Мектепалды даярлық "Жұлдыз" тобының «Су асты патшалығына саяхат» ашық оқу қызметі. Жкмабаева Г.Н. » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепалды даярлық "Жұлдыз" тобының «Су асты патшалығына саяхат» ашық оқу қызметі. Жкмабаева Г.Н.
27
желтоқсан
2021

Мектепалды даярлық "Жұлдыз" тобының «Су асты патшалығына саяхат» ашық оқу қызметі. Жкмабаева Г.Н.






Білім беру саласы: «Шығармашылық» «Қатынас» «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: сурет салу

Тақырыбы: «Су асты патшалығына саяхат»

Мақсаты: Судың қасиетімен таныстыру, балаларға балық, су асты тіршілігі туралы түсінік беру, ойлауға, есте сақтауға үйрету. Тәжірибелік жұмыс барысында бақылау, зерттеу. Дәстүрден тыс бейнелеу әдісін қолдана отырып, ұсақ қол моторикасын жаттықтыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың бейнелеуге қызығушылығын арттыру, табиғатқа деген эстетикалық және қамқорлық таныта білуге тәрбиелеу.

Билингвальді компанент: су - вода, балық – рыба, ғаламшар - глобус

Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Қызығушылығын ояту кезеңі

 - Балалар, біздің топқа қонақтар келді, өзіміздің әдепті ұғымтал балалар екенімізді көрсетейік.

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз

Ақтілекті жолдайық!

- Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы күн қонақтар,

Қайырлы күн достарым!

-Балалар қазір бізде жылдың қай мезгілі?

Балалар: қыс мезгілі.

-Дұрыс айтасыңдар!

(музыка ойнайды тамшы кіреді)

Тамшы қыз кіреді: Сәлеметсіздер ме, балалар!                                                                                                                                                                              Балалар орындарында тұрады.

Сәлемдеседі.

Тамшы: Мен Тамшы қызбын мен сендерді «Су асты патшалығына» саяхатқа шақырамын , мен өзіммен бірге сиқырлы сандықты ала келдім, бүгін не туралы білгілерің келсе, жұмбақтың шешімінен біле аласыңдар. Сонымен қатар су патшалығының сендерге арналған сыйлығы да бар, ол сыйлықты алу үшін әр аралдағы тапсырмаларды бұлжытпай орындауларың қажет. Ал мен кеттім, сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Балалар сандықтың ішінде не жасырылғанын білу үшін мына жұмбақтарды шешу керек екен, олай болса мені мұқият тыңдаңдар.

1. Суда өседі, өнеді, құрғақта өмір сүрмейді.

Балық - рыба

2. Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен.

Су - вода

Балалар сөздерді айтып, қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі 

- Жарайсыңдар, сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз «Су асты патшалығына саяхат».

Балалар теңізде саяхатқа шығу үшін қандай көлік түрімен шыққан дұрыс?

Балалар: су көліктерімен.

Тәрбиеші:Қандай су көліктерін білесіңдер?

Балалар: қайық,кеме, дережавль,сүңгуір қайық, катамаран.

Тәрбиеші:Ал, біз қандай көлік түрімен барамыз,біз қайыққа сыймаймыз.

Балалар: Кемемен барған ыңғайлы болмақ. 

Тәрбиеші: Балалар кемені жүргізетін адамды кім деп айтамыз?

Балалар: кеме жүргізушіні капитан деп атаймыз.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, арамыздан бір капитанды сайлап алайық.  Олай болса, кемеге отырып саяхатымызды бастайық. 

(кемеге отыру, кеме капитанын сайлау, капитанға руль беру)

Біз қай жерге келдік?

  1- арал  «Ғылыми орталық»

Тәрбиеші:Балалар, ғылым орталығына қош келдіңіздер!

Ой, балалар қараңдар менің білуімше бұл жердегі заттармен суға тәжірибе жасау керек сияқты. Қараңдар, бұл не деп ойлайсыңдар?   

 Балалар, мына менің қолымда ғаламшар бар. Ғаламшардың орысшасы – глобус. Ғаламшар – жердің макеті. 

Ол қандай денеге ұқсайды? 

Балалар: шарға ұқсайды.

Тәрбиеші:Қане, бәрің үстап, бақылап таныс болыңдар.

- Ғаламшарда қандай түс көп?

Балалар: көк түс көп.

Тәрбиеші: Көк түс судың өзеннің, көлдің, мұхиттың, теңіздердің түсі. Су адамға және жануарларға, өсімдіктерге керек.Егер су болмаса тіршілік болуы мүмкін емес.

Суда улы зат пен тұз көп. Тұзды суды ішуге бола ма?

Ал судың қасиеттерін білу үшін біз суды зерттеп көрейік.

1 - тәжірибе: Судың түсі бар ма?

Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі, ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды.

- Ия, балалар «су мөлдір». Судың түсін тек бояулар арқылы өзгертуге болады. Оны сіздер сурет оқу іс - әрекеттерінде көріп жүрсіңдер.

2 - тәжірибе: Судың пішіні бола ма?

Суды бір ыдыстан пішіні басқа ыдысқа құю. Не өзгерді ма?

3 - тәжірибе: Судың иісі бола ма?

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді. Лимон қосылған суды иіскеу.

4 - тәжірибе: Мұз – қатты су.

Балалар ыдысқа салынған мұздың ерігенін бақылайды.

5 - тәжірибе: Су сұйық, сондықтан ағады.

Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей - шашпай құюды ұсынамыз. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық. Егер ол сұйық болмаса өзендерден, краннан аға алмас еді.

6 - тәжірибе: Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді.

Суы бар екі стақан алып біреуіне құм салып, қасықпен араластырып көреді.

Құм еріді ме?

Екінші стақанға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стақандағы еріді?

- Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік. Су туралы кім мақал а қайталап жіберейікші.

Жарайсыңдар балалар! Суды үнемдеп қолдану керек. Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

(кемеге отырады, слайд, музыка дүрбімен жан жақтарына қарайды)

2-аялдама «Жер асты мекен етушілермен танысу көрмесі»  

 Келесі аралға да жеткен сияқтымыз, бұл жерде бізді тағы қандай қызықтар күтіп тұр екен. Ой, балалар қараңдар бұл жерде су астында мекен етушілердің суреттерімен көрме жасап қойған сияқты, осы сәтті пайдаланып мен сендердің балықтар туралы білімдеріңді тексеріп көрейін. 

- Балықтар туралы не білеміз?

Қандай балық түрлерін білесіңдер?

Балықтың құрылысы қандай?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар,су астында мекен ететін жануарлардың арасында адамға қауіп төнгізетін жыртқышы да болады. Балалар балықтардың адамдарға қандай пайдасы бар?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші: Ия, балықы адамдар жейді, себебі балықта көзіміздің жақсы көруіне көмектесетін дәрумендер бар. Қане балалар ойын ойнап, бір сергіп алайық.

Ойын: «Балықтар»

Ойын барысы:Балықтың түсіне сай түстердің үстімен жүріп, тиісті текшеге орналастыру.

Мақсаты: Балалардың түстерді дұрыс ажырата білуін пысықтау, сандарды ретімен орналастыра білуге үйрету.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Түстерді, сандарды жақсы біледі екенсіңдер.

Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

(кемеге отыру, слайд, музыка)

3-арал. «Су асты патшалығына тәжірибе»

Тәрбиеші: Балалар бұл аралда да сендерге тәжірибе жасап көруге тапсырмалар бар сияқты.

Олай болса қане қандай жұмысқа кірісейік.

Алдымен файылға, маркердің көмегімен балықтардың суретін саламыз. Енді файлға қара түсті картонды саламыз. Балықтарың көрініп тұр ма?

Балалар: жоқ

Тәрбиеші: Ал балалар неге бұндай тәжірибе жасауымызды бұйырғанын енді түсіндім, себебі су асты өте қараңғы, адамдар судың терең жағына қарай түскенде өздерімен бірге жарық беретін шамдар ала түседі. Біз өзіміздің салған балықтарымыз анық кқріну үшін жарық жасайық , ол үшін ақ картондағы сызық бойымен қиып аламыз. Балалар ақ картондағы қиып алғанымыз неге ұқсады?

Балалар: жарық беретін шамға

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Енді файлды ашып қара картонның үстіне қояйық, балықтарымыз көрінді ме?

Балалар: Ия жарықтың көмегімен көрінді. 

Тәрбиеші: Міне, балалар су астына түскенде өзімізбен бірге жарық ала баруымыз керек екен. 

Тәрбиеші: Балалар біз біраз тапсырмалар орындадық, келесі аялдама бізде су астына саяхат. Су астына саяхаттау үшін, қауіпсіздік ережесімен таныс болайық, судың астында балықтар еркін тыныс алады, ал адамдар судың астында ұзақ жүре алады ма?

Балалар: жоқ, су астында адамдар ұзақ шыдай алмайды.

Тәрбиеші: Міне сол үшін бізге оттегі толтырылған балондар қажет. Бұл аралда біздің қауііпсіздігіміз үшін балондар дайындап қойыпты. Балонды арқамызға тағып алайық.

Тағы не қажет бізге?

Балалар: жарық шамдар.

Тәрбиеші: Ия, дұрыс балалар, бізге жарық шамдар қажет.

Саяхатымызды ары қарай жал,астырайық.

(балалардың арқасына балондар тағыладығ қолдарына жарық шамдар беріледі, кемеге отырады, слайд, музыка)

4-арал: «Су асты патшалығы»

Тәрбиеші: Балалар қандай әдемі жер мына суға түсіп «Су асты патшалығын» бізде тамашалайық. Оттегі толған балонымыз бар, қолымыздағы жарықты жағып дайындалайық.Қане, көзімізді жұмайық, бір, екі, үш дегенде суға бірден түсеміз.

(балалар көздерін жұмады, светтерді өшіру, шторды жабу)

Тәрбиеші: Балалар қараңдар біз су асты патшалығына келдік, жарығымызды түсіріп, жан жағымызға бақылау жасайықшы, қандай су асты жануарларын көріп тұрсыңдар?

Сендерге таныс па? Атап беріңдерші, кім қандай балық түрін көрді?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Қараңдар балалар, Тамшы қыз айтқандай расымен бұл жерде сандық бар екен, оны өзімізбен бірге ала кетейік. Балалар сендерге су асты патшалығы ұнады ма?

Балалар: ия, өте қатты ұнады.                                                                                        Тәрбиеші:Бірақ біз су астында ұзаққа қала алмаймыз. Себебі, оттегіміз таусылып қалуы мүмкін.

Көзімізді жұмайық бір, екі, үш жағаға біз шығайық. Балалар жарығымызды өшірейік.

Жарайсыңдар балалар, енді кемеге отырып, бақшамызға оралайық.

(кемеге отыру, слайд, музыка)

Тәрбиеші: Балалар тобымызға да жеттік, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

Балалар: ия, ұнады.

Тәрбиеші: Бүгінгі саяхатымызда қандай қызықтар болды? Естеріңде қалды ма? 

Балалар: бүгінгі саяхатта судың қасиеттері мен және теңіз асты патшалығымен таныстық. Балықтың түрлерімен, су асты қауіпсіздігімен таныстық. Бізде да балық болса ғой.

Тәрбиеші: Балалар мұңаймаңдар, балықты үй жағдайында да асырауға болады, ол үшін арнайы аквариум қажет, сонымен қатар үлкен күтім де керек. Мысалы: суын тазартып тұру керек, күнделікті балқтарға арналған жем беру керек. Қазір біз сендермен аквариумдағы балықтарға тәжірибе жасап көрейік. Ол үшін бізге, су құйылған баклашка керек, көк түсті бояу және шар керек.

Баклашка қақпағын ашамыз,қылқаламмен көк бояуды саламыз, себебі теңіздің суы қандай түсте болды? 

Балалар: көк түсті.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Қараңдаршы балалар, мына шарларға көздің суреті салынған енді бұл шарды, баклашкаға саламыз, шарды аздап үрлейміз, енді шарды байлаймыз да, судың ішіне жібереміз. Баклашканың аузын мықтап жауып, баклашканы жатқызып бақылау жасаймыз. Міне, балалар енді сендерде де балық бар. Ұнады ма сендерге?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Міне, балалар бүгінгі оқу қызметімізде аяқталуға аз қалды. Сендер не түсіндіңдер су патшалығы туралы.

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгін барлығың оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

Балалар су асты патшалығынан әкелген сандығымызды ашып көрейік, ішінде не бар екен?

Қандай керемет, бұл жерде сендерге арналған сыйлықтар бар екен. Балалар сыйлықтарымыз өте көп екен, келген қонақтарымызға да үлестіріп берейік.

(балалар қонақтарға сыйлық үлестіреді,балаларға сыйлық таратып беру)

Осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: судың үнемді пайдаланудың ережелерін, су жайында мақал - мәтелдер, су асты тіршілігі туралы, дәстүрден тыс әдістерді қолдануды

Қандай түсініктер игерді: судың адам өміріндегі маңызын, оны қорғауды, су асты тіршілігін, судың қасиеттерін, балық түрлерін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғаттың су астындағы сұлулығын, қажетсіз материалдарды қажетіне қарай пайдалануды.