22 июнь 2022 60 1 2 3 4 5 «Жол жүрудегі ұқыптылық!» Балалар көңілді әуенмене спорт алаңына жиналады. Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйлерің қалай? Мерекемізді бастаймыз ба? /пачтольон бала жүгіріп кіреді/ Бала: Хаттама, жедел хаттама, хаттама. Бұл 25 ші балабақшама.Сіздерге жедел хаттама келді. Жүргізуші: Қане қазір оқимыз. Балалар тыңдайық. «Бізге, жол белгілерінің тұрғындарына қауіп төңіп тұр! Біз Зұлым тұтқынына түсіп қалдық. Енді біздің елімізде тұрақты жол апаттары орын алды. Бізге көмектесіңдерші!» Балалар біз міндетті түрде Бағдаршамдар әлеміне көмек көрсетуіміз керек.Балалар көмектесеміз бе? Балалар: Ия! Жүргізуші: Онда балалар бағдаршам әлеміне кеттік.Бірақ барар алдында күш жинап, жаттығу жасап алайық. Жаттығу. Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Күш жинап алдық, енді көңілді әнмен бағдаршам әлеміне саяхатқа шығайық. /музыкамен екінші алаңға келеміз/ Жүргізуші: /алаңда жол белгілері шашылып жатады/ Балалар қараңдар мына жол белгілерінің барлығын кім құлатып, құртып тастаған. Қане балалар ретке келтіріп жинастырайық.Ой жарайсыңдар балалар. Бұл жер маи қызметкерінің орны ғой.Қане балалар барлығымыз көзімізді жұмайықшы. /қаладағы машиналардың шумы естіледі, Маи қызметкері келеді/ Маи қызметкері: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендердің мерекелеріңе арнайы келдім. Біздің Алматыда көліктер жылдан жылға көбеюде және жол көлік оқиғалары да артып жатыр. Сондықтан да жол жүру ережелерін мұқият орындап, естен шығармаған жөн. Жол көлік оқиғаларында көбіне зардабын балалар көріп жатыр. Оның себебі жол жүру ережелерін дұрыс білмегендіктен. Барлығымыз жол жүру ережелерін орындауға міндеттіміз. Қане балалар қазір мен сендерден жол ережесі туралы сұраймын. 1. Жолда жүгіруге болады ма? 2. Велосипедке, сомакатқа мініп зебрадан өтуге болады ма? 3.Маи қызметкерінің көмекшісін не деп атайды? /жүрісті реттеуге арналған ала таяқ/ 3. Не үшін жол белгілері керек? 4. Бағдаршамның неше көзі бар? 5. Автобус күтетін жерді қалай атайды? /аялдама/ Балалар мен жол жүру ережесіне байланысты ұран дайындап келдім. Оқып берейін сосын барлығымыз бірге қайталаймыз. Ұран: «Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» 2-3 рет қайталау. /Зұлым мен мысық келеді музыкамен/ Зұлым: Ха-ха мен гой. /Жан жағына қарап/ Ха-ха-хаа бұл балалар гой! Қандай топ томпақ, сүйкімді, тап- таза..Міне ғажап! Көңіл көтерейік.Біз сендерге кедергі қылып апат жасаймыз ха ха ха /деп мысық екеуі жүгіріп кетеді/ Маи қызметкері: Ой Зұлым кетіңдер бізге кедіргі келтірмей. Балалар бұларға еруге болмайды. Жол белгісі: /жол белгісі аударылған бала келеді мұңайып/ Маи қызметкері: Ой саған не болды? неге мұңайып тұрсын? Саған кім тиісті? Жол белгісі: Мен жол белгісімін, мені зұлым сиқырлап тастады. Маи қызметкері: Сен мұңайма қазір біз саған көмектесеміз. Балалар жұмбақ жасырамын шешімін тауып жол белгісіне көмектесейік. Үш көзі бар қаз- қатар, Кезек –кезек ашады. Үшеуінен байқасам, Үш түсті нұр шашады. /Бағдаршам/ Маи қызметкері: Жарайсыңдар балалар! Қызыт түсі жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзі жанғанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл жарық жол ашық, Жүре бергің жасқанба. Балалар Ойын ойнаймыз ба? Ойын: «Бағдаршам» /общ/ Қане балалар біздің кішкентай балапандарды ойынға шақырайық. Ойын: «Түрлі түсті автокөліктер» 1 кіші топ /балалар ойын ойнап жатқанда Зұлым мен Мысық келіп кедергі жасайды./ Маи қызметкері: /ойын бітеді балалар орындарына отырады/ Сендер не істеп жүрсіңдер? Зұлым: Біз апат жасаймыз, жолда фудбол ойнаймыз./ Маи қызметкері: Жолда фудбол ойнауға болмайды. Фудболды арнайы ойнайтын жерде ойнау керек. Бізге кедергі келтірмей кетіңдер. Зұлым: Мысық менімен бірге жүр,онда басқа жерге барып жол апатын жасаймыз.Олармен қызықты емес,сендер бізге кедергі келтіре алмайсыңдар. /деп жүгіріп кетіп қалады/ /Осы кезде апат болған дыбыс естіледі/ Маи қызметкері: /таң қалып/Ой балалар естідіңдер ме мына дыбысты? Бүл жол апаты сияқты. Мысық: /Мысық қолы бинтпен байланып,ақсаңдап шығады/ Жылап, мен Зұлымға еремін деп жол апатына түстім, сендерді тыңдауым керек еді. Мен енді Зұлымға қосылмаймын, мен сендермен қалып жол ережелерін үйренсем болады ма? Маи қызметкері: Ай мысық бізді тыңдамадың, әне жол апатына түсіп жарадар болдың. Кел мына жерге отыр біздің балалармен бірге жол ережелерін үйрен. Маи қызметкері: Қане балалар біз бағдаршамның түстерін есімізге түсіріп қайталап алайықшы.. Қызыл түс жанғанда не істейміз? Сары түс жанғанда не істейміз? Жасыл түс жанғанда не істейміз? Маи қызметкері: Жарайсыңдар. Мысық сен сомакатта теуіп білесің бе? Мысық: Жоқ мен білмеймін. Маи қызметкері: Олай болса қазір біздің ересек топтың балалары саған көрсетеді. Ойын: «Сомакат жүргізуші» /ересектер/ Маи қызметкері: Балалар қазір мен сендердің жол белгілерін қаншалықты білетіндеріңді тексерейін. Ойын: «Жол белгілерін тап» Зұлым келіп ах мысық сен енді балаларға қосылдың ба мен сендерге көрсетемін деп қызыл, сары, жасыл түсті шариктерді араластырып, қашып кетеді. Мысық: мен енді сенің сөзіңе ермеймін. Тиспе бізге кет бар. Енді не істейміз,мынаның барлығын араластырып тастады- деп мұңаяды. Маи қызметкері: Мысық сен мұңайма біздің орта топтың балалары бұның барлығын қазір ақ ретке келтіреді, кел сенде көмектес. Ойын: «Түрлі түсті шариктер» Мысық: Жарайсыңдар! Балалар сендерге рахмет мен сендермен бірге жол ережелерінүйрендім. Маи қызметкері: Мысық енді сен жол ережелерін есіңде сақтап жүр. Балалар біз жол ережелерін жақсы білеміз және біздің достығымыз көмектесті. Балалар барлығымыз спорт алаңына қайтайық.