«Ұлы даланың ұлттық ойындары » мектепалды даярлық "Ұшқын" тобындағы дене шынықтыру мерекесі » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұлы даланың ұлттық ойындары » мектепалды даярлық "Ұшқын" тобындағы дене шынықтыру мерекесі
28
ақпан
2022

«Ұлы даланың ұлттық ойындары » мектепалды даярлық "Ұшқын" тобындағы дене шынықтыру мерекесі



Дене шынықтыру мерекесінің тақырыбы:«Ұлы даланың ұлттық ойындары » 

Мақсаты : Қазақтың ұлттық ойындары  қыз қуу, арқан тарту, тақия тастамақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Міндеттері:

1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
 2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
 3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

1. Шаттық шеңбері

Дөңгелене тұрайық,
 Киіз үйді құрайық,
 Кереге болып керіліп,
 Уыктар боп иіліп,
 Киіз үйді құрайық.
 Жарайсыңдар!

Балалар қазақтың ұлттық ойындарының түрлері - мен таныстырайын.
 (Слайдтан ұлттық ойындардың түрлері көрсетіледі).
 
 Ұлттық ойын түрлері:
 «Аламан бәйге» ойыны
 «Қыз қуу» ойыны
 «Асық ату» ойыны
 «Алтыбақан тебу»ойыны
 «Тақия тастамақ» ойыны
 «Арқан тарту» ойыны
 «Күш сынасу» ойыны
 
 

Қазір балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз. Ойын бастамас бұрын бойымызды жазып алайық.

2. Сергіту сәті

Би «Қара жорға»

3. Қазақтың ұлттық ойыны

1. Тақия тастамақ

Ойын шарты былай балалар. Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.

Жеңілген бала тақпақ айтады.

2.Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Арқан тарту» ойыны.
 Ойын шарты: Арқанның ортасынан қызыл матамен байлайды. Арқанның 2 жақ шетінен балалар ұстап тартады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. Арқанды тартқан кезде 1 бала құлап қалса, құламаған топ жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.
 
 

3.Қыз қуу- қыз бен жігіттің атқа мініп, бірін-бірі қуатын ойын түрі. Ойынның шарты бойынша қыз бен жігіт атқа мінеді. Кейін атқа мінген қыз белгілі жерге дейін шауып қашу керек, ал жігіт оны қуып жетіп бетінен сүйуі керек. Қуып жете алмаса, қыз қамшымен жігітті қуып, оны қамшымен ұрады.
 
 

4. Бекіту

- Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойындары ұнады ма?

Иә

- Жарайсыңдар!!!

Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?

Тақия тастамақ, Қыз қуу, Арқан тарту.

- Жарайсыңдар!

- Ойын ойнаған ұнай ма?

- Иә, ұнайды

5. Қоштасу шеңбері.

Біздің топта ұлдар мен қыздар
 Тату тәтті ойнаймыз
 Баршаңызға, бәріне
 Тек қуаныш сыйлаймыз.

Сау болыңыздар!