«Күзгі бақта қонақтамыз» («Балапан» тобының «Алтын күз»- мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі)


«Күзгі бақта қонақтамыз»
(«Балапан» тобының «Алтын күз»- мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі)
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің келгенін ұғындыру, күзгі бақтағы отмосфера сезіндіру. Достарына көмек беріп, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Күз ханшасы, кірпі.
Атрибуттар: Жапырақтар,корзина, күздің басына киетін веногы,
Барысы:Күзгі бақтай әсем безендірілген залға пойыз болып, қолдарын ұстап балалар кіреді.
Фонограмма: Абай болыңыздар! «Күз аялдамасы» -деп айтылған соң, жартылай шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Балалар! Бізің аялдама ғой! Өтіп кетпей тұрып, орнымызға тұра қалайық.
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз.
Көтеріле аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп,
Жерге інжу шашқандай.
Армысыздар қонақтар! Бүгін біздің бала-бақшамыздың кішкентай бөбектерімізге арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Балалар біз күз аялдамасынан түстік, бізді күз ханшайымы күтіп алу керек еді неге кешігіп жатыр екен? Қане, күз ханшайымын шақырып, ән салып берейікші.
Ән: «Күз-күз, кел-кел»
Әуелеген әуенмен күз ханшайымы келеді.
Күз ханшасы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің аялдамама қош келдіңіздер! Менің сіздерді көргеніме сондай қуаныштымын! Мен бірақ жолда келе жатып, өзімнің алтын-сары жапырақтарымды жоғалтып алдым, табуға көмек бере аласыңдар ма?
Балалар: Әрине.
Жүргізуші: Күз ханшайымы сен мұңайма біздің балалар өзінің достарына көмектесуге дайын кел бірге би билейік, мүмкін көңілің көтеріліп қалар.
Би: «Жүгіреді кішкентай балалар»
Күз ханшасы: Балалар көңілім біраз көтеріліп қалды, бірақ менің сәнім алтын-сары жапырақтарым ғой. Жапырақтарымды таппасам менің көңіл күйім қайта түсіп кетеді.
Әуенмен қорбаң басып кірпі келеді. Арқасына күздің тәжін жабыстырып алған.
Кірпі: мында не шу болып жатыр, алма теруге кедергі жасап жатырсыздар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!
Кірпі: Сәлеметпіз,сәлеметпіз! Не шу деймін мұнда.
Күз ханшасы: Кірпі, сен неге балаларды шошытасың, балақайлар біздің баққа қонаққа келді. Мерекені тойлауға келді. Ал, мен болсам өзімнің алтын-сары жапырақтарымды жоғалтып алдым. Жапырақтарымды таппай мұңайып тұрмын, ал, достарым көмектесеміз дейді.
Кірпі: Алтын-сары жапырақтар? Мынау ма? /Арқасына жабысып тұрған жапырақтарды көрсетеді/
Күз ханшасы: Әрина осы, маған берші кірпі.
Кірпі: Жоқ, бермеймін. Ол өзі ұшып келіп арқама құлады.
Жүргізуші: балалар, кірпі алтын-сары жапырақтарды бермеймін дейді. Онда біз әнменен жауынды шақырып, кірпінің үстін су-су қылып, тоңдыртамыз.
Ән: «Жаңбыр жаушы тоқ-тоқ-тоқ»
Кірпі: ооой, жаурап кеттім ғой. /Тоңғанын көрсетеді/Достар мені кешіріңдерші, мен енді қайталамаймын. /Арқасындағы жапырақты шешіп, күз ханашасына тағып береді/
Күз ханшасы: Рахмет, достар сендер болмағанда мен өз жапырақтарымды таппай қалатын едім.
Жүргізуші: Кірпі, жарайсың сен күз ханшайымға өз алтын-сары жапырақтарын беріп дұрыс жасадың кел бізбен бірге би билеп көңіліңді көтер.
Би: «топ-топ-топ»
Кірпі: Балалар, сендермен шынымен көңілді екен, мен өзімнің қылығым үшін сендерден кешірім сұраймын. Мен енді өзімнің азығымды жинау үшін жолға шығайын, келесі кездескенше сау болыңдар!
Күз ханша: балалар қараңдаршы мында жапырақтар шашылып қалыпты маған жинап бересіңдер ме?
Ойын: «Жапырақтарды жинау»
Күз ханшасы: Жарайсыңдар, достар көп рахмет! Енді осы менің алтын жапырақтарыммен би билесек қалай қарайсыңдар?
Би: «Алуан,алуан жапырақтар»
Күз ханшасы: Рахмет сендерге достар көңіліміз көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Күз ханшасы,сізге көп рахмет! Балалар сендерге мереке ұнады ма? /Балалардың жауабы/ Күз ханшасы біз енді өзіміздің тобымызға оралайық, біз саған жыл сайын қонаққа келіп тұратын боламыз.
Күз ханшасы: Рахмет балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Меніңде сендерге арнап алып келген сыйылығым бар, қабыл алыңдар! Балалар мен сендерді асыға, қуана күтетін боламын. Келесі кездескенше сау болыңдар! \Балаларға алма таратып береді\
Поровоздың әуенімен залдан балалар шығып кетеді.