Рәміздер күні! » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
03
июнь
2022

Рәміздер күні!

Тақырыбы: Рәміздер күні! Мақсаты: 1. Елтаңба,Ту,Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.2. Баланың есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. 3. Балаларды Отан сүйгіштікке,адамгершілікке,отанына,халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимн қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Көрнеклігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер,карта,мақал-мәтелдер,Отан,жер туралы нақыл сөздер. Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, балалар және Қонақтар! Бүгін Государственные символы күні тақырыптық оқу қызметіне қош келдіңіздер! -Балалар көңіл күйлерің қалай?.... Хороший. -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?- Қазақстан Республикасынды тұрамыз. -Біздің ұлтымыз қандай?-.....Қазақ. -Біз қай тілде сөйлесеміз?-...Қазақ тілінде. -Ал біздің елді басқарған елбасымыз кім?- Нұрсұлтан Назарбаев. -Ал біздің қазіргі президентіміз кім?- Қасым-Жомарт Тоқаев. -Балалар ал сендер білесіңдер ме, ҚР-ның бас қаласы қалай аталады?-Нұрсұлтан. -Осы Қазақстан Республикасының рәміздерін сендер білесіңдер ме? Ия. Олар:Гимн,Ту,Елтаңба. Олай болса, рәміз дегеніміз не? «Государственные символы» – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Рәміздерім –елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім –елтаңба,ту,гимнді, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Осы рәміздерге жеке-жеке тоқталайық. Аңсар: Елім менің,жерім менің, Қазақстан-Отаным! Айтар әнім,сөйлер сөзім, Гимн- менің ұраным! Гимн орындалады (балалар отырады.) Балалар осы гимннің авторлары:Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Н.Ә.Назарбаев Гимн дегеніміз-Отан әні. Гимнде -біздің Отанымыз туралы айтылады. Өйткені еліміз,жеріміз туралы сезімдер осы гимнде жырланған. Елтаңба мен Туды көзбен көріп,ұстауға болатын болса, ал гимнді естисің. Гимнді мемлекет басшылары кездескенде үлкен жиналыстың ашылуында және балабақшамызда күнделікті таңертең сағат 9.00-де айтылады. Мемлекеттік ту дегеніміз-елдің тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышаны. Тудың авторы:Шәкен Ниязбеков. (белгілі монументші,суретші) Қазақстан Республикасының туының түсі – көк,ашық,табиғатқа жақын,аспан мен жердің түсі. Көк түс-шындықты,адалдықты,тазалықты белгілейді. Тудағы күн-әмір күші.Күннің жылуымен уақыт, апталар мен айлар өлшенеді. Қыран құс бүркіт-еркіндіктің,тәуелсіздіктің, алға қойған мақсатқа,шығар биікке,болашаққа самғайды. Туға деген құрмет-әрбір мемлекеттің маңдайында. Ән: «Тәуелсіздік елдің ұраны» Жүргізуші:Біз еліміздің жас өркеніміз, Желді көрген желкеніміз. Желбіретер көкке туын, Біз елімнің ертеңіміз! Би: «Жігіттер» Ал мемлекеттік елтаңба-геометриялық пішін –дөңгелекке ұқсас. Елтаңбаның ортасында шаңырақ,бұл әрбір отбасының бірігі,тыныштығы,киіз үйге жарық сәуле шашып тұрғандай.Көкпеңбек көгілдір таза аспан жарқырап тұр. Бейбітшілік шаңырағын көтерген уықтар, төгілген күн сәулесі,киелі қос тұлпар, адам баласының досы.Алтын қанаттар елдің болашағын қорғаған,достықты ұстап тұр. Ал,бес жұлдыз барлық жер шарына құшағымыздың ашық екенін білдіреді. «Қазақстан » деген жазу «Қош келдің бізге» деп айтып тұрғандай. Еліміздің белгілері елдікке,бірлікке,өмір мен достыққа шақырады. Елтаңбаның авторлары:Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов. Олай болса осы рәміздер туралы өлең жолдарын айтып берейік: Ансар: Қазақстан Туы, Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы, Көк емес ол тектен- тек. Назгүл:Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы. Оны халық қашанда, Биікке іліп қояды. Дария:Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат,әдемі. Тұнығындай көңілдің, Ортада аспан әлемі. Назгүл:Құт,береке,шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген. Жүргізуші:Тал шыбықтай бұралған Өнерлі ғой қыздар-ай. Сүйсіндірген биімен, Тобымыздың қыздары-ай Би: «Гүлдер» (қыздар) 4 июнь – Государственные символы күні ретінде аталып өтеді. 1992 жылы 6 июнь күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 декабрьда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, декабрь айында жаңа Гимн қабылданды. Біз тәуелсіз қазақ елінің ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді ,аталарымыз, әкелеріміз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Отан- сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың, Отан-өлекең,астанаң, Отан-туған ауылың.- дей отырып, Осы Отан туралы мақал-мәтелдер айтып көрейік: 1. Отан отбасынан (басталады)-Аңсар 2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)-Дария 3. Отан-елдің анасы,(Ел - ердің анасы)-Нұрасыл 4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас)-Айша. 5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)-- 6. Отан оттан да (ыстық)- 7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл).- Жүргізуші: «Отанды сүю –отбасынын басталады»- дана аталарымыз айтқандай, «Отанымыздың жері де, шөбі де,ауасы да -ыстық» Ойын: «» Ән: «Балдырғандар әні» Рәмізім-елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім-Гимн,Ту,Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Қорытынды:Государственные символыді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.Государственные символыді құрметтеу-елді, халықты,тарихты,әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Осымен бүгінгі «рәміздер күніне»арналған тақырыптық Оқу қызметіміз аяқталды.​​​