Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 
 
 

"№25 Санаториялық бөбекжай-балабақша" КММ Алтын күзге арналған Ертеңгілік!

Автор: dedsad2761403 от 12-11-2017, 22:58, посмотрело: 154

0 Балалар залға жапрактар ритмикалык кимылмен кіреді.
 
Жүргізуші: Думан толы асқарлы,
                      Күз мезгілі басталды.
                      Күз әуені кеп жетті,
                      Әнге бөлеп жастарды.
                      Нұрға бөлеп өмірді,
                      Жырға бөлеп көңілді.
                      Жарқыраған сәулелі
                      Күз гүлдері төгілді.
 
Құрметті қонақтар, күз мезгіліне арналған той-думанға қош келіңіздер! Сіздердің естеріңізде болар, күзгі мерекелерде  түрлі-түсті ғажайып астра гүлін бір-біріне сыйға тартушы едік. Көптеген адамдар, әсіресе, ақындар  астра гүлдерін аспандағы жұлдыздарға теңейді.
  ЖЕР бетінде өзінің алуан түрлілігімен көз нұрын алып жаныңа медеу сыйлайды. Ал, балалар- өмір гүлі және балабақшаның жарқыраған жұлдыздары!
Ендеше, аса бір ілтипатпен біздің  балақайларды қарсы алыңыздар!
(ортаға балалар шығады .Ұл балалрдың омыраунда  жұлдызшалар ал, қыздардың омырауларында астра гүлдері қадалған. Балалар тақпақ айтады
Тақпақтар:
Ән: «Алтын күз»
(ат тұяғының дүбірі естіледі , ортаға Күз ханшайымның шабарманы кіреді.)
Шабарман:Сәлем, достар! Ерте тұрдым, осы тойға асықтым! Мен кім болам?
Мен күз шабарманымын! Сендерге хабарлаймын,, Қуанышты жаңалық!
(себеттегі оралған қағазды ашып жаңалығымен бөлісе бастайды.)
-Құрметті менің достарым!  Жуырда сендермен қауышатын боламын! Ал, әзірше сендерге іші толы ойын- сауық пен тапсырмалары бар себетті беріп жібердім. Сәлеммен Күз ханшайымы!
Жүргізуші: Тамаша ! (Шабарманға қарайды )Қымбатты достым, шынымен де өте қуанышты хабар! Жақсы, күз ханшайымының көңілді сыйын қабыл аламыз. Ал енді, біздің  де биімізді қабылда.
Би «Жұлдыздар» (ұлдар )
(Балалар тақпақтарын айтады )
Шабарман: Тамаша, керемет! Өнерлерің үшін мына сиқырлы астра гүлін қабыл алыңдар! Мүмкін, сендер білерсіңдер, astron-деген грек сөзін аударсақ «жұлдыз »- деген ұғымды береді. Бұл гүлді астра деп атаған себебі олардың күлшелері көп әрі үшкір. Аспан жұлдызшаларының  шапағындай үп- үшкір. (жүргізушіге астра гүлін ұсынады.)
Жүргізуші: Ой, астра ! Күз мезгілінің хабаршысы! Біз жуырда ғана астра гүлін еске алған едік! Бұл гүлді балалар  өте ұнатады. Ендеше біздің қыздар астра гүлін билеп берсін.
Би «Астра  гүл»  (қыздар )
Шабарман: Тамаша ! Сендер  өте сүйкімдісіңдер. Сол үшін мына күзгі жұлдыздай жарқыраған астра гүлдерін сыйға тартамын! (Гүл сыйлайды)
Күз ханшайымы тағы да не сыйлаған екен, көрейк. (Себеттің ішінен хат алып шығады).
Жұмбақтар. Ол жұмбақ жасырғанды қатты ұнатады!
Жүргізуші:Тамаша, біз жұмбақтарды қуана шешетін боламыз! Дұрыс па, балалар?
Балалар:Ия!
Шабарман: Ендеше , мына жұмбақтарды алыңыз!
1.Төрт аяқты, мың таяқты (Кірпі)
2. Ақ түсті, Көк түсті , Тот түсті- Төрт түсті жер үсті.(Қыс, көктем, жаз, күз )
3.Көзіңе көрінбейді, Қаңғуға ерінбейді.Шалғынды жапырады, Жол бойын сыпырады.(Жел)
4. Қар астында қыстағаны, Жасыл бөрік тыстағаны.(Күздің егіні)
Шабарман:Тамаша , жарайсындар! Жұмбақты дұрыс шешкендерің үшін мына кітапты сыйға тартамын! Зейіндеріңді ашсын!!! (кітап сыйайды )
(Күз ханшайым кіреді)
 Күз ханшайымы:  Сәлеметсіздер ме, достарым! Сіздерге асыға жеттім.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол- сәніміз
Туған өлке табиғатын аялап
Ұсынайық жүрек үнін бәріміз, -дегендей,
сендер өте мейрімді жандар екенсіңдер. Сендердің жадыраған жүздеріңе риза болып тұрмын. Өте көнілді балақайлар екесіңдер. Ендеше ойын ойнайық .
Ойын :
( балалар ойын ойнайды  .Ойын аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
1- бала:Тоқтандар, тоқтаңдар!
  Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
2- бала:Енді, енді не істейміз?!
(Құлаған баланың  атын атайды) қалай көмектесеміз?
3-бала:Сабыр сақта, саспайық,
Дәрігер шақырайық!
1- бала:Жоқ-жоқ! Дәрігер керек емес!
              Қазір өзім тұрамын тез!
4-бала:Онда дәрі ішіп ал,
             Менде міне, көп дәрі бар!
5-бала: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл- дәлелденген рецепт!
1- бала: Ах! 
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! («Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді. )
Дәрігер: Мені неге шақырдындар;
               Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: (Әдісіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер:Қазір қарап шығайын,
               Неден ауырғанын ұғайын....(фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
А-а-а- деп қане, аузыңды ашшы....(Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол- аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен.
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
1- бала: Енді не істеймін?
Дәрігер:Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс
                  Көп-көп көкніс, жемістер жеуге тырыс!
6- бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой!
Қоймаға қонырау шалайық.
Күз өнімдерін осында алдырайық!
7-бала: Дұрыс айтасыңдар!(Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло!Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
( Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді  «тиеп» алап келеді)
Алма: Мен- алмамын, алмамын
            Таңдандырар бал дәмім.
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Өрік: Мен- өрікпін, өрікпін
          Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да болып тым
Жүзім:Мені бәрі жүзім дер
Бір- бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар- қатар тізілген
Шие: Мен шиемін. Шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр:Мен қиярмын, Сәндімін
Салатардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Асқабақ :Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Картоп: Мен картоппын, картопын
Бір қарасаң- доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қызанақ: Менің атым-қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Ауызын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Жүргізуші:Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Ән «Жемістер мен көкөністер»
 

Категория: Утренники

 
 
 
 
 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine