Инклюзивті білім беру ерекшелігі » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
» » Инклюзивті білім беру ерекшелігі
24
январь
2022

Инклюзивті білім беру ерекшелігі

    Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
   «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер».    
                                                                                                 (В. А. Сухомлинский)

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
     Инклюзивті білім беру- дамуында сәл  ерекшеліктері  бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген  бала  дені сау балалар тобында оқиды және дефектолог-маманның жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы балалар  бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріліп  жұмыс жүргізеді. Мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
Инклюзивті  оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
  
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
       Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері: 

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
    


  Осындай  балаларға  жылулық пен қамқорлықты сездіріп, ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс жасау маңызды. Әр баланың білім алуда өз ерекшеліктері бар. Психолог маман  әр баланың   эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейіне талдау жасап, ары қарай сол балалармен жеке жұмыс жасайды.