"Қоңырауым күмбірле, қонақтарды қарсы алып" Білім күніне арналған мерекелік іс-шара » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қоңырауым күмбірле, қонақтарды қарсы алып" Білім күніне арналған мерекелік іс-шара
01
қыркүйек
2021

"Қоңырауым күмбірле, қонақтарды қарсы алып" Білім күніне арналған мерекелік іс-шара





Мақсаты: 1. Балаларға Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру; 

2. сахналық мәдениетін қалыптастыру; 

3. мерекелік көңіл-күй сыйлау. 

Персонаждар: Жүргізуші, Білім Ханшасы, Қыран құс, Ұйқыбас.

Атрибуттар: Түрлі-түсті карандаштар, түрлі-түсті қағаздардан жасалған гүлдердің жапырақтары, ленталар, қоңырау.

Барысы:Балабақшаның спорт алаңы мерекеге арналып әсем безендірілген.Түрлі- түсті шарлармен жалаушалар ілінген.Үнтаспадан Бота Бейсенованың «Алғашқы қоңырау»әні ойналып тұр.Алаңда балалар сап түзеп тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер. Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1-қыркүйек. Бұл ата - аналар үшін де, балалар үшін де, тәрбиеші мен ұстаздар үшін де ең қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, сүйікті бала-бақшаларыңда асыр салып ойнап,күліп жүрсіңдер. Білімге талпынған балапан қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

Жүргізуші:-Биіктерге бастайтын асқаралы
 Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
 Мерекеде бәріміз бір дауыспен
 Шырқайық еліміздің әнұранын!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
 
(Әсем әуен естіледі де,ортаға Білім Ханшасы келеді.)

Білім Ханшасы:Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендер қандай көңілдісіңдер,қандай  

                  мерекеге жиналдыңдар?(Балалар жауап береді).Дұрыс айтасыңдар.

                  Мен балалар,оқу-білім ханшасы боламын . 

бүгіннен бастап мектеп, оқу орындарында сабақтар басталды, сендер келіп жүрген балабақшаларыңда да түрлі іс-әрекеттер өтілетін болады.

                                Қабат, қабат  қаттама,

                               Ақылың болса аттама.

Жұмбағымның шешуі не?(Балалар жауап береді.)Байқаймын,өте ақылды балалар   екенсіңдер. Міне менде сендерді білім күнімен құттықтауға келдім, олай болса жылда дәстүрге айналған қоңырауымызды соғып, сыңғырына қуанып, ән-бимен жалғастырайық. /Сөмкесін ашып,ары-бері ақтарып, ыңылдап жылайды/

Менің қоңырауым жоқ, жоғалтып алдым, қайда түсіп қалды екен?/Жылайды/

Жүргізуші:: Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау - жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр еді.  Енді білім Ханшасына қалай көмектессек болады екен?  Мүмкін балабақша туралы ән айтып, көңілін аулап көрерміз?

-Балалар: Әрине!

Ән: «Балабақшам» /Барлық балалар жартылай шеңберде тұрып орындайды/

Жүргізуші: Білім Ханшасы көңіліңіз көтерілді ме?  

Білім Ханшасы: Мен қоңырауды тауып, оның сыңғырлаған дауысын естімей көңілім көтерілмейді.

Әуенмен қанатын жайып шеңберді айналып Қыран құс келеді.

Қыран құс: Сәлеметсіздер ме?! Қазақстан деген бейбіт елде жылаған дауыс естідім, не болып қалды? Мен бейбітшіліктің символы,сендердің достарың Қыран құс боламын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Қыран құс келгеніңіз қандай жақсы болды. Біз бүгін 1 Қыргүйек білім күнін тойлап отырмыз, енді жылда дәстүрге айналған қоңыраудың сыңғырлаған үнін естіп, Білім ханшасы қоңырауды соғайық десек жоғалтып алыпты. Биылғы оқу жылы қоңыраудың сыңғырлаған үнін естімейміз бе деп уайымдап тұрмыз? Сіз бізге көмектесе аласыз ба?

Қыран құс: Әрине көмектесемін. Менің сіздерге бірнеше сұрақтарып бар, менің сұрақтарыма жауап берсеңдер көмектесуге дайынмын. Ал, сендер менің сұрақтарыма жауап беруге дайынсыңдар ма? /Балалардың жауабы/ 

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.

-Біздің елдің туының түсі қандай? Не бейнеленген?

-Біздің Елбасымыз кім?

-Біздің Президетіміз кім?

-Біздің елдің Астанасы?

-Балалар сендер өз еліміз туралы ақпараттарды біледі екенсіңдер. Енді Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына арналған айтар тілектерің бар ма?

Тақпақтар: Ұшқын-Жұлдыз 4 бала /Тәрбиеші баланың деңгейіне қарай береді/

Әуенмен шашы ұйпа-тұйпа Ұйқыбас ұйқысын аша алмай келеді.

Ұйқыбас: ой, не шу мында! Таңатпастан ұйқымды бұздыңдар ғой.

Білім ханшасы: /Асығыс-үсігіс/ Ия, ия! Сен алдың менің қоңырауымды. Сен мектепке барғым келмейді,ұйықтағым келеді деген болатынсың.

Ұйқыбас: /Басын қасып, артқа қарай шегінеді/әй, қой! Мен сені танымаймын! Не деп тұрсыз? Қайдағы қоңырау?

Қыран құс: Ұйқыбас сен алмадым дейсің бе?

Ұйқыбас: Жоқ! Мен алмадым! /Өзіне сенімді сөйлейді/

Қыран құс: Алмағаның рас болса балалармен ойын ойнайсың ба?

Ұйқыбас: Ой, ойын? Ойын деген түкте қызық емес, оданда ұйықтап демалғанып жақсы. Тек сендер шуламаңдар. /Жерге отыра қалып ұйықтағысы келеді/

Қыран құс: онда сен алдың, ойын ойнағың келмей тұр. 

Ұйқыбас: ал, келіңдер! Ойын ойнап сендерді жеңіп, сосын ұйықтармын.

Білім Ханшасы: /Жылайды/ енді қайттім,қоңырауды бүгін соқпасам бәрі кеш болады

Ойын: «Өз түсінді тап»
 Ойынның шарты: Еденге төрт түсті гүлдер қойылады, сол түстес қарындаштар беріледі. Әуенмен билеп жүріп, әуен тоқтағанда өз түсіне сәйкес гүлдің тұсына тұрып үлгеру керек./Қарлығаш-Көгершін ойнайды. Атрибуттарын тәрбиешілер дайындайды/
 
Ойынды ұйқыбаста ойнайды,түстерді таба алмай жүгіріп жүргенде ойынның соңына қарай қалтасынан қоңырау түсіп қалады.

Білім Ханшасы: міне, міне біздің қоңырауымыз. Алақай!

Ұйқыбас: /Басын төмен қаратып,ұялып/ кешіріңдерші мені достар,мен бақшаға барғым келмей, қоңырауды алып қойып едім. Қоңырау соғылмаса мектепте де, бақшада да балалар болмайды және мен тек ұйықтаймын деп ойлап едім.

Қыран құс: сен неге олай ойлайсың? Сенде мына достарың секілді өте ақылды, алғыр бала бола аласың. Ол үшін бала-бақшаға, одан соң мектепке бару керексің. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер, сендер секілді ақылды, батыл балалардың арқасында біз осындай жетістіктерге жеттік. Достар, бір жолға досымызды кешіреміз бе? 

Балалар: Әрине!

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Біздің қатарымызға тағы досымыз қосылды енді досымызға арнап,ортаға алып көңілді достар биін билейік.

Би-флэшмоб: «Әсем әуен» 

Жүргізуші: Шырылдаған тыным алмай
 Қоңыраудың үні қандай!
 Мақсатына жете ме адам
 Оқу оқып, білім алмай?!
 Ғылымның көп тас қамалы
 Ғалымдық та асқаралы
 Бар білімнің нұр бастауы -
 Балабақшадан басталады!
Балалар дайындаған өлең шумақтарын тыңдайық.

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
 Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
 Толқыған жүректер тоғысын
 Толтырып бір арна, бір жырға.


 Шаттықтың үніндей мәңгілік
 Соғылсын қоңырау, соғылсын,
 Қуаныш әніндей жаңғырып
 Жүректер ақ нұрға соғылсын.


Қуаныш бүгін – мереке,
 Шуағын шашып тұр әлем.
 Бақшаға   келген алғашқы,
 Жан досым, саған мың сәлем.


Қоңырау сыңғырла, асыға
 Үн қосқан қиядан асуға
 Білім ал, еңбек ет жас ұлан
 Өрле сен биiк шың басына.


 Қоңырау үні сыңғырлап,
 Естілді жылы жаныма
 Күлкідей әсем сылдырлап
 Бөбекті жиды маңына.

Білім Ханшасы: Жарайсыңдар, достар! Сыңғырлаған қоңыраудың дауысын басқада балаларға соқтырту үшін менде жолға шығайын. Келесі кездескеше сау болыңдар!

Қыран құс: достар,сендер өте ақылды, алғыр, саналы балалар екендеріңді байқап білдім, мен сендердің достарыңмын, қандайда бір көмегім болса,шақырыңдар. Ал, қазір басқа балаларға көмек керек сияқты, жолға шығайын. Сау болыңдар!

Жүргізуші:Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
 Дүбірлі думан басталсын
 Жүректерді ән тербеп
 Шапалақ ұрсын асқар шың.
 - Мінекей, 2021- 2022 оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік. Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзі Балабақшамыздың Меңгерушісі: Нусипова  С.К сөз беріледі.