"Көктем гүлдері" » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
29
апрель
2022

"Көктем гүлдері"

Білім беру саласы:Шығармашылық
 Ұйымдастырылған оқу қызметі.Сурет салу,Жапсыру,Мүсіндеу
 Тақырыбы.Көктем гүлдері

Білімділігі.Көктем гүлдері туралы білімдерін бекіту, көктем гүлдерін ажырата білу .

Дамытушылығы.Балалар бойындағы шығармашылықты арттыру

Тәрбиелігі.Жас ұрпақты табиғатты сүюге,эстетикалық сезімге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі.Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,қортындылау.

Қажетті құралдар: Түрлі - түсті гуашь,  түрлі-түсті ермексаз,қағаз, желім мақта таяқшалары мақталы диск

Күтілетін нәтиже.

Білуі тиіс.Гүлдердің аталуын ,құрылысын,түр түсін ажырату.

Көрсете білу.Дәстүрден тыс әдіс –тәсілдерді қолдану

Түсінігі.Табиғаттағы өзгерістерді ажырата білу

Мақсаты: Балалардың тілін көркем сөз арқылы музыка әуенін үйлестіре білуге жаттықтыру.Дәстүрден тыс  әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып  қызғалдақ гүлдің суретін салуға қызығушылығын арттыру.Нәркес гүлін мүсіндеуге, Бәйшешек гүлін жапсыруға үйрету.Көктемгі гүлдер туралы түсінік беру. Ұжымдық жұмыс арқылы өзара бірлестік,серіктестік нәтижеге жету.
 Эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін, саусақ бұлшық еттерін дамыту
Шаттық шеңбері

                     Біз гүлдермен өсеміз,
                      Жапырағы жайқалған.
                      Сабақтары салалы ,
                      Жерге ырғалып жайқалған.

  -Жарайсыңдар балалар көңіл күйлерің калай
 Тәрбиеші: Балалар  қазір жылдың қай  мезгілі
 Балалар: Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш)

-Қазір көктем мезгілінің қай айы ?(Апрель айы)
 Тәрбиеші: Көктемде қандай өзгерістер болады?
 Балалар:

- Күн жылынады,

-ағаштар бүршік атады

- шөптер шығады

-Құрт құмырсқалар оянады

-Күн ұзарып, түн қысқарады

- Құстар ұшып келеді
 -Көктемнің алғашқы гүлін  қалай атаймыз?

-Бәйшешек,қызғалдақ,нәркес.(осы гүлдерді корсету)

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Мұқият тыңдаңдар.

                               Жұмбақ жасыру.

Адамдардың  барлығы қызығады,

Ұстай берсең бұзылады.                   «Гүл»

-Дұрыс айтасындар балалар.

Ертегі  Гүл 

Бүгінгі оқу қызметіміз «Көктем гүлдері» туралы болмақ.         

Гүл дегеніміз-өсімдік,олар өмір сәні,табиғат көркі

-. Гүлдер бөлменің ауасын тазартады,адамға жақсы көңіл-кдомсыйлайды. 

 -Гүлдер өте әдемі , нәзік және хош иісті.

-Гүлдер өсіп тұрған жерде біз өзімізді қуанышты сезінеміз,көңіліміз көтеріңкі болады

-.Гүлдердің  көптеген түрлері болады,түстері де әртүрлі болады.

- Гүлдер тамыры арқылы қоректенеді.

- Гүлдерді өсіру үшін топырақ,күннің көзі,су қажет.

Тәрбиеші:- Балалар гүлдер неше топқа  бөлінеді?

Гүлдер үш топқа бөлінеді. 

  -Дала гүлдері,өгей шөп,шалғын гераны, шалғын ақжелкені,бақбақ.

- Бақша гүлдері.Қызғалдақ, наркес,примула,гиацинт,анюта көзді гүл.

-Бөлме гүлдері.хлорофитум,қазтамақ сансивьера,бегония фикус

Балалар назарымызды   бейне  экранға аударайық

Слайд .Көктем гүлдері

Бәйшешек,қызғалдақ,нәркес.(осы гүлдерді корсету)

«Көктем гүлдері»бәйшешек,қызғалдақ,сарғалдақ, нәркес.Бұл гүлдер көктемде,жазда өседі. Көктем мезгілінде ең алғаш шығатын гүл- бәйшешек гүлі. Бәйшешек гүлі қар еріген кезде шығады. 

Қызғалдақ –бұл өте нәзік гүл.Қызғалдақтың түрлері  өте көп.Қызғалдақ лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.Ол көктемде гүлдеп,кең жазира қазақ даласын керемет күйге бөлейді.

Нәркес гүлі-Ерте көктемде   гулдейді,гүлдері ақ,сары,қызғылт түрлері болады.Көпжылдық өсімдік.Күн сәулесі мол түсетін жерде жақсы гүлдейді.