"Шынықсаң шымыр боласың" денсаулық күні. Дуанбаева М.А. » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шынықсаң шымыр боласың" денсаулық күні. Дуанбаева М.А.
24
қаңтар
2022

"Шынықсаң шымыр боласың" денсаулық күні. Дуанбаева М.А.


Эстафеталық жарыс

       Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың!

       Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп,қысқы ойындар мазмұнын      меңгерту .Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп ,таза ауада шынықтыру. Эстафетаға қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.

       Методикалық әдіс:Ойын эстафета,эстафета мазмұны,түсіндіру,үйрету.

       Көрнекіліктер:Шана,аққала,қар,күрек,қар үйінділері,қар кесетін ағаш құралдары.

       Эстефетаның жүру барысы:

       Жүргізуші:Балалар шеңбер бойында бір-бірімізге тілек айтайық.

       Тілек шеңбері

       Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып,бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.

       1.Ауамыз таза болсын!

       2.Денсаулығымыз мықты болсын!

       3.Ойын қызықты болсын!

       4.Жарыс көңілді болсын!

       5.Жеңімпаздар көп болсын!

        Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп,аяқ-қол бұлшық еттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасайды.

        Қозғап барлық денеңді,

        Қолды қатты соқ енді.

        Тақылдатпай таяқты,

         Ақырын бас  аяқты.

       Иықты артқа ысырып,

         Басты төмен саламыз.

        Жаттығу жасап осылай,

         Біз шынығып аламыз.

         Жүргізуші:Балалар,эстафетаға ұпай қойылады,сондықтан ұпай қоятын әділ қазылар алқасынмен таныстырайын.

         Балабақша әдіскері:      Шермаханова Г.Т         Караманова А.А

        Эстафета түрінде өтетін болған соң,балаларды екі топқа бөлеміз.

         Тұлпар тобы және Сұңқар тобы





Ойынның шарттары:

           Ойын № 1 «Жолды қардан тазалау»

          Мазмұны:Балалар қолдарына күрек алып екі жақтан қарсы жүріп,жолды қардан   тазартады.Қай топтың балалары жолды ұзын етіп тазартса сол топ жеңеді.

Ертегі кейіпкерлері қонақта.

         «Үйшік» ертегісіннен Аю келіп балалардан өзі сыйатын үйшік жасап беруін өтінеді.

Ойын №2 «Үйшік жасау»

Мазмұны:Қар кескінділерінен кішкене үй тұрғызу.Қай топ бұрын  болса,сол   топ жеңген    болады.

Ойын №3 «Шанамен жарысу»

Мазмұны: Екі топтың үлкен балалры бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады.Ойынға балалар түгел қатысады.Қай топ бұрын жетеді,сол топ жеңеді.

Жүргізуші: Балалар, біз келесі ойнды ойнамас бұрын  жұмбақ шешейік,сол жұмбақтың   шешуі арқылы келесі ойнымыздың атауын анықтаймыз.

Шелпек қалпақ басында,

          Сәбіз екен танауы.

          Қыста қардан жасалар,

          Тауып көрші сен оны.

                                                  (аққала)

Ойын №4 «Аққала»

Мазмұны:балалар дайын тұрған қардан аққала құрастырады.Оның көзін,мұрнын,аузын жапсырады.Басына телпек кигізіп,қолына сыпырғыш ұстатады.Қай топтың балалары бұрын болса,сол топ жеңеді.


Ойын №5 «Көпір жасау»

Мазмұны:Қар кесінділерін 2 қатар етіп жерге (2 метр ұзындықта)төсеу.Бір бала қарды жерге қойып тұрады,басқалары қарды жалғап,жеткізіп   тұрады.Қай топ бұрын болса, сол топ жеңеді.Ойын соңында балалар шанамен биік қардан төмен қарай сырғанап ойнайды.


Қортынды:

         Жүргізуші: Эстафетаға балалар өте жақсы қатысыңдар.Ал,ендеше әділ қазылар алқасы   әділ бағаларын беріңіздер.Әділ қазылар алқасы балаларды мадақтап,эстафетаны қорытын дылап,балаларды марапаттау үшін қыс кейіпкерлері келіп,сыйлықтар таратып балаларды риза қылады.