Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Жәндіктер» » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Жәндіктер»
27
сәуір
2022

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Жәндіктер»

Тобы: «Қарлығаш»   ортаңғы  тобы

Білім  беру  саласы: Қатынас. Денсаулық. Шығармашылық

Ұйымдастырылған   ашық  оқу  қызметінің   тақырыбы: «Жәндіктер»

Мақсаты: Балалардың   табиғат  әлеміне  деген   қызығушылығын  арттыру.  Жәндіктер   түрлерімен  таныстыру,  олардың   пайдасы  туралы  мәлімет   беру. Жәндіктерді  қорғап,  оларға   қамқор  болуға  баулу. Шығармашылық  қабілеттерін   дамыту.

Керекті  құралдар, көрнекіліктер: Жәндіктер  бейнеленген  суреттер, слайд,  интереативті   тақта.

Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Билингвальді   компонент: Қанқызы-  божья  коровка, көбелек- бабочка, ара- пчела, құмырсқа-  муравей, өрмекші- паук.


Мотивациялық- қозғаушы:

Шаттық  шеңбері:

Табиғат  біздің  анамыз

Табиғатқа  баламыз

Иіліп  сәлем  береміз

Біз  әдепті  баламыз.

-Балалар   қараңдаршы бізге  қонаққа  апайлар   келіпті. Амандасайық!

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

 Балалар   орындарына  отырады.

-Балалар   қазір   жылдың  қай  мезгілі?(Қазір  жылдың   көктем  мезгілі)

-Көктем   мезгілінде  неше  ай   бар?  (Үш ай бар)

-Үш айдың  атын   атайық?(Наурыз, Сәуір, Мамыр)

Көктемде   табиғатта  қандай  өзгерістер   болады?(Күн  жылынады, ағаштар  бүршік жарады. Құстар  ұшып   келеді. Жәндіктер  шыға  бастайды.)

Балалар, мына  суретке   қараңдаршы! Суреттен  нені  көріп   тұрсыңдар?

Балалар   көбелекті, құмырсқаны, араны, қанқызын, өрмекшіні  атайды.

-Дұрыс   айтасыңдар  балалар! Осы  суреттегі   барлығын  жәндіктер  деп   атаймыз.

Балалар, бүгінгі  оқу   қызметінде  «Жәндіктер » тақырыбында  өтетін  боламыз.

 Жәндіктердің  барлығында көп аяқтары  болады. Кейбірі  жүреді, ұшады; кейбірі  тек   ұшады; кейбірі тек  жүре  алады, қанаты   болмайды. Екі  көздері, екі  мұртшасы   болады.

Балалар,   жәндіктер  туралы  қандай   тақпақтар  білесіңдер?


Ара

Гүлден   сорып  бал  жинап

Терлеп   жанын  қинады

Және   өзіне  жиғанын

Адамдарға  сыйлады.

Айсафи

Көбелек

 Көбелек-ау, көбелек

Әдемісің,  гүлдейсің

Ұстап   сені  не керек?

Ойнамайсың, күлмейсің!

Алуа


Құмырсқа

Кіп-кішкене  құмырсқа

Үйір   болып  жұмысқа

Өзі   кіші  болса  да

Қарамайды  тұрысқа

Еңбек   етіп  әркез  ол

Шаршамайды  жұмыста.

Айзере

-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, жәндіктердің кейбір  түрлері   адамдарға  пайдалы  болса, кейбір   түрлері  зиян  келтіреді   екен.

Ара-бал   береді, бал  денсаулыққа  өте   пайдалы.

Зиянды   құрттардан  тазартады. Шағып, зиянын келтіреді.

-Жарайсыңдар, балалар!

Сергіту  сәті: «Бала, бала, балақан»

Ғажайып  сәт:

-Балалар, бүгін  сендермен   бірге табиғатқа, көгалға ( көк   шөп  өскен  жерге)   серуенге  шығамыз, ол  жақта   көптеген  жәндіктер  бар екен.   Ал  бізді  Қанқызы   мен  Құмырсқа  арнайы   күтіп  отыр.

 Тәрбиеші  мен   балалар  көгалға  келеді.   

Ұйымдастырушылық- ізденушілік:

Көгалда   қанқызы  мен  құмырсқа   жоқ  болып  шығады. Бірақ өрмекші  балаларға   қарай  келе  жатады.

-Өрмекші   біз  қанқызы  мен  құмырсқаны  іздеп   жүр  едік  көрмедің   бе?

Ия,   мен  оларды  торыма  орап   қойдым, егер  сендер  құтақарам   десеңдер,  менің  тапсырмаларымды  орындауларың   қажет.

-Балалар,  Қанқызы   мен Құмырсқаны  тордан   шығуына   көмектесеміз  бе?

Өрмекшінің  торына  бару   үшін  барлығымыз  жәндікке   айналуымыз   керек.

Сендер   келісесіңдер ме?

Тәрбиеші   балаларға  сиқырлы  өлеңді   қайталау  үшін  қонақтарға   көздерін  жауып  тұруды   ұсынады.  Ал  балалар   сиқырлы  сөздерді  тәрбиешімен   бірге  қайталайды.

Айналды, айналды

Балалар  жәндікке  айналды.

Тәрбиеші   мен  балалар  көбелек   пен  араларға  айналады.

Барлығы   ұшып  өрмекшінің  торының   жанына  барады.  Балалар   біз  Қанқызы  мен   құмырсқаны  құтқару  үшін, өрмекшінің  бізге қойған   тапсырмаларын  орындауымыз  қажет.   Мында  балалар Өрмекші  тапсырмаларын   дайындап  қойыпты.

Біз   балалар  қанқызымен  жақын танысайық.  Қызыл   түсті,  үстінде  нүктелері бар, алты аяғы бар, екі көзі бар, екі мұртшасы бар, қанаттары бар.Қанатымен ұшады, аяқтарымен  жүре   алады. 

1-тапсырма:  Дидактикалық   ойын: «Жасырынған   жәндікті  тап!»

Балаларға  ойынның   шартын  түсіндіру.

2-тапсырма: ал, енді  екінші  тапсырмада  досымыз   қанқызын  әсемдеуге  көмектесейік.Біз  балалар   қанқызымен  жақын танысайық.  Қызыл   түсті,  үстінде  нүктелері бар, алты аяғы бар, екі көзі бар, екі мұртшасы бар, қанаттары бар.Қанатымен ұшады, аяқтарымен  жүре   алады. 

Үш   топқа  бөлініп  тапсырманы   орындаймыз.

Бірінші  топ   осы  жәндіктің  суретін   салуымыз  керек. Берілген  дайын   қанқызының  үстіне  нүктелерін  салу. Қанқызын   әсемдейміз.

 Ал  екінші   топ   тағы да сол  қанқызының    нүктелерін  жапсырамыз.   Фетра  арқылы  жапсыру. Қанқызын  әсемдейміз.

Ал   үшінші  топ  Қанқызын   толықтырып  мүсіндеп  шығару. Қанқызын  әсемдейміз.

  Балалар    шаршап   қалған  сияқтымыз  тыныс   алу   жаттығуын  жасап  алайық.   Мұрнымызбен дұрыс тыныс алып, аузымызбен   үрлеп  қанқызын   биікке   ұшырамыз.

3-тапсырма:Дидактикалық   ойын: «Жәндіктерге  өз   үйін  табуға  көмектес!»

Балаларға  шартын   түсіндіру. Тақтаға   жәндіктердің  үйлерін  қойып, балаларға  жәндіктің   суретін беріп  үйіне  апаруын   түсіндіру.


Рефлексиялық - түзетішілік.

Балалар   енді  сендер  өрмекшінің   барлық  тапсырмасын  орындадыңдар! 

- Тәрбиеші  балаларға   құтқарып  алған  жәндіктерді   алып  топқа  қайтуды   ұсынады.Барлығы  ұшып  топқа   келеді. Сиқырлы  өлеңді  айтып,   қайтадан   балаларға  айналады.

Айналды, айналды

Жәндіктер  балаларға  айналды.

-Балалар,  бүгінгі   оқу  қызметіміз  сендерге   ұнады  ма?

-Бүгін   біз  не  туралы   білдік?

-Қандай   жәндіктерді  білдіңдер?

Жәндіктерді  суреттен   көрсетіп  қайталату.

Билингвальді   компонент: Қанқызы-  божья  коровка, көбелек- бабочка, ара- пчела, құмырсқа-  муравей, өрмекші- паук.

-Ішіндегі  қай   жәндік  ұнады?

Бүгін  қандай   жәндіктің суретін салдыңдар,   мүсіндедіңдер, жапсырып   үйрендіңдер?

Балалар   сұраққа  жауап  береді.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар   сендерге  қанқызы  мен   құмырсқа  алғысын  білдіріп, сендерге  сыйлық   берді. Сыйлықты  топқа  барып   ашамыз.

Дөңгеленіп  тұрайық,

Үлкен  шеңбер  құрайық.

Көріскенші  күн  жақсы!

Сау саламат  болайық!

-Қонақтарға  саубол   айтып,  қоштасамыз.