«Сиқырлы қоңырау қонақтарды шыршаға шақырады» «Қарлығаш» тобының жаңа жылға арналған ертеңгілік сценариі
Әсем безендірілген залға музыка ырғағымен балалар кіреді. Балалар шеңбер болып жүріп, екіге бөлініп, жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші:Бүгін әсем жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргенде де, көрмегенде арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа табыс пен шаттық береке алып келсін.
Жүргізуші:Балалар, қараңдаршы айнала қандай әдемі. Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы әдемі безендірілген екен. Әдемі шыршамызға арнап ән шырқап берейік.
Ән: «Шыршаға бардық»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз қандай мерекені тойлауға жиналдық.
Балалар: Жаңа жыл мерекесін.
Жүргізуші: Балалар біздің мерекемізге кімдер қонаққа келуші еді білесіңдерме?
Балалар:Аяз ата
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар балалар! Аяз ата бізге не алып келеді?
Балалар: Сыйлықтар алып келеді.
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар балалар! Балалар сендер жыл бойы ақылды, тәртіпті балалар болдыңдар енді өнерлеріңді көрсетсеңдер Аяз ата сендерге сыйлықтарын береді.
/Шыршаның жанында қапшық қимылдайды/
Жүргізуші:Ой, балалар қараңдаршы мында тұрған не нәрсе?
Сыйлықпа?Бізге Аяз ата сыйлықтарын қорапшаға салып қойып кеткенбе? Аяз атаның өзі қайда екен? Ашып көреміз бе?
Балалар:Әрине
Қапшықтың ішінен Барыс атып шығады.
Сиыр: му-му-му... Сәлеметсіңдерме, балалар! Ия, бұл менмін- 2021 жыл Сиыр жылы боламын! Мерекеге тосын жасайын деп келген едім, мынау қорапшаға түсіп кеттім. Сендерге көп рахмет көмектесіп, мені шығарып алдыңдар. Аяз ата сендерге ашық хат пен сыйқырлы қоңырау беріп жіберді. Осы хатты өздеріңізге тапсырайын. /Жүргізушіге береді/
Жүргізуші:/хатты оқиды/Сәлем хат!
Сыйқырлы қоңырауым сыңғырлап!
Сыңғырлау керек анықтап,
Қоңырау үнін ести сап(салып),
Біз келеміз шарықтап! Балалар, аяз ата осылай хат жазыпты, онде неге тұрмыз, аяз атаның өтінішін орындайық.
Сиыр:Балалар,жаңа жыл келгенше мен сендермен қалсам болады ма?
Балалар: Әрине.
Жүргізуші: Олай болса балалар, аяз ата берген сыйқырлы қоңырауымызды алып, сыйқырлы сөзімізді айтайық.
Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,
Бізге қонақ әкелші.
Қонақтарды күтеміз,
Ән мен жырға бөлейміз./Қоңырауды соғады/
Әуенмен аю келеді.
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Жүргізуші: Мәссаған біз аяз атаны күткен едік, аюжан сен қайдан жүрсің?
Аю: Мен орманда боранда адасып,қоңыраудың дауысын естіп, осында келдім. Жаңа жылдық мерекеге там болған секілдімін. Мерекені менде сендермен қарсы алсам болады ма? Жаурапта кеттім, міне меркеге алып келген балымда бар.
Балалар: әрине!
Жүргізуші: Әрине аюжан кел, төрлет, біздіңде балалар саған арнап сыйлық сыйлағысы келеді, сыйлық алып, әрі би билеп жылыныпта аласың.
Би: «Гномиктерден сайлық» /ұлдар подарокпен билейді/
Аю: балалар рахмет, сыйлық алып, көңілім көтеріліп,жылыныпта қалдым. Мен енді орманыма қайтайын, жаңа жыл құтты болсын! Денсаулықтарың мықты болып, жыл бойы ақылды болып өсе беріңдер! Сау болыңдар!
Балалар: сау болыңыз!
Жүргізуші: ал балалар біз әрі қарай қоңырауымызды соғамыз!
Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,
Бізге қонақ әкелші.
Қонақтарды күтеміз,
Ән мен жырға бөлейміз./Қоңырауды соғады/
Әуенмен жаңа жыл барыс жылы келеді.
Жүргізуші: ой, бізге қонақ келді. Кім екен сұрайықшы.
Барыс: ыр-ыр-ыр...сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жаңа жыл, барыс жылы боламын.
Балалар: сәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Жаңа жыл, Барыс жылы келіңіз төрлетіңіз, біздің аяз атаны жолдан көрген жоқсызба?
Барыс: ыр-ыр-ыр... мен жаңа жыл барыс жылы боламын. Аяз атаны көрмедім, қоңыраудың дауысын есітіп осында келдім.
Сиыр: му-му-му...Қош келдің жаңа жыл. Мен енді орынымды барыс жылы саған беремін, балалар биылғы жылы өте ақылды, тәртіпті болды. Менің жылым қайта айналып келгенше, ақылды, тәртіпті балалар болып өсе беріңдер. Келесі кездескенше сау болыңдар балалар!
Балалар: сау болыңыз! /Әуенмен қоштасып шығып кетеді./
Барыс: балалар шыршаларың неге жарқырамай тұр? Мен сиқырлы сөзді білемін. Қол соғып сол сөзді қайталасаңдар, шамдары жарқырап, шыршаларың әдемі бола түседі.
«бір,екі,үш. Шырша шамы жарқырай түс» /Үш рет қайталайды,3 рет қайталағанда шамы жанады/
Жүргізуші: Балалар жарқыраған шыршамызға аранап, би билейік.
Би: «Шырша биі» общ билейді
Жүргізуші: Балалар жаңа жылымыз ортада,шырша шамын жақтық, шыршаға арнап биде биледік.Енді біздің аяз атамызды шақырайық. Айтпақшы сыйқырлы қоңырауымызды соғайық!
Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,
Бізге қонақ әкелші.
Қонақтарды күтеміз,
Ән мен жырға бөлейміз./Қоңырауды соғады/
Әуенмен ақшақар келеді,көңілсіз.
Ақша қар: сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Ақшақар сәлеметсің бе! Сені көргенімізге қуаныштымыз бірақ, аяз ата қайда? Неге көңілсізсің?
Ақша қар: Балалар, орманда қатты боран соғып аяз атадан адасып қалдым. Енді не істесек болады екен? Аяз ата болмаса мереке қызық болмайды ғой, сыйлықтардың барлығы аяз атада!
Жүргізуші: Ақшақар сен мұңайма. Мұнда сенің ақшақар қыздар күтіп отыр би билеп көңіліңді көтеріп ал. Содан соң аяз атаны іздеп табамыз.
Би: «Ақшақарлар» қыздар
Ақша қар: қандай кереметсіңдер балалар! Ақұлпа қырлармен билеп, көңілім көтеріліп қалды. Бірақ мында қарлар шашылып қалыпты, жинауға көмектесесіңдер ме? Бірақ қарды қолмен ұстасаңдар қолдарың тоңып қалады ғой, енді қайтсек болар екен?
Жүргізуші: Ақшақар мұңайма, біздің балалар батыр және ақылды саған жинап көмектеседі. Қарды қолмен емес қалақпен жинау керек екенін біліеді.
Ойын: «Ақ ұлпаларды жинау»
Ойынның шарты: Әуенмен ұлпаларды шыршаның жанынан қалақпен алып, залдың екінші басына шелекке апарып жинау.
Ақшақар: Жарайсыңдар балалар! Мерекелік кештің ажарын кіргізіп, тазалық жасапта қойдық. Рахмет достар! Ал,Аяз ата қайда жүр екен? аяз ата келмеді, адасып жүрме екен? Қане балалар, аяз ата деп айқайлап шақырайықша.
Балалар: аяз ата, аяз ата, аяз ата!
Жүргізуші:Балалар,сыйқырлы қоңырауымызды соғайық,мүмкін естіп келіп қалар!
Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,
Бізге қонақ әкелші.
Қонақтарды күтеміз,
Ән мен жырға бөлейміз./Қоңырауды соғады/
Аязата:эээхей, естіп тұрмын, келе жатырмын /Сырттан айқайлайды/Амансыңба, ұлдарым,Амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,Қандай әсем жырларың.
Асулармен алыстым,Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,Өздеріңмен табыстым.
Жүргізуші:Қош келдіңіз Аязата! Төрлетіңіз! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы болыңыз!
Аязата: Рахмет, балалар! Сендерге келе жатқан жолда орманда қатты боран соғып, немеремнен адасып қалдым. (аязата мұңайады)
Ақшақар: Аяз ата мен мұндамын, еш уайымдамаңыз сіз жіберген қоңыраудың дауысын естіп, осында тап болыдым. Балалармен менің мұңайған жүзімді көріп, көңілімді көтеріп, сізді табуға көмектесті.
Жүргізуші: ия,уайымдамаңыз Аязата, немереңіз біздің қасымызда.
Аязата: ой,рахмет балаларым жоғалтып алдымба деп қорқып едім. Ақшақар қызым осында екенсің ғой. Сендер секілді ақылды балаларға сыйлық беруге әбден лайықсыңдар.
Жүргізуші: аяз ата алыс жолдан шаршаған боларсыз,келіңіз отырып балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.
Тақпақтар: / тәрбиеші баланың деңгейіне қарай береді/
Жүргізуші:балалар енді Аязата мен ақшақардың құрметіне ән орындап берейік.
Ән: «Аяз ата,ақша қар»
Жүргізуші: Аяз ата ақша қар, сіздерге балалардың тақпақтары ұнады ма?
Аяз ата: әрине ұнады.
Ақшақар: Аяз ата, балалар мына жер өте ыстық екен, ал, мен ыстық жерде еріп кетемін ғой.
Жүргізуші: Балалар ақшақар еріп кетпес үшін, ақша қар мен аяз атамен қызықты ойын ойнаймызба?
Балалар: ия!
Ойын: «Атыспақ»
Ойынның шарты: Мына ақ ұлпа қарлармен атыспақ ойнаймыз. Еріп кетпес үшін ақша қар мен аяз атаға қарды көптеп лақтырамыз.
Жүргізуші: Ақша қар енді жақсы болып қалдың ба?
Ақшақар: Достар, рахмет! сендер болмағанда еріп кеткен болар едім.
Жүргізуші: Аяз ата ойын ойнап шаршаған боларсыз?
Аяз ата: Ой,ой балалар шаршадым! Қандай қызықты ойын. Рахмет сендерге.
Жүргізуші: олай болса, демалып отырып,балалардың әсем әнін тыңдаңыз.
Ән: «Кішкентай шыршамыз»
Аяз ата: Балалар, тақпақтарыңды тыңдадық,биледік,ән айттық, ойнадықта енді мына сыйлықтарыңды апайларың топқа барғанда таратып береді. Ал, сендер келер жылы мен келгенше ауырмай-сырқамай өсіп,ақылды бала болыңдар! Бізді өздерің секілді, балаларым күтіп отырған болар, оларғада барып, өнерлерін тамашалап, сыйлықтарын таратайын. Сау болыңдар!
Барлығы:Сау болыңыздар!
Жүргізуші:Жаңа жылдың нұры неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймыз деген сөз,
Қанаттанды кең алқапқа тарайды,-дей келе, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа табыс пен шаттық береке алып келсін.Келесі кездескенше сау болыңыздар.