«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» республикалық бірыңғай өзін-өзі тану оқу қызметі » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» республикалық бірыңғай өзін-өзі тану оқу қызметі
11
ақпан
2022

«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» республикалық бірыңғай өзін-өзі тану оқу қызметі



2022 жылдың 1-11 ақпаны аралығында республика көлемінде «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбындағы бірыңғай өзін-өзі тану сабағымен қорытындыланатын дәстүрлі өзін-өзі тану онкүндігі өткізіледі. Сабақ Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын дамыту мен ілгерілеуіне жасаған қоғамдық қызметіне арналады.  

Бірыңғай өзін-өзі тану оқу қызметі Сара Алпысқызының туған күніне арналған және балалардың тұлғалық рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына, олардың жалпыдамзаттық құндылықтардың маңыздылығын ұғынып өмірде қолдануға, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тануға бағытталған. 

Оқу қызметі тақырыбы: «Сүйіспеншілік жолындағы өмір»

Өткізу уақыты: «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» атты республикалық бірыңғай өзін-өзі тану  2022 жылдың 11 ақпанында білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде бір уақытта өткізілді.