Дәстүрлі және дәстүрден тыс аспаптардың бір арнада тоғысуы. » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дәстүрлі және дәстүрден тыс аспаптардың бір арнада тоғысуы.
26
мамыр
2022

Дәстүрлі және дәстүрден тыс аспаптардың бір арнада тоғысуы.

Оқу қызметінің тақырыбы: Дәстүрлі және дәстүрден тыс аспабтардың бір арнада тоғысуы. Білім беру саласы: шығармашылық Мақсаты: Балалардың Қазақ Ұлттық аспаптары жайлы білімдерін кеңейту. Дәстүрлі аспаптарымыз, домбыра, қобыз, сазсырлайлардың түр сипатын көрсетіп,музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, Дәстүрлі ән шырқауға үйрету. Сондай-ақ, дәстүрден тыс құралдардың, дәстүрлі аспатарға тоғыстыруға болатынын көрсету, сезіндіру. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, музыкалық аспаптар- домбыра, қобыз, сазсырнай жән олардың суреттері, көңіл күйді білдіретін смайлктер, дәстүрден тыс қолданылатын-целофан, асық, ағаш қасық. Сөздік жұмыс: Қазақтың ұлттық аспаптарының атауы, домбыра, қобыз, сазсырнай, дәстүр, еркем-ай. Сабақтың барысы: Балалар күй сандықтың сүйемелдеуімен залға қол соғып кіреді, Күйсандықтың жанынына орналасқан орындықтарға отырады, музыка жетекшісі балалармен амандасады. Сабаққа қызығыушылығын арттыру мақсатында дауысқа (тіс,тіл,мұрын,ерін, тыныс алу жолдары) арналған жаттығулар жасайды. Дауысқа арналған жыттығудан соң, саппен интерактивті тақтаның алдына жайғасады. Музыка жетекшісі: Балалар, бүгінгі біздің өтетін оқу- қызметіз ерекеше болмақ. Жаңа тақырып «Дәстүрлі аспаптар мен дәстүрден тыс аспаптардың тоғысуы» деп аталады. Балалар біз қай Мемлекетте тұрамыз? Яғни, біздің өзіміздің Ұлттық аспаптарымыз болады. Балалар біздің ұлттық аспаптарымызды білесіңдер ме? Балалар экранға назар аударайықшы. Қандай аспаптар көріп тұрмыз? Ия, балалар дұрыс айтасыңдар, міне біз тақтадан суретін көрсек қазір, аспабтардың өзін ұстап, әнде үйренеміз. Қос ішеітің бірін қатты, Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз Қазақ,Қазақ емес, Нағыз Қазақ домбыра – Дегендей мынау, домбыра Ұлттық аспабымыз. Домбыраны шынайы түрде көрсетіп, балаларға ұстату. Үнін естірту. Көп ішек, бір ысқышпен, Бойынан әсем әуен төгілген. Сызылтамын, қалықтатып үніммен, Кел, досым танысайық менімен- деп қобыз аспабының құрылымы, төрт ішектен, бір ысқыштан тұрады. Олда домбыра сияқты басы мойыны, Шанағы құлақтары болады. Балалар домбырада неше құлақ болды? Енді қобыздың құлағын санап көрейікші. Сонымен, қобызда неше құлақ? Балалар сонымен қатар қобыздың досы ысқышы болады, егер досы ысқыш болмаса,әуен ойнамай қалады, сондықтанда қобыздың досы кімдеп сұрағанда ысқыш деп айтуды ұмытпаңдар. Сыбызғыдай сызылған, Сазды үннен құралған. Сазды құмнан жасалған, Сазсырнай деген аспап осы болады балалар. Бұл сазды балшықтан жасалып, өзінің белгіленген жерлеріне мынадай етіп, ойықтар ойылдып жасалады екен. Енді балалар осы дәстүрлі аспабымыз «Домбырамен» біздің халық әнімізді жаттайық. Ән үйрену: Халық әні:«Еркем-ай» Балалар біз Ұлттық аспаптардың түрлерін үйрендік, әндеадық. Енді мен сендердің олардың дабыстарын естіп, есту арқылы көңілді ме, мұңды ма соны ажырата алсыңдар ма, соны байқағым келеді. Жоғары жақта орналасқан столдарға балаларды жайғастырып: Дидактикалық ойын: «аспаты тап, көңілді ме, көңілсіз бе ажырат» Яғни, балалар ойынның шартыын түсініп алайық. Мында біз бүгін танысқан қандай аспаптар тұр? Ия, Домбыра, қобыз, сазсырнай аспаптары тұр. Оған қоса көңіл күйді білдіретін смайликтер тұр. Қайсы көңілді? Қайсысы мұңлы? ажыратып көрейік мен Ұлттық аспаптарды араластырып қоямын, сендер қай аспап екенін және көңілді ме? Мұңлы ма? Соны есту арқылы табатын боласыңдар. Сергіту: Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, би билеп бойымызды сергітіп алайық. «әсем әуен» Дәстүрден тыс құралдармен танысу: Балалар орындарыңа жайғаса қойыңдар. Енді балалар біз дәстүрден тыс аспап ретінде қолдануға болатын құралдармен танысатын боламыз. Целофан, ағаш қасық және өзіміз ойынға қолданатын асық. Тыныс алу және саусақ жаттығуы: балалар біз ән айту үшін бізге тынысты дұрыс алу, өте қажет. Сол тынысымызды ашу мақсатында және саусақтарымызды жаттықтыру мақсатында мына целофанды үрлейміз, және ауасын шығарып алмай ауызын мықтап байлаймыз. Байлап дайындап қоямыз. Ендігі кезекте балалар, бұл құралдарды аспап ретінде қолданып, дәстүрлі нақышқа келтірілген аудиожазбамен бір-бірімен байланыстырмыз. Қорытындылау-Ансабль: Балалар біз қазір ансамбль құрамыз, мен целофады көрсеткенде барлықтарың аласыңдар, асықты ұстағанда, асықты бір-біріне соғу арқылы дыбыс шығарамыз, ағаш қасықтыда дәл солай. балалар бүгінгі ашық оқу-қызметімізді шағын ансабльмен қорытындылаймыз. «Көгершін» ансабльінің орындауында Қазақтың халық әні «Дайдидау» Балалар, Жарайсыңдар! Сендерге бүгінгі өтілген ашық оқу-қызметі ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар сендер сабақта өте белсенді, ақылды, болдыңдар. Меніңде көңілім көтеріңкі, мына көңілді смайликтермен марапаттаймын. Музыка сүйемелдеуімен балалармен қоштасып, қол соғып музыка залынан шығады.​​​