Психологиялық кеңес "Баланың горшокқа отырудағы физиологиялық және психикалық дайындығын анықтау" » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Психологиялық кеңес "Баланың горшокқа отырудағы физиологиялық және психикалық дайындығын анықтау"
20
шілде
2020

Психологиялық кеңес "Баланың горшокқа отырудағы физиологиялық және психикалық дайындығын анықтау"

Кішкентай нәрестені горшокқа отырғызуға үйрету міндеті табиғаттан берілетін рефлекс жағдайын қалыптастыру болып табылады. Былайша айтқанда, бұл рефлекс баланың ерік-жігеріне  бағынышты болуы тиіс.

Алты айлық баланың горшокқа отыра бастауының әлі де ертелігі туралы пікірлер қалыптасқан: бала не істеу керектігін әсте түсінбеуі ықтимал. Бұл процесті жеделдетуге баланың үйде жөргексіз жүруі және құрғақ киімде болуы көмектесіп жатады. Ақыр аяғында горшокта отырмаса, мұндай жағдайдың орын алмасын ол өзі де түсінетіндей дәрежеге жетеді.

Орташа есеппен алғанда, баланың миының қабылдауы бөліп шығару қызметін бақылауын 2,5-3 жасында қолға алуы мүмкін. Алдын ала баланы горшокқа үйрету үшін сізге осы тақырыптағы оқыту әдістемесіне назар аударған абзал, және де баланың жасы үш жасқа жақындаған кезде бұл анағұрлым нәтижелі болары анық. Әрине, кейбір бала алты айында, ал ендісі бірі бір жарым жасында жетістігін көрсетіп жатады, алайда көбіне екі жасқа дейінгі уақыт аралығында үйретіп, жемісін көру өте қиындау мәселе.

Баланың горшокқа отырудағы физиологиялық және психикалық 

дайындығын анықтау келесі белгілер бойынша анықталады:
 *дымқыл жөргекпен жүрудің теріс көңіл-күй сыйлауы;
 * баланың жест, дауыс, ымыра секілді кез келген қимыл белгілер арқылы дәретке барғысы келетіндігін көрсетуі;
 *өздігінен шешіне білуге қабілеттілігі;
 *бір мезгілде күнделікті дәрет сындыру уақытына үйренуі;
 *әжетханаға кіріп-шығу қабілетінің болуы;
 *1,5-2 сағат көлемінде құрғақ болып жүруі;
 *үлкен дәрет, кіші дәрет ұғымын түсінуі;
 * киімнің кейбір түрлерін және дене мүшелерінің кейбірін білуі.
 Кішкентай сәбиге горшокқа отыруды қалай үйреткен орынды?

Негізгі ережелер:

* Бала горшокқа үйренбей, одан қорқатын кездері болады.  Сондықтан оның үстінде баланы ұзақ уақыт ұстап отыруға болмайды. Бала қарсылық танытқан кезде, әрі қарай қинамай, жібере салу керек. Бұл тек қана горшокқа деген теріс түсініктің қалыптасуына түрткі болары сөзсіз;

* горшок баланың көз алдында болғаны дұрыс. Балаға міндетті түрде ұйықтағанға дейін және кейін, қыдырардың алдында және одан кейін, тамақ ішердің алдында және кейін горшокқа отыруды ұсынып отырыңыз;

* егер баланы горшокқа отырғызғанда, ештеңе болмаса да, оған ұрыспау басты шарт болып табылады. Ең бастысы шыдамдылық екенін ұмытпаңыз;

* балада бәрі орындалса, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз.

Баланы горшокқа үйретудегі кейбір тәжірибелік кеңестер:

– баланы горшокқа отырғызған кезде, ваннаның суын ағызып қоюды да ұмытпаңыз. Ережеге сәйкес, судың сылдыры баланың кіші дәретке отыруына мүмкіндік беруі ықтимал;

– кейде бала горшокта ұзақ отырып, дәрет сындырмай, әрі қарай тұрып жүгіріп кетуі мүмкін. Сосын бұтына жіберіп, киімін су қылады. Мұндай кездері, бәрі қарап отырғанда әжетханаға бару оған ұнамайтындығын ескеріңіз. Осы сәттерде оған мәселен жамылғы көрпелерден үйшік жасап беріп, горшокты сол үйшіктің ішіне қойсаңыз болады, бұл әрине мүмкін болса;

– кейде бала ойынның қызығына түсіп кетіп, горшокқа отырудан мүлде бас тартады. Онымен бірге ойнай бастаңыз. Сосын оның жақсы көретін ойыншығын алып, оның да горшокқа отырғысы келетіндігін айтып, бірге отыруға шақырыңыз. Бала бұдан бас тарта қоймас;

– бала үшін горшокта отыру іш пыстырады және ол қызықпайтын жұмыс. Сондай-ақ ол ол жерде не үшін отырғандығын да онша ұқпайтыны белгілі. Мұндай кездері оған ойыншықпен ойнауға немесе кітапты қарауға ұсыныс білдіріп көргеніңіз дұрыс;

– баланың горшокқа отыруға сәл де болса талпынысын байқасаңыз, жөргексіз жүруге, құрғақ киімде жүруге үйретіңіз. Бірнеше рет ылғалды киімде өзін сезініп, оған ұнамасы белгілі. Бұл оның горшокқа отыруын одан сайын жетілдіре түседі;

– баланы горшокқа үйретудегі өте жақсы әсер беретіні көрсетілетін мысалдар. Санаққа сәйкес үйдегі екінші және одан кейінгі балалар горшокқа тез әрі жеңіл үйреніп кетеді, өйткені өзгелердің осыған дейін оған отырғанын көре жүреді.

Барлық жағдайларда горшокқа отыруға байланысты қимылдарға

Назар аударып отыру керек, анығын айтқанда:
 –баланы горшокты алуға үйрету;
 –горшокты қалай ашу керектігін үйрету;
 –іш киімді шешіп-киюді үйрету;
 –горшок ішіндегіне қайда және қалай төгуді үйрету;
 –горшокты қалай жуу керектігін үйрету;
 –горшокты қалай жабу керектігін үйрету;
 – горшокты қалай орнына қою керектігін үйрету.

Горшокпен байланысты мұның барлығын мүмкіндігінше қызықты

ойынға айналдыру қажет. Бұған қоса, бала дұрыс істеген әрекеттердің

барлығын міндетті түрде ескеріп, қолпаштап отырған жөн. Осынау

өтпелі кезең барысында баланың тек қана жағымды көңіл-күй алғаны

маңызды.

Баланы горшокқа отырғызып үйретудің ең жақсы уақыты жаз айлары. Бұл кезде баланың үстінде киім аз болады және ол дымданса тез кебеді.

Горшокпен танысу баланың дәретке отырғысы келген кезде орын алуы қажет. Әдетте мұны тамақ ішкеннен кейін немесе ұйқыдан тұрғаннан кейін жасаған жөн.

Егер бала горшокқа отырғаннан кейін «нәтиже» болатын болса, онда оны барынша мақтау артық етпейді. Ал егер сәтсіздік орын алса, онда бұған да кейістік танытудың жөні жоқ. Алайда көңіліңізге қаяу түсіп жатса да онды балаға көрсетпеу керек.

Егер ол өз бетінше дәретке отыра алатын болса, алайда «өз ісін» дұрыс атқара алмаса, онда баланы горшокқа отыруға қалай үйретуге болады? Горшокпен танысу процесін біртіндеп күрделендіреміз. Баланы горшокқа қажеттігі туындағанда ғана емес, сонымен бірге күн тәртібі бойынша қатаң отырғызып үйреткен жөн. Мәселен, баланы серуенге шығар немесе ұйықтар алдында горшокқа отырғызамыз.

Баланы горшокқа немесе балаларға арналған арнайы отырғышы бар унитазға отырғызасыз ба, оның айтарлықтай мәні жоқ. Дегенмен, бастапқыда горшокқа отырғызудың басымдығы бар, өйткені, процесс созылып кетуі мүмкін.  Сондықтан балалардың бөлмесінде горшокта отырған баламен әңгімелесу сәби үшін біршама жағымды әсер береді. Кейде горшокты әжетханамен біріктірген де жөн. Бұл әсіресе балаларға қатысты жәйт.

Балаға горшоктың не үшін керектігін түсіндіруден жалықпаңыз. Мұны өте жылы   түсіндіруге тырысыңыз.

Горшок баланың бөлмесінде көзге көрінетін жерде тұру керектігін естен мүлде шығармаңыз. Ол мәселен бала бөлмесіндегі еденде болуы мүмкін.

Баланың горшокта ұзақ отыруы оған теріс әсер етуі мүмкін. Кейбір балалар горшоктан тіпті қорқып жатады. Оны айтып, баланы жалықтыра бермеңіз. Баланың  ептеп горшокқа үйренуіне мүмкіндік беріңіз.

Бөлмеде өзге адамдар болса, бала әжетханаға отыруға ниет білдіруі екіталай екенін түсініңіз. Оған бұл белгілі бір деңгейдегі күйзеліс.

Жөргектен мүлде бас тартуға да болмас. Сіз баламен көлікте ұзақ уақыт бойы жүретін болсаңыз, оның сізге қажеті болуы ықтимал. Сондай-ақ жөргек сізге күн суық кезінде, баламен серуендеуге шыққан кезде, түскі және түнгі ұйқы уақыттарында керек. Егер бала ұйықтап тұрған соң кіші дәретке отырса, оны міндетті түрде мақтап, құрғақ жөргекті көрсетіп қойыңыз.