«Күзгі орманнан күнді іздеп табамыз» (ортаңғы топтың «Алтын күз»- мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі) » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күзгі орманнан күнді іздеп табамыз» (ортаңғы топтың «Алтын күз»- мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі)
27
қазан
2021

«Күзгі орманнан күнді іздеп табамыз» (ортаңғы топтың «Алтын күз»- мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі)


Мақсаты: Күзгі мерекені тойлай отырып, балаларға достар табуға және достарға көмектесуге,олармен би билеп, ойын ойнап,ән салуға үйретіп, Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Күн,Жаңбыр, Саңырауқұлақ, Күз аруы.

Атрибуттар: Ленталар, жапырақтар, қолшатырлар.

Барысы:Әсем безендірілген залға балалар,қолдарына жапырақ тізілген ленталарынмен би қимылдарын жасап, ортаға келіп тұрады.

Жүргізуші:Амансың ба, алтын күн, амансың ба, жер ана!

Амансың ба, балалар, сендерді көрсем қуанам.

Астық пісіп, орақ түсіп, қырман дәнге толады.

Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде.

Жүргізуші: дұрыс айтасыңдар балалар, міне саол көптен сағынып күткен мерекемізді әдемі күзгі бақта бастаймыз.

Әуенмен әуелетіп күз аруы келеді.

Күз аруы: Сәлеметсіңдер ме балалар! /Балалардың жауабы/

-Менің патшалығыма хош келдіңдер!

-Қараңдаршы, балалар, бұл не?  (жапырақтарды көрсетеді.)

Балалар: -Жапырақтар!

Жүргізуші:  -Олардың түстері  қандай?

Балалар:  -Сары, қызыл, жасыл...

Жүргізуші:   -Жарайсыңдар, дұрыс! Қане, балалар, олай болса күз аруымен арнайы сәлемдесіп,ән шырқап берейік. 

Ән:«Күзге сәлем»

Күз аруы: Балалар өнерлерің өрге жүзсін, өте өнерлі екенсіңдер. 

/Көңілді музыка ойнап  Күн мен Жаңбыр шулап кіреді./

Күн: -Күз ханшайым мені жақсы көреді!

Жаңбыр:-Жоқ сені Жаз жақсы көреді, Күз ханшайым мені жақсы көреді.

Тәрбиеші: -Оу, не болды сендерге?!  Неге сонша шулайсыңдар!

Жаңбыр: -Айтыңызшы, Күздің сәні менмін ғой ?! Күз ханша мені жақсы көреді емес пе? 

Күн: -Жоқ, мені! /Балаларға қарап:/ -Айтыңдаршы, сендер мені жақсы көресіңдер ғой, ия?!

Балалар: /қуанып, шапалақтап/  -Ия!!!

Күз ханша: Шашуын шашқан алтын күн, Жер бетіне нәр берген ақ жаңбыр, мен екеуіңді де жақсы көремін. Балаларда дәл солай сендерді дәл мендей жақсы көреді солай емеспе, балалар?/Балалардың жауабы/

Жаңбыр: неге, күнді жақсы көресіңдар? Тек мені ған жақсы көріңдер қазір мен ашуланып сендердің үстеріңді су қылып, әдемі киімдерің былғпр тастаймын. /Күн күркіреген дауыс шығып, балаларға қолшатыр таратылып орындарына биге жайғаса қалу керек./

Би: «Жаңбырдан қорықпаймыз»

Жаңбыр:Сендер шыныменде менен қорықпайсыңдар ма? Барлығың қолшатырдың астына тығылып, көңілді би билеп, қызыққа батып тұрсыңдар ола болса, мен өзімнің бұлттарыммен күннің көзін жауып тастаймын. /Күнді тұрған жерінде қатырып, үстіне сұр мата жауып тастайды/ Ал, міне сендер енді күнді көрмейсіңдер, менімен ғана көңіл көтересіңдер.

Күз аруы: Жаңбыр, бұның не сенің осындай мерекеде мерекенің шырқын бұзып балалардың көңіл-күйін түсіруге болады ма екен? Балалар не істесек екен, мүмкін жаңбырға аранап ән шырқасақ күнді босататын болар.

Ән: «Жаңбыр жауса тоқ-тоқ.»

Жаңбыр: Дауыстары....ң өте кереме...т! Бірақ күнді қайтесіңдер? Мен болсам болды емеспе...? /Өзінше болып/

/Әуенмен саңырауқұлақ келеді/

Саңырау құлақ: ооо, сәлем достар! Мен адасып кеттім бе? Сендер мұнда не істеп отырсыңдар?

Жүргізуші: Сәлеметсізбе! Біз бүгін күз мерекесін қызықтап, тойлап отырмыз.

Саңырау құлақ: Той? Оо.. той деген керемет қой. Жаңбыр жауып, ауа райыда керемет болып тұр, бірақ күн жоқ, аздап тоңып тұрғанымды қарашы. Күн шақса дұрыс болар еді.

Жаңбыр: Оу, саңырау құлақ сенде күн, күн деп қоймадың ғой. Күнді мен өз бұлттарыммен жауып тастадым. Сенде мен жаңбыр болып жапққаннан кейін шығасың ғой, неге күн,күн дей бересің.

Саңырау құлақ: Жаңбыр неге олай жасадың, ия, ол рас жаңбыр жаумаса біз саңырау құлақтар шықпаймыз. Егер күн шуағын шашапаса біздер өсе алмай қаламыз ғой. Мен оданда достарыммен бірге саған билеп берейік, сеніңде көңілің көтеріліп, мүмкін күнді босатарсың.

Би: «Саңырау құлақтар» /Би соңында саңырауқұлақтар құлап қалады/

Жаңбыр: мәссаған, мына саңырау құлақтар, күннің шуағы болмаған соң құлап қалды. Мен оданда күнді босатайын. /Сайқырлы музыкамен күнді бұлт астынан шығарады/ 

Күн: /Көңілді әуенмен саңырау құлақтарға шуағын шашып, орындарынан тұрады/ Көрдіңбе жаңбыр, екеуімізде бірдей достарымызға қажет екенбіз. Енді бұдан былай ұрыспай тату дос болайық.

Жаңбыр: Дұрыс айтасың! Мен қателігім үшін кешірім сұраймын. Енді қайталамауға уәде беремін.

Жүргізуші: Міне, енді дұрыс болды. Күнді іздеп таптық енді осы достыққа арнап ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар? /Балалардың жауабы/

Ойын: «Дос болайық»

Ойынның шарты: Балалар жұптасып тұрады, мұңлы әуен естілгенде бір-бірінен теріс қарайды, көңілді әуен естілгенде қолдарынан ұстасып айналады.

Жаңбыр: Балалар, сендермен өте көңілді бізге достыңтың не екенін түсіндіріп бердіңдер. Рахмет сендерге.

Күн: Достар сендермен өте қызықты болды, біз енді келесі достарымызға қызықты жағдайды айтуға жолға шығайық.

Саңырауқұлақ: Балалар, сендердей дос тапқаныма сондай қуаныштымын. Менде күн мен жаңбырға жол көрсетіп, серік болайын.

Күн,жаңбыр, саңырауқұлақ: Келесі кездескенше сау болыңдар!

Күз аруы: Достар, сендердің баққа келгендерің қандай жақсы болды. Олай болса мерекені әрі қарай жалғастырып, менің сары алтындай жапырақтарыммен би билеп, көңіл көтерейік. 

Би: «Алтын-сары жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар, біз күзгі баққа келіп мерекені тойлап көңілімізді көтердік және күнді іздеп тауып, жаңбырғада жөн көрсеттік. Енді тобымызға оралатын сәт келді.

Берекелі бақ дәулет, 

Арта түссін тойланып.

Сау болыңыздар қонақтар, 

Келгенше жыл айналып.   Дей келе бүгінгі «Қарлығаш» тобының ертеңгілігін әсем әнмен аяқтаймыз. Келесі мерекеде кездескенше сау болыңыздар!

Ән: «Бұл алтын күз!»