03
ақпан
2020
«ШЕКСІЗ ТАЛАНТ» ІІ қалалық шығармашылық фестивалі
Алматы қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарының «ШЕКСІЗ ТАЛАНТ» ІІ қалалық шығармашылық фестивалі болып өтті.
Фестиваль мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсібилігі мен мәртебесін көтеруге, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Конкурс аясында "№25 Санаториялық бөбекжай - балабақшасы ұжымының атынан құрылған ансамбль (тәрбиеші Кудеринова А.Ж., Жақсылықова А.Е. және музыка жетекшісі Амангелді А.И.) ұлы ақын Абай Құнанбаевтың - 175 жылдық мерейтойына орай "Желсіз түнде жарық ай" шығармасын жоғарғы деңгейде орындап шықты.