"Ұлттық аспаптарымен таныстыру" музыка жетекшісінің ашық оқу қызметі » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
» » "Ұлттық аспаптарымен таныстыру" музыка жетекшісінің ашық оқу қызметі
28
январь
2022

"Ұлттық аспаптарымен таныстыру" музыка жетекшісінің ашық оқу қызметі




Оқу қызметінің тақырыбы:  Қазақ- Ұлттық аспаптарымен таныстыру.

Білім беру саласы: шығармашылық
 Мақсаты: 
Балалардың Қазақ Ұлттық аспаптары жайлы білімдерін кеңейту. Музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, олардың құрлымын және оларды дыбысынан мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
 Көрнекіліктер: интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері,музыкалық ұрмалы аспаптар,көңіл күйді білдіретін смайлктер, аспаптардың суретінен карталар.
 
Сөздік жұмыс:  Қазақтың ұлттық аспаптарының атауы, домбыра, қобыз, сазсырнай.
 Сабақтың барысы:
 Балалар кдомсандықтың сүйемелдеуімен залға қол соғып кіреді, Күйсандықтың жанынына орналасқан орындықтарға отырады, музыка жетекшісі балалармен амандасады. Сабаққа қызығыушылығын арттыру мақсатында дауысқа (тіс,тіл,мұрын,ерін, тыныс алу жолдары) арналған жаттығулар жасайды. Дауысқа арналған жыттығудан соң, саппен интерактивті тақтаның алдына жайғасады.

Музыка жетекшісі: Балалар, бүгінгі біздің өтетін оқу- қызметіз ерекеше болмақ. Жаңа тақырып Қазақ - Ұлттық аспаптары. Балалар біз қай Мемлекетте тұрамыз? 

Яғни, біздің өзіміздің Ұлттық аспаптарымыз туралы үйренміз. Балалар біздің ұлттық аспаптарымызды білесіңдер ме? Балалар экранға назар аударайықшы.

Қандай аспаптар көріп тұрмыз?

Балалар бұл кімдер?

Ал,Балалар бұл Қазақтың Ұлттық оркестрі деп аталады. Яғни бұл дегеніміз, Ұлттық  аспаптардың қосындысынан құрылған, барлығы бір сәтте бірдей шығарма ойнайтын музыкалық топ. (экранда оркестрдан үзінді орындалады) Міне, балалар бүгін біз осы оркестрдің ішінде біздің Ұлттық аспаптарымыз домбыра, қобыз, сазсырнаймен танысамыз.

Қос ішеітің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз Қазақ,Қазақ емес,

Нағыз Қазақ домбыра – Дегендей мынау, домбыра Ұлттық аспабымыз.

Домбыраны шынайы түрде көрсетіп, оның құрлымымен таныстыру. Үнін естірту.

Көп  ішек, бір ысқышпен,

Бойымна әсем әуен төгілген. 

Сызылтамын, қалықтатып үніммен,

Кел, досым танысайық менімен- деп қобыз аспабының құрылымы, төрт ішектен, бір ысқыштан тұрады. Олда домбыра сияқты басы мойыны, Шанағы құлақтары болады. Балалар домбырада неше құлақ болды? Енді қобыздың құлағын санап көрейікші. Сонымен, қобызда неше құлақ? Балалар сонымен қатар қобыздың досы ысқышы болады, егер досы ысқыш болмаса,әуен ойнамай қалады, сондықтанда қобыздың досы кімдеп сұрағанда ысқыш деп айтуды ұмытпаңдар.

Сыбызғыдай сызылған,

Сазды үннен құралған.

Сазды құмнан жасалған,

Сазсырнай деген аспап осы болады балалар. Бұл сазды балшықтан жасалып, өзінің белгіленген жерлеріне мынадай етіп, ойықтар ойылдып,ыстық пеште кептіріліп, мына сияқты оркестрде орындалсын деп жөнелтіліп отырады екен балалар. Балалар біз Ұлттық аспаптардың түрлерін үйрендік, енді олардың дабыстарын естіп, есту арқылы көңілді ме, мұңды ма соны ажыратып тыңдаймыз. Балалар тыңдап болсақ, мен сендердің ажырата аласыңдар ма, жоқпа соны дидактикалық ойын арқылы тексергім келіп тұр, қазір саппен ортада тұрған столдың жанына бөлініп тұрып аламыз, сосын дидактикалық ойынның шартын түсіндіретін боламын.

Дидактикалық ойын: «аспаты тап, көңілді ме, көңілсіз бе ажырат» 

Яғни, балалар ойынның шартыын түсініп алайық. Мында біз бүгін танысқан қандай аспаптар тұр? Ия, Домбыра, қобыз, сазсырнай аспаптары тұр. Оған қоса көңіл күйді білдіретін смайликтер тұр. Қайсы көңілді? Қайсысы мұңлы? ажыратып көрейік мен Ұлттық аспаптарды араластырып қоямын, сендер қай аспап екенін және көңілді ме? Мұңлы ма? Соны есту арқылы табатын боласыңдар. Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар,орнымызға отырмас бұрын бойымызды сергітіп, би билеп, ән айтып алайық.

Сергіту: «Достар биі» (қимылды ән-би жаттығуы)

Ән үйрену: 

Музыкалық жетекші:Балалар, енді саппен орнымызға жайғасып отырамыз. Бүгін біз домбыра Ұлттық аспабымызбен Қазақ халқының әні «Еркем-ай»-ды орындап беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар. (Домбыраның сүйемелдеуімен «Еркем-ай» әнін орындап беру.)

Музыкалық жетекші: Енді балалар менімен бірге қайталап, әуені мен мәтінін,яғни сөзін үйренеміз. (Балалармен бірге «Еркем-ай» әнін, домбыраның сүйемелдеуімен орындау.)

Қорытындылау: 

Музыкалық жетекші:Балалар бүгін біз қандай Ұлттық аспаптармен таныстық? 

Домбыраның құрлымы қандай?

Домбырада неше құлақ бар?

Қобыздың құрлымы қандай?

Қобызда неше құлақ бар

Қобыздың досы қалай аталады?  

Сазсырнай неден жасалады?

Сазсырнайдың неше ойығы бар?

Балалар, Жарайсыңдар! Сендерге бүгінгі өтілген оқу-қызметі ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар сендер сабақта өте белсенді, ақылды, болдыңдар. Меніңде көңілім көтеріңкі, мына көңілді смайликтермен марапатталасыңдар. Қане олай болса, орнымыздан тұрып саппен фортепианоның қасына барып, отырамыз. 

Музыка сүйемелдеуімен балалармен қоштасып, қол соғып музыка залынан шығады.