"Бала тәрбиесі - баршаға ортақ" №1 жалпы ата-аналар жиналысы » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
» » » "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ" №1 жалпы ата-аналар жиналысы
06
ноябрь
2021

"Бала тәрбиесі - баршаға ортақ" №1 жалпы ата-аналар жиналысы



№1 ХАТТАМАСЫ 

         Өткізілуі:  Zооm.

                    Тақырыбы: «Бала тәрбиесі  - баршаға ортақ»


Өткізілген күні: 06.11. 2021ж

Қатысқан ата-ана саны: 35

Режим дня:

  1. Балабақша меңгерушісі Нусупова Сағыныш Каримбайқызының алғы сөзі.

       Балабақша ережесі туралы кеңес.

  1. Методист Шермаханова Гүлім Төреханқызының балабақша күн тәртібімен, оқу бағдарламасымен таныстыруы.
  2. Медбике Қалмұхамедова Айнұр Сабитқызының балабақшадағы тамақтану, санитарлық талаптар туралы баяндамасы.
  3. Әр түрлі мәселелер


Жиналысты балабақшаның меңгерушісі Нусупова С.К. ашты. Ата-аналардың жалпы жиналысқа  атсалысып, бала тәрбиесіне бейтарап еместігіне алғысын білдіре отырып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады «Құрметті ата - аналар! Сіздермен онлайн ата-аналар жиналысында қауышқанымызға қуаныштымыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен балабақша. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
 Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
 Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат».