ОУД: «Мультфильм кейіпкерлерімен денсаулық сақтауды үйренеміз!» » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
» » » ОУД: «Мультфильм кейіпкерлерімен денсаулық сақтауды үйренеміз!»
18
февраль
2021

ОУД: «Мультфильм кейіпкерлерімен денсаулық сақтауды үйренеміз!»

Тақырыбы: «Мультфильм кейіпкерлерімен денсаулық сақтауды үйренеміз!»

Мақсаты:  балалардың денсаулық туралы білімдерін кеңейту,  дененің саулығы туралы толық мағлұмат беру, өз денсаулығын күтуге тәрбиелеу. Басқаға көмек, қамқорлық танытуға тәрбиелеу. Оқу қызметі барысында ойын технологияларын қолдану арқылы оқу деген қызығушылықтарын арттыру. Баланың зейінін, қиялын, қабылдауын дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ойынға қажет құалдар, видеоматериалдар, аудиоматериалдар.

Барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің  оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіпті, қане амандасып алайық!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бүгінгі біздің  оқу қызметімізді бастамас бұрын, күнделіктегідей шаттық шеңберіне айтайық

Шаттық шеңбері:

Өзімді-өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын.

Жүректен жылы соншама,

Тілейміз саулық баршаға

Сау болайық!

Күшті болайық!

Баршаға қуаныш сылайық!


Тәрбиеші: балалар, біздер бүгін оқу қызметінде «Денсаулық» туралы сөйлесеміз. Сендер деніміздің сау болуы үшін не істеуіміз керек екенін білесіңдер ме?

Балалар: ия, деніміз сау болу үшін ауырмау керек, жылы киіну керек, кәмпит жемеу керек, тамақты жақсылап ішу керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар! Балалар сендер барлығын біледі екенсіңдер, бірақ мен бір жағымсыз жаңалық естідім, барлығымыз білетін «Смешарик» мультфиліміндегі Крош денсаулықты сақтау ережелерін білмей ауырып қалыпты. Сендер бұл мултфильмді  білесіңдер ме? (Ия), Суреттегі кім? (Крош). 

Тәрбиеші: дұрыс, ендеше мултфильм  әлеміне аттану үшін біз сиқырлы әуен керек, Әуен көмегімен саяхатқа шығамыз! Ол үшін көзімізді жұмып, менің дауысымды тыңдаймыз!

Релаксациялық жаттығу: Көзімізді жұмамыз, денемізде бос ұстап, ыңғайланып отырамыз. Өзімізді жеңіл, құдды бір құстың қауырсынындай сезінеміз, міне аспанға биікке қалықтап ұшудамыз... Биіктеген сайын желдің гуілі құлағымызды қыттықтап, одан да биікке шақырады. Міне енді желдің жылдамдығы бізді төмен қарай самғатып сиқырлы мекенге әкелуде. Біз жеңіл баяулап жерге қалықтап қонамыз. Денемізді бос ұстап, ақырын көзімізді ашамыз.  (Жаттығу біткен соң көз алдарында видеоролик шығады).

Тәрбиеші: балалар, қане біз қайдамыз (Кроштың үйінде).

Тәрбиеші: ия, қане Крощ не деп жатыр тыңдайықшы! (видеороликті тамашалайды).

Тәрбиеші: Балалар, Крош мүлдем денсаулығын күтпейды екен, тіпті ережелерді білмейды екен, ендеше оған үйретейік.  

Тәрбиеші: Балалар алдымен мен сендердің қаншалықты денсаулыты сақтау ережелерін білетіндіктеріңді тексеріп көрейін,   тақтаға назарымызды аударайық, берілген мультфилм немесе ертегі кейіпкерлерін тауып, денсаулық сақтаудың ережелерін айтып береміз.

Ойын «Кейіпкерді ата»

(интерактивті тақта арқылы түрлі кейіпкерлерді атау, денсаулық сақтауға байланысты ережелерді айту).

Тәрбиеші: Бұл кім? (Антошка), Антошка не істеп жатыр? (ұйықтап) Антошканың үсті таза ма? (Жоқ), Ол дұрыс па? (Жоқ)

Балалар: дұрыс емес, тазалықты сақтау керек, деніміз сау болу үшін беті қолымызды жуып, денемізді таза ұстап керек, ұйықтай беруге болмайды, әйтпесе ауырып қаламыз).

Тәрбиеші: жарайсың, дұрыс, келесі кім? (Карлсон), Ол не істеп жүр? (Ұшып), Тағы не істеп жүр? (варенье ішіп). Бұнысы дұрыс па? (жоқ).

Балалар: Деніміз сау болу үшін тәтті тағамдарды көп жеуге болмайды, тісіміз ауырады, тіпті жегенде де аз ғана мөлшерде жеу керек, банкасымен көтеріп ішуге болмайды және пайдалы құнарлы тағамдар жеу керек.

Тәрбиеші: бұл да дұрыс, келесі кім? (Спортукус) Спортокус не істеп жүр? (Спортпен шұғылданып жүр, Ол дұрыс па? (Ия)

Балалар: Денеміз сау болу үшін спортпен   шұғылдануымыз керек. Ерте турып жаттығу жасауымыз керек. 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Демек, деніміз сау болуы үшін біз ең басты үш ережені сақтауымыз керек, ол тазалық, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану. Крош бізді жақслып тыңдаған шығар деп үміттенеміз. 

Тәрбиеші: балалар біз крошка үйретеміз деп өзіміздің көздеріміз ауырып қалмасын, қане   көзімізді бір жаттықтырып алсақ қалай болады, себебі алда әлі көп тапсырмалар бар. (ия).

Көзге жаттығу (арнайы жасалған ойын құарлы арқылы жасалады).

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, көздеріміз демалды, әрі қарай жүрейік, балалар біз ең басты ережені ұмытып тұрмыз, ол күн тәртібін сақтау! Егер күн тәртібін сақтамасақ, ауырып қаламыз. Мысалы танертен тура салып ойын ойнап кетуге бола ма?

Балалар: жоқ, ұйқыдан турып, тіс жуып, жаттығу жасауымыз керек.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, ендеше тақтада берілген тапсырма бойынша күн тәртібін рет ретімен орналастырып, берейік.  Осы  күн тәртібі бойынша жүрсе Крош мүлдем ауырмайды.  

Ойын «Режим дня»  (Тақтада берілген арнайы күн тіртібінің кестесін рет ретімен орналастыру арқылы орындалады, ойын арқылы балалардың саусағы жаттығады). 

Тәрбиеші:  балалар жарайсыңдар, күн тәртібімен таныстырдық, енді дұрыс тамақтану туралы одан да жақсы білу үшін қызықты ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар? (жақсы).

Ойын «Пайдалы тағамдар»

(интерактивті тақта арқылы балалар пайдалы тағамдарды бір жаққа пайдасыз тағамдарды бір жаққа бөледі). 

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, біліміді екенсіңдер, бірақ Крош сендерді бір орында отырып шаршап қалған шығар деп, жаттығуға шақырады, қане бірге жаттығу жасайық,.  (Видоролик арқылы жаттығу жасайды). Терең тыныс алу

Тәрбиеші: жатығу жасап шаршадық па? (Ия), қане тынысымызды реттеп алайық, себебі біз алда әлі де ойын ойнаймыз.Балалар сендерге сабақ ұнап жатырма ал енді орнымызға отырайық сендердің көңіл күйлерің қалай жақсыма қолдарына стақан беру көңіл күйлерін сұрау апайларға көрсету 

Тәрбиеші: Балалар, керемет міне спортпен де шұғылданып алдық енді біз, ойынға дайынбыз, бізде айтылмай қалған ереже ол- тазалық. Таза болу үшін не істеуіміз керек?

Балалар: жуыну.

Тәрбиеші: тазалық сақтау үшін бізге қандай заттар қажет?

Балалар: щетка, тіс  пастасы, тарақ, сабын, орамал, жуынатын құрылға (раковина), ванна, су, шампунь, қайшы, т.б.

Тәрбиеші: дұрыс, ендеше мына жерде біздерге үлкен кілемше бар, біздер осы кілемшенің бетіне түрлі жуынатын заттарды пішініне сәйкес орналастырып беруіміз қажет, сол кезде Крош болашақта тазалық сақтау үшін не керек екенін осы кілемше арқылы біліп отырады. 

Ойын «Кілемді толықтыр»

(балалар берілген заттаржы кілемшенің үстіне жапсырады).

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Бүгін біз Крошка барлығын түсіндірдік, енді өзіміздің балабақшаға қайтсақ та болады.  Ол үшін сиқырлы әуен көмегіне жүгінеміз. 

Релаксация (әуен арқылы жасалады) Көзімізді жұмамыз, денемізде бос ұстап, ыңғайланып отырамыз. Өзімізді жеңіл, құдды бір құстың қауырсынындай сезінеміз, міне аспанға биікке қалықтап ұшудамыз... Биіктеген сайын желдің гуілі құлағымызды қыттықтап, одан да биікке шақырады. Міне енді желдің жылдамдығы бізді төмен қарай самғатып сиқырлы мекенге әкелуде. Біз жеңіл баяулап жерге қалықтап қонамыз.

Қорытынды. 

Тәрбиеші: Балалар, міне бүгін біз кімге қонаққа бардық (Крош), Оған не туралы айтып бердік (денсаулық), Крошка не туралы айтып берді? Режим дня, спорт, тамақтану, тазалық  сақтау) Жарайсыңдар, ендеше қане бүгінгі сақбақ сендерге ұнады ма? (Ия). Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды, сендердің оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерге сыйлықтарым бар! Топта табыс етемін. енді қонақтармен қоштасайық!

Балалар: Сау болыңыздар!