізді мақтан тұту керек. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, теледидар да, радио да сіздің орныңызды баса алмайды. Балаңыздың құрдастарымен қарым-қатынасын шектемеңіз. Баласы бар отбасылармен араласыңыздар. Өз тәжірибелеріңізбен алмасыңыздар. Балаларыңыз өсіп, жеке өмір сүретін кез келетіні естеріңізде болсын. Оны болашақ өмірге дайындаңыздар, ол туралы әңгімелесіңіз.

 

Құрметті ата-аналар сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-қатынас құруға арналған10 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз!

1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз қалағандай болып өсуін күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға көмектесіңіз.

2.Баладан оған жасаған барлық жақсылықтарыңыздың өтемін талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол сіздерге қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы үшінсісіне өмір сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық заңы.

3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін өз реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не ексең, соны орасың».

4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар, өйткені өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі жоқ.

5.Қорлық-зомбылық көрсетпеңіз.

6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол оның балалармен кездесуі екендігін ұмытпаңыздар.

7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз, өз-өзіңізді босқа қинамаңыз.

8. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы емес. Ол сіздің қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі, өміріңіздің жалғасы.

9. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да өз балаңыздай көріп, ешқашан оған жамандық істемеңіз.

10. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы болмағыш, үлкен болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната отырып – қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге болатын МЕЙРАМ! 

 

Глен ГРИФФИН 

 

 

Категория: Родителям

 
 
 

Ата-аналарға арналған кеңес!

Автор: dedsad2761403 от 23-08-2018, 13:46, посмотрело: 10

0

Ата-аналарға кеңес!

 

1. Баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты сұрақтарға психологтан ақыл-кеңес алыңыз.

2. Баланы балабақшаға тек қана дені сау күйінде жіберіңіз.

3. Салалық дәрігерден алдын-ала біліп алыңыз: балаңызға бейімделудің қандай түрі жағымды, егерде бейімделу қиындау болса, онда уақытында барлық жағдайды жасаңыз.

4. Баланың туғаннан бейімделу механизмінің жүйесін жаттықтырыңыз. Баланы тосын жағдайларда қимыл-әрекетін өзгерте білуге үйретіңіз.

5. Балабақшадағы күн тәртібіндегі жаңа сәтін алдын-ала біліп алып, оларды үйдегі күн тәртібіне кіргізіңіз.

6. Сізді толғандырып жүрген балабақшаға байланысты мәселелерді баланың көзінше талқыламауға тырысыңыз.

7. Өз уақытыңызды былай жоспарлаңыз: баланың балабақшаға қатысуының алғашқы айында сіз балаңызды күні бойға қалдырмауға жағдай жасаңыз.

8. Баланы өзі жақын арада келетін топтың балаларымен және тәрбиешілерімен ертерек таныстырыңыз.

9. Үйде баланы өзіне-өзі қызмет етуге қажетті барлық дағдыларға үйретіңіз.

10. Сіздің балаңыз бәрінен бұрын сізге қымбатты және сүйікті екенін ұмытпаңыз!

Категория: Родителям

 
 
 

Ата- аналарға арналға кеңес

Автор: dedsad2761403 от 4-07-2018, 02:12, посмотрело: 54

0

Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық, этикалық тәрбие беру 

Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу – біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз.

Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.

Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.

Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады. 
Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады.

Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, алмынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады. 

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысындағы мәселелердің бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер балабақша қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан балалардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.

Балабақша тәрбиешілері  эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.

Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы  бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы,  бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.

Баланың  эстетикалық  мәдениеті  және  белсенділігі  тұтас  педагогикалық  процесте  дамиды.  Сондықтан  оның  барлық  еңбегі, демалысы  эстетикалық  бағытта  тиімді  ұйымдастырылса,  ол  өз  өміріне  әдемілік  элементтерін  енгізе  алады.

Эстетикалық тәрбие жайлы көптеген ғалымдар өз ойларын , пікірлерін қалдырып кеткен болатын, солардың бірі: В.Н.Шацкаяның «Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі» атты кітабы балаалрға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта баланың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған: 
- көркем өнерге, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу; 
- құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді: талғамдар балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту; 
- баланың көркемдік қабілетін дамыту, білімнің іскерлігін қалыптастыру.

А.И.Буров «Эстетикалық тәрбиенің жүйесі мәселелері» атты мақаласында балаларға эстетикалық білім бере отырып, тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші тарапынан танып-білуге тиісті үш бағыт ұсынады: 
1. тәрбиешіде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу-тәрбие материалдары болуы. 
2. эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескертіп, эстетикалық тәрбие қортындысын бағдарламалай     білу. 
3. осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, оқу-әдістемелік құралдардың анықтамаларын жасау.

Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығы және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді.

Тәрбиеші суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды. 
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет. 
Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Сонымен, бала күнделікті үйде, балабақшада, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан 2030» жолдауы.

2.Меңжанова А.К. Балаларды көркем шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу – Алматы: Рауан, 1991.

3. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика  – Астана, 2000.

4. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика – Алматы,1982.

5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы - Астана, 2004.

 

 

 

Категория: Родителям

 
 
 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine