Ашық оқу қызметі "«Бауырсақ»ертегісі желісі бойынша балалардың денсаулығын дамыту және шынықтыру"
Бөлімі:Денешынықтыру
Тақырыбы: «Бауырсақ»ертегісі желісі бойынша балалардың денсаулығын дамыту және шынықтыру"
Б.Мақсаты:Балаларды спортқа баулу, ынтасын арттыру.Жүгіру және секіру техникасын үйрену.Дене, қол қимылын икемдеу,дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау, денелерінің түзу сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу. Екі аяқпен алға секіріп жүруді бекіту.
ДМ:Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру,салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
ТМ:Гимнастикалық таяқшадан секіруге, доғаның астынан еңбектеп өтуді, құм салған қапшықшаны нысанаға дәлдеп лақтыруды үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар: гимнастикалық таяқша, ысқырық,обручтар, нысана,гимнастика скамейкасы,құм салған қалташалар,жаттығуға керекті құралдар,әртүрлі кірпі,түйме жолаөшалар,слайд.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,ойындар,сергіту жаттығулары, тыныштық сәті,мақалдар.
Нені меңгерді:Балалар қатармен жүруге меңгерді.Жүрген кезде бір-бірін итермей, абайлап, тізені жоғары көтеріп жүру керектігі жайлы хабардар болады.Жаттығу жасау, денсаулыққа пайдалы екені меңгерді.
Нені игерді:Ойынға қызығушылық танытады.Тәрбиешінің артынан жаттығуларды жасауын игерді.
Нені істей біледі:Скемейкамен жүруді,тунельден өтуді,таяқшамен жаттығулар жасауды және түрлі қимылдарды жасай біледі.
С/барысы: Балаларды үнтаспадағы әуен арқылы залға маршпен кіргізу, залды айналып өтіп, бір қатарға тұру. Тік тұр! Түзел!
- Балалар, бүгін бізде тамаша күн. Себебі, бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық. - Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің көзін жасайық!
Таза ауаға қол созып,
Жүрек жылуын жасайық!
Мейірімді шуақты
Қонақтарға шашайық!
Сәлеметсіздер ме?
Здраствуте!
1.Кіріспе бөлім:
-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз Денсаулық білім беру саласы бойынша өтілетін тақырып: «Бауырсақ»ертегісінің желісі бойынша балалардың денсаулығын дамыту және шынықтыру.
(Бейне тасбаға назар аударайық).
-Балалар, «Денсаулық» деген не?
-Денсаулық ол:шынығу,демалу,жаттығу,серуендеу,тамақтану,таза ауада жүру,ойнау,таза жүру,дәрумендер ішу,көкөністер мен жемістер жеу,т.б.
Денсаулық ол- шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол- тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол-күлуің
Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық ол –жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
(Бейне тасбаға назар аударайық).
-Ертегілер еліндегі бауырсақты бәріміз бірге іздеп жолға шығайық?
1.Жүрудің түрлері,(шеңбермен жай жүру,қолды көтеріп аяқтың ұшымен жүру;қол белде өкшемен жүру;қолды алға созып тізені көтеріп жүру; аяқтың сыртымен-ішімен аюға ұқсап жүру;ішке қарай және сыртқа қарай секіріп жүру, жай жүгіру,тез жүгіру.
Тыныс алу жаттығуы: «Құс қанат», «Шар үрлейміз»
II.Негізгі бөлім:
2.(жолда келе жатып ) Қоянды кездестіреді.
Тапсырма:Қоянның тапсырмасы:
- Обручтардан екі аяқпен секіру;
- Қолға сәбізді алып,зигзак болып жүгіріп келу;
- Ортаға келіп шеңберге тұрып тынс алу жаттығуы
(қоянға сәбіз береміз)
Тыныс алу жаттығуы:«Қоянға сәбіз»
Тұрып үрлеу,үшке бөліп үрлеу,ортаға жиналып үрлеу.
(Бейне тасбаға назар аударайық).
3.Бауырсақты іздеп келе жатып Қасқырға кездесіп қалады:
Қасқырдың тапсырмасы:
- биіктіктен екі рет секірі,доғаның астынан еңбектеп өту;
- белгілі қашықтықта тұрып нысанаға құм салған қапшықты лақтыру;
- Шеңберге тұрып тіл ұстарту жаттығуын жасау.(ырылдау)
4.Бауырсақты іздеп келе жатып Аюға кездесіп қалады:
Аю тапсырмасы:
- скамейкада жатып алға қарай жылжып жүру,
- тунельден еңбектеп өту;
- обручтардан екі көзін алма кезек жауып аттап өту;
- Сергіту сәті: Видеодан жасау
5.Бауырсақты іздеп келе жатып Түлкі кездесіп қалады:
Түлкініңтапсырмасы:
- Әртүрлі жолдармен жүру(сулы қапшықпен, кірпі,түйме, жұмсақ);
- арқан жіптің үстімен түзу жүріп өту:
- аяққа және қолға жаттығулар жасау (шеңберге тұрып);
- релаксация;
III.Қорытынды бөлім:
6.Сұрақ-жауап жұмыстары:
«Бауырсақ»ертегісі туралы еске түсіре айту.
- Кейіпкерлердің қимылдарын жасап көрсету;
- Мақал-мәтел,тақпақтар айту.