"Ботақан" тобындағы ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Тазалық- денсаулық кепілі!». Тәрбиеші Бердалиева Т.Е. » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ботақан" тобындағы ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Тазалық- денсаулық кепілі!». Тәрбиеші Бердалиева Т.Е.
24
қараша
2021

"Ботақан" тобындағы ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Тазалық- денсаулық кепілі!». Тәрбиеші Бердалиева Т.Е.



Тақырыбы: «Тазалық- денсаулық кепілі!»

Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға тіс тазалығы туралы, тістің пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.Ойындар арқылы ұсақ маторикасын дамыту. 

Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна, тіс макеті.

Әдіс - тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту, қорыту.


 Барысы:

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздң ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіпті, қане амандасып алайық!

Балалар: Сәлеметсіздер ме! 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын, күнделіктегідей шаттық шеңберімен оқу қызметімізді бастайық!

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар. 


Тәрбиеші: Балалар бүгін біз оқу қызметімізді бастамас бурын мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. 
 Балаларға жұмбақ жасыру
 
Өзі аппақ маржандай
 Тамақ өтпес шайнамай (тіс)

Балалар: тіс

Тәрбиеші: дұрыс, жарайсыңдар, енді тісіміз туралы айтатын болсақ, тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. 

Тәрбиеші:Балалар сіздер тіс тазалайсыздар ма? (ия).

-Тісіміздің түсі қандай? (ақ)

-Тісті немен тазалаймыз? (щетка)

-Тіс ауырмас үшін не істеу керек? (Тәтті жемеу, дәрумендер ішу,  дәрігерге көрсету).

- Балалар тісті жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеу керек, тәтті тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тісіміз мықты болу үшін жеміс, көкөністерді көп жеу керек.Сонымен қатар  балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарын жесек тісіміз мықты болады. 

Тәрбиеші: -балалар біздер мықты екі тілді меңгерген балалармыз, қане тісті орыс тілінде қалай атаймыз?(зуб).

Тосын сәт: есік қағылып, ішке аю жылап келеді:

- Сәлеметсіздер ме балалар, мен аюмын. Маған көмектерің қажет болып тұр, мен тісімді ауртып алдым. 

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, аю! Егер сенің тісің ауырса сен оны күтпеген шығарсың? Ия балалар? (ия).

Аю: Қалай күтемін, мен үнемі бал жеймін, көп бал жеймін. Басқа не істеу керек?

Тәрбиеші: Ол арине тіс ауырмау үшін жеткіліксіз, бірақ сен мұңайма біздің балалар сені тісті күту ережесімен таныстырып, қалай дұрыс тазалауды көрсетеді.

Аю: онда жақсы болды ғой.

Тәрбиеші: аю сен тамақтан соң тісіңді сумен шайқайсың ба? 

Аю: жоқ, мен шайқау білмеймін.

Тәрбиеші: Оның дұрыс емес, кез келген тамақты жеген соң міндетті түрде тіс шайқау керек. Ол үшін қане аюға тіс шайқау жаттығуын жасау арқылы үйретейік.

Тыныс алу жаттығуы.

(балалар ауыздарына ауа толтырып тістерін шайқаған болып елестетеды).Аю қайталап жасайды).


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді аю үнемі тісіңді шайқап жүр, енді айтшы аю сен тісіңнің мықты болуы үшін пайдалы тағамдар жейсің бе? 

Аю: білмеймін, мен балдан басқа ешнарсе жемеймін.

Тәрбиеші: балда зиянды емес, бірақ оны көп жеуге болмайды, онымен қоса түрлі жемістер, балық, ірімшік жеу керек. Қане біз саған келесі ойын арқылы ненің пайдалы ненің зиян екенін көрсетіп берейік. 

Қимылды ойын « Тағамдар»

(балалар жердегі жеміс жидектерді (алма, алмұрт) бір бөлек  зиянды тағамдарды (чипсы, кола, кириешки, шоколад) бір бөлек жинайды).

Тәрбиеші: міне аю, көрдің бе біздің балалар пайдалы тағамдарды өте жақсы танып біледі. Сен де үйреніп ал.

Аю: жарайды.

Тәрбиеші: Ең бастысы аю сен тісіңді жуасың ба?

Аю:жоқ. Ол қалай? Мен білмеймін

Тәрбиеші: қалайша? Олай болмайды міндетті түрде күніне екі мезгіл тісті жуу керек. Аюға тісті жууды үйретеміз бе? (ия).

Тәрбиеші: онда тағы да бір ойын ойнайық. Ол үшін мен сендерге кішкентай қонжықтарды беремін, қане солардың тістерін шайып көрсетеміз. (балалар берілген үлгідегі тістердегі дақтарды щеткамен тазалайды).

Аю: мен үйрендім,енді үнемі тісімді жуып жүремін.

Бой сергіту.

Аю: балалар, менің көңілім көтеріліп қалды, қане енді күш жинап менің әнімді айтып, жаттығып алайық, қане ортаға келіңдер! (әуен ырғағымен жаттығу жасайды).


Тәрбиеші: Ал аю сен білесің бе, тісті жумасаң  тісте нелер пайда болатынын? (жоқ), балалар сендер білесіңдер ме?

Балалар: микробтар

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, қане бүгін біз аюға тіс тазаламағанда пайда болатын микробтарды көрсетейік. Бірақ алдымен көзімізді жаттықтырып, лайық, себебі микробтарды жақсы көруіміз керек.

Көзге арналған жаттығу:

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

Тез арадакөздіашып – жұму;

Көздердісолжақастыңғыбұрыштан, оңжақүстіңгібұрышқақарату. Дәлсолайбірақендікерісіншежасау.

Әр бір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.

Ол үшін бері келіп  берілген микробтардың көздерін, тістерін, мұрындарын орнына қойып құрастырайық. 

Ойын «Микробтар»

Берілген дидактикалық көрнекілік арқылы ойын ойналады(балалар слайм тақта арқылы берілген микробтарды құрастырады).

Тәрбиеші: жарайсыңдар, аю сен микробтарды көрдің, тісіңе осындай микробтар кіріп кетпес үшін үнемі тазалап жүр!

Аю: балалар сендерге көп рахмет, көп нарсе үйрендім, тісімді күтіп жүремін алдағы уақытта! Енді орманға қайтайын, сендерге сыйлықтарым бар, қабыл алыңдар! Сау болыңдар!

Тәрбиеші, балалар: Сау бол!

Тәрбиеші: балалар, сендер бүгін не туралы білдіңдер? (тіс)

-Тісті қалай күту керек? (шайқау, тазалау)

-Тәтті көп жеуге бола ма? (жоқ)

-Қандай тағамдар жеу керек? (жемістер, балық).

Тәрбиеші: жарайсыңдар, бүгін өздеріңді жақсы көрсеттіңдер, енді оқу қызметімізді аяқталды, қонақтармен қоштасайық!

Балалар: Сау болыңыздар!