«Тілім менің діңгегім, Алматым- жарқырап,гүлденгін»
Мақсаты: Балаларды өз еліне, өздері мекендеген қаласына сүйіспеншіліктерін арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Қазақ қызы, Қазақ жігіті, Апорт алма.
Атрибуттар: түрлі-түсті жалаушалар, алмалар,шарлар.
Барысы: Әсем безендірілген алаңға балалар патриоттық әуенмен қолдарына түрлі-түсті жалауша ұстап, әр түрлі қимылдар жасап,белгіленген орындарына келіп тұрады
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар!
Бүгін мектепалды даярлық «Жұлдыз» және «Ұшқын» топтарының –
«Тілім менің діңгегім, Алматым- жарқырап,гүлденгін» атты мерекесіне қош келдіңіздер!
-Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Жүргізуші: Ақиқатты мойындайық қазір біз,
Ұлтшыл болып талай таяқ жегенбіз ,
Тіл-мәртебе, ұлт мерейі емес пе,
Мәңгібақи шырқалатын әніміз.
Ал,Алматым-күмістен құйған қала,
Қойнына талай ұлы сиған қала.
Алматы-құшағы қазақтардың,
Алматы -түгелдей мейманхана- дей келе балаларымыздың өлең жолдарына кезек береміз.
Тақпақтар: Ақыл ойын дананың,
Ана тілден аламыз
Ана тілін ардақты ,
Ақ сүтіндей анамның
Ана тілім байлығым ,
Ана тілім ұраным
Ана тілін қадірле,
Ана тілін қастерле.
Ана тілің арың бұл ,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Жүр: Осындай жүректі тебірентер тақпақтарымыздан кейін әсем әнге берейік.
Ән: « Ана тілім »
Күмбірлеген күймен қазақ қызы мен қазақ жігіті қонаққа келеді.
Қазақ жігіті: Ассалаумағалейкум бауырларым!
Қазақ қызы: Сәлеметсіздер ме, достар? /Балалардың жауабы/
Қазақ жігіті: Байқаймын біз мерекеге тап болған секілдіміз.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ия, бізде бүгін мереке. Тіл мерекесі және сұлу Алматының туған күнін тойлап отырмыз.
Қазақ қызы: Онда біз қателеспей келіппіз, бізде мерекені тойлау үшін сіздерге қонаққа келдік.
Қазақ жігіті: Ана тілі ананың ақ сүтімен, бесік жырымен құлағымызға сіңіп, бойымызға дарыған .Әр халықтың өз ұлты, өз тілі , салт- дәстүрі болады.
Қазақ қызы: Осыған орай біз достарымызға бірнеше сұрақтар қойсақ жауап береді ме екен? /Балалардың жауабы/
Қазақ жігіті:-Балалар біздің ұлтымыз кім?
Қазақ қызы:-Біз қай тілде сөйлесеміз?
Қазақ жігіті:-Біз біз қай республикада тұрамыз?
Қазақ қызы:-Біздің елімізді кім басқарады?
Қазақ жігіті:-Республикасы бас қаласы қай қала? Ой жарайсыңдар балалар өте ақылды екенсіңдер.
Қазақ қызы: Біздің достарымыз өте ақылды екен, ару қыздар менімен бірге күмбірлеген күйге бірге би билеуге қалай қарайсыздар?
Би: «Қазақ биі» /Қыздар билейді/
Қазақ қызы: Қандай керемет би. Біздің елде өздеріңдей ақылды, саналы, алғыр балалар өсіп жатқанына сондай қуаныштымыз.
Қазақ жігіті: Достар бізді келесі балабақшада достарымыз күтәп отыр, оларменде би билеп, мерекені қызықтауға жолға шығайық .
Бірге: мереке құтты болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар,біз бәріміз туған қаламыз,әсем қала-Алматыда тұрамыз.
Алматы-Қазақстанның әсем қалаларының бірі.Оны қала тұрғандары да,қонақтарыда мақтанышпен айта алады. Осы мерекеге арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар:
Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар,
Алматы қаласы.
Ақын ағасы,
Тұр Абай данасы.
Көшесі көрікті,
Алматы қаласы.
Кешкісін қарасы,
Шамдарын санашы.
Қызылды- жасылды,
Алматы қаласы.
Алматым- жүректің жыры,
Алматым- жанардың нұры.
Алматым- сөнбес күнім,
Алматым- өлмес гүлім.
Жүргізуші: Балалар сендер Алматы қаласының символы не екенін білесіңдер ме?
Балалар: Апорт алмасы
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар Алматы қаласы осы өзінің апорт алмасымен мақтанады. Балалар бізге қонақ келіп қалған сияқты.
/әуенмен апорт алмасы келеді/
Апорт алма: Сәлеметсіңдер ме балалар!Менің атымды атап біреу шақырғандай болды? Мені таныдыңдар ма? /Балалардың жауабы/ иә, дұрыс айтасыңдар,мен Алматы қаласының символы апорт алмасымын. Алматының туған күнімен құттықтап, сендермен мерекені өткізуге келдім.
Жүргізуші: Қош келдің апорт алмасы.Олай болса мерекені бізбен қарсы алып, балалармен бірге би биле.
Би: «Алматының алмасы» /Барлық балалар билейді/
Апорт алма: Достар, сендер мені сондай жақсы көретіндерің билеріңне көрініп-ақ тұр. Мен сияқты апорт алманы көп жесеңдер ауырмайсыңдар, әрі мен дәрумендерге өте баймын. Енді сендермен бірге ойын ойнасам қалай қарайсыңдар!
Ойын: « » Тәрибиешімен ақылдасу /алмамен байланыстыру керек/
Ойынның шарты:
Апорт алма: Достар сендермен өте көңілді және қызықты екен. Бірақ мені басқада балалар күтіп отыр,келесі мерекеде кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші:Алматы аялы,аясы саялы,
Ақ пейіл адамға,құшаған жаяды.
Ол әсем баршаға,белгілі бағасы.
Жастықтың қаласы,Достықтың қаласы.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай-күнім менің- дей келе құрметті қонақтар!Осымен «Тілім менің діңгегім, Алматым- жарқырап,гүлденгін» - атты Алматының туған күніне және тіл мерекесін арналған мерекеміз аяқталды. Келесі мерекелі күнде кездескеше сау болыңыздар!