10
февраль
2020
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі болып өтті. Онкүндік жоспары жасалып, іс-шаралар өткізілді. Жоспарға сай барлық іс-шараларға балабақша ұжымы белсене атсалыса қатысты. Мероприятие аясында балаларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, бір -біріне қамқорлық жасауға дағдыландырылды. Барлық топтарда тақырыптық ашық оқу қызметтері өткізілді. Онкүндікті қорытындылауда "Ұшқын" мектепке дайындық тобының бүлдіршіндерімен өткізілген «Сүйіспеншілік - өмір негізі» тақырыбындағы ашық оқу қызметі жоғарғы деңгейде өтті.
Тәрбиеші: Тойбазарова М.Р., Оралтайқызы Т.

