25 мамыр 2022 80 1 2 3 4 5 «Біз мектепке барамыз» Мақсаты: Балалардың балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттайтынын ұғындыру, қонақтарға сыпайылық танытып, өз өнерлерін көрсету. Кейіпкерлер: Жүргізуші, Жалқаубек, Білім ханшасы. Атрибуттар: Түрлі-түсті шарлар, көрініске бастарына атрибуттар, ойынға арналған, кітап, дәптер, қалам, өшіргіш, сөмке,ойыншықтар. Барысы: балалар, қоларына түрлі-түсті шарларды ұстап,залға би қимылдарымен кіреді. Би: «Біз мектепке барамыз» Жүргізуші: Білім алған бақшадан, Балдырғандар көңілді. Тәтті әуен мен би думан, Бізде бүгін той думан, Жырдан шашу шашайық. «Жұлдыз» бенен «Ұшқынның» Балабақшамен қоштасу, Ертеңгілігін бастайық. Тақпақтар: /Тәрбиеші деңгейіне қарай береді 5 бала тақпақтар балабақша туралы болуы керек/ Ән: «Тәрбиешіге мың алғыс» Әуенмен ұйқысын аша алмай жалқаубек келеді. Жалқаубек: әй, әй балалар тоқтаңдар! Қайда бара жатырсыңдар? Бағанадан бері барамыз, бармыз деп жатырсыңдар, ұйқымды бұздыңдар ғой, шуылдап./Балалардың жауабы ХОРМЕН: -біз мектепке барамыз!/ Жүргізуші: Жалқаубек? Сен мында қайда жүрсің? Үсті-басың болса кір-қожалақ. Тіпті қонақтармен де, балалармен де амандаспадың ғой. Жалқаубек: Оййй, сізде осы бәрін байқағыш екенсіз. Ал, амандасайын, сәлем достар! /Балалардың жауабы/ Жүргізуші: Жалқаубек, балалар мектепке барайын деп, мерекелік ертеңгілік өткізіп отырмыз ал,сен қайдан жүрсің? Жалқаубек: /басын қасып/ Мектепке барамыз? Мен... ойнап, ой... ұйықтап... ой, апай жүрмін ғой әйтеуір. Жүргізуші: құр босқа жүрген сендей балаға жараспайды. Кел, бізбен бірге, біздің балалармен бәрге мектепке жүр. Жалқаубек: ойй, апай қойыңызшы, мен мектепке барғанша міне былай ұйықтағаным жақсы... /Жерге отыра қалып ұйықтайды/ Жүргізуші: Жалқаубек! Мұның не сенің жалқау болуға болмайды. Балалар жалқаубектің қылығы дұрыспа?/Балалардың жауабы/ Келіңдер балалар жалқаубектің ұйқысын ашып, би билеп берйік. Би: «Флешмоб» Жалқаубек: /Балалар билеп жатқанда ақ рубашка қара шалбар киіп келуі керек/ массаған достар сендер менің мына билеріңмен ұйқымды ашып, мектепке деген зейінімді ашып жібердіңдер. Сендерге келгенім сондай жақсы болған екен. Жүргізуші: Ия, Жалқаубек енді сен жалқау болмай, уақытысында ұйықыға жатып,уақытылы оянсаң сабаққа зейінің ашылып ақылды бала Жалғасбекке айналасың. Жалқаубек: Достар, сендерге көп рахмет, менде сендер секілді бірінші қыргүйекте мектепке баратын боламын. Сендермен мектепте кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші: Балалар сендер сондай ақылдысыңдар, Жалқау болып келген балаға көмек бердіңдер. Балалар бізге тағыда қонақ келе жатқан секілді. /Әуенмен білім ханшасы келеді/ Білім ханшасы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, сендердің ән айтып жатқан дауыстарыңда естіп, мен осында бұрылдым, мен ақылды, саналы, білімді балаларды мектеп қабырғасына жинап жүрген Білім ханшасы боламын. Сендер мектепке барғыларың келеді ме? /Балалардың жауабы/ олай болса, сендердің сөздік қорларыңды тексерейін. Қандай өлең жолдарын білесіңдер? Тақпақтар: /Тәрбиеші деңгейіне қарай береді 5 бала тақпақтар, меңгерушіге, мед.сестраға, аспазшыға,тәрбиешіге, тәрбиеші көмекшісіне алғыс ретінде айтылуы керек/ Білім ханшасы: Жарадыңдар балалар, ендігі кезекте мектепке ұстап баратын сөмкенің ішіне қандай заттар салып апару керек екенін білесіңдер ме? /Балалардың жауабы/ онда қазір мен барлығын шатастырып қоямын, ал сендер соның ішінен керекті заттарыңды салып сабаққа дайындайсыңдар. Ойын: «Мектепке дайындық сөмкесі» Ойынның шарты: Екі командаға бөліп, Ойыншықтар мен конс товарларды шатастырып қою, әуенменен мектепке қажетті құрал-саймандарды жинау. Ескерту: Немесе басқа ойын алсаңыздарда болады, білімге қатысты. Білім ханшасы: Жарайсыңдар, балалар! Сендердің мектепке дайын екендерің көрініп-ақ тұр! Өте алғыр, ақылды балалар екенсіңдер,мен барлықтарыңды мектепке шақырамын және барлықтарыңды метепте күтетін боламын, мектепте кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші: Рахмет, сізге білім ханшасы. Ия, біздің балалар күзде өзіңізбен мектепте қауышатын болады, сау болыңыз. Ән: «Қош балабақша» Жүргізуші: Ия, балалар сендер енді балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттайсыңдар. Ортаға балабақшамыздың меңгерушісі Сағыныш Каримбаевнаны шақырып сендерге жылы лебізі мен марпаттауын қабыл алайық. Ескерту: Балаларға грамота дайындап, текстті Асел апайдан бастырып шығартып аласыздар. Қасына «Қош бол, балабақша»-деген лентаны қоссаңыздар болады. Жүргізуші: Айналайын гүлдерім, Ақ шуақты күндерім. Ерекше қызық тілдерің, Естен кетпес үндерің. Сапарларың сәтті болсын қымбатты балаларым. Ұмытпаңдар тәрбиеші салған із барын, Алдарыңда ұзақ жолдарың бар. Оқумен өсіп толыңдар, Қиындыққа мойымай, Аман- есен болыңдар. Дей келе, бүгінгі тақырыптық ертеңгілігімізді аяқтаймыз.