«Егістіктегі бақбақтар»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
«Балапан» кіші тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу,мүсіндеу, жапсыру
Тақырыбы: «Егістіктегі бақбақтар»
Мақсаты:
а) балаларды егістікте өсіп тұрған бақбақ гүлінің пішінін, әдемілігін сурет арқылы жеткізуге үйрете отырып, бояумен жұмыс істеу біліктіліктерін жетілдіру.
ә) өздері салған суреттеріне қуана білуге және эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту;
б) табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жасыл түсті қағаз, сары гуашь, қылқалам, су, бірнеше түрде салынған бақбақ гүлінің үлгісі.
Сөздік жұмыс: егістік, бақбақ, сабағы.
Оқу қызметінің кезеңдері | Педагогтің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық -қозғаушылық | Шаттық шеңбер: Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз .Иіліп салем береміз Біз әдепті баламыз! Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті Ендеше келген қонақтармен амандасып алайық. | Балалар дөңгелене шеңберге тұрып, шаттық шеңбердің сөзін қайталап, қимыл- қозғалыс жасайды |
Ұйымдастырушылық Ізденістік | -Балалар сендер қайда келдіңдер? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде ауа райы қандай болады ? Ойын –жағдаят: -Балалар мен балабақшаға келе жатып ,өсіп тұрған бір бақбақты көрдім .Ол өзіне дос керек екенін айтып мұңайды. Педагог балаларға бақбақ гүлінің суретін көрсетеді . Көктем кезінде алғашқы гүлдейтін гүлдердің бірі – бақбақ гүлі екенін айтады. Мынау бақбақ оның гүлі сары,сабағы мен жапырағы жасыл болады .Бақбақ далада,балабақша ауласында өседі.Бақбақ гүлдеп болған соң гүлдері түсіп қаңбақ пайда болады. Дәрілік шөп ретінде пайдаланады . Сөздік жұмыс :бақбақ . - Суреттен қандай гүлді көріп отырсыңдар?Бұл гүлдің қалай аталатынын кім біледі?Бұл гүл қай кезде гүлдейді?Гүлдеп болған соң қандай өзгеріске ұшырайды? Бүгін біз егістікте өсіп тұрған, енді гүлдеген бақбақ гүлінің суретін саламыз.Гүл салмас бұрын қолымызды жаттықтырып алайық. Саусақ жаттығуы жасалады Алдымен салу жолдарын, суретті салғанда қағаздың бетін толық пайдалану керектігін түсіндіреді. Шырша ағашының бүрін сары гуашьқа батырып, гүл сабағының жоғары жағына дөңгелек пішінді сары гүлді басып отырып салу керектігін түсіндіреді. 3бала сурет салса,3бала мүсіндейді ,3 бала жапсырады Бір парақтың бетіне бірнеше бақбақ гүлін салуға болатынын ескертеді. Ол бақбақ гүлдерінің көлемі де әртүрлі болуы мүмкін екенін айтады. Педагог бақбақ гүлінің пішінін келтіруге қиналған балаларға көмек көрсетеді.Балаларды жұмыстарын мадақтау. Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыруды ұсынады. Енді сурет салып жапсырып болсаңдар бір сергіп алайық. Сергіту сәті Тербеледі ағаштар, Жел бетіме еседі. Кіп кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі. .Балалар енді мен сендерді сыйқырлап көбелеккке айналдырам ,сендер ұшып гүлге барып қонасыңдар деп бағыт бағдар берем. | Балабақшаға Көктем. Жылы Балалар серуенде жүргенде қандай гүлдерді көргендерін әңгімелеп береді. Бақбақ гүлін Балалар педагогтің айтуы және көрсетуі бойынша егістіктегі бақбақ гүлінің суретін салады. Сергіту сәтіне қимыл қозғалыстар жасайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, бәрінің де жақсы салғандарын айтып мадақтайды. | Өздерінің салған суреттері жайлы әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын.
Игереді: бақбақ гүлі қайда өсетінің, қашан гүлдейтінін.
Меңгереді: сары түсті бояуды пайдалана отырып, бүрді басып салу арқылы бақбақ гүлінің суретін салуды.