«Жаңа жылдық мерекеде - Қызыл телпекке саяхат» «Жұлдыз »тобының «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша лайықталып жазылған, жаңа жылдық сценариі » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңа жылдық мерекеде - Қызыл телпекке саяхат» «Жұлдыз »тобының «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша лайықталып жазылған, жаңа жылдық сценариі
29
желтоқсан
2021

«Жаңа жылдық мерекеде - Қызыл телпекке саяхат» «Жұлдыз »тобының «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша лайықталып жазылған, жаңа жылдық сценариі



Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау,ертегі кейіпкерлерінің ролдерін сомдауға, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білу.

Кейіпкерелер:Қызыл телпек, Қасқыр, әже, орман жұлдызы, Джентельмендер, ақшақар, аяз ата.

Көрнекіліктер:Корзина,шляпалар,жұлдызды жарықтар,орындық,орамал.

Барысы:Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып,әуенмен келеді және жартылай шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші:-Құрметті достар, қадірменді қонақтар, сіздерді келе жатқан жаңа 2021 жыл Барыс жылымен шын жүректен құттықтаймыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілейміз.

Жаңа Жылды қарсы алып,
 Жасаймыз біз жылда бір.
 Жарқын – жарқын ән салып,
 Жалғасады жырға жыр.

Ән: «Құтты болсын жаңа жыл» ф-но

Жүргізуші: Балалар бүгін біз жаңа жылдық мерекені тойлауға жиналдық, Әсем безендірілген шыршамызда ортамызда жайнап тұр, бірақ шамдары жанбапты. Әдемі тақпақтарымызды шыршамызға арнап, шамдарын жағып, оданда керемет етңп, жарқыра түсейік. 

Балалар: Шыршаға аранап тақпақтарын айтады. /Балалардың деңгейіне қарай тәрбиеші береді./

Бала:Тауда туып, тауда өскен
 Шырша келді ортаға,
 Қандай сұлу шыршамыз,
 Шамын жағайық баршамыз!

/Шырша шамы жанады/

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді жарқыраған әсем шыршамыздың құрметіне әсем әнімізді тарту етейік.

Ән: «Келді міне жаңа жыл»

Жүргізуші: Ертегі әлемі, 
 Қандай ғажап, әдемі,
 Жасыл шырша жанында,
 Барлық достар жиналды.
 Кәне балақай, байқашы,
 Достарыңның бәріде,

Үлгерді ме, санашы

Балалар: Бәріміз осындамыз.

Жүргізуші:-олай болса, балалр енді сиқырлы күшпен «Қызыл телпек»ертегісіне аттанамыз әлеміне аттанамыз. / әуенмен балалар қол ұстасып залды шеңбермен бір рет айналады/

Көңілді әуенмен қызыл телпек келеді. Қолында себеті бар.

Қызыл телпек: Қандай мамық әппақ қар,

Орманда сұлу әдемі.

Мерекелік көңілмен,

Мен барамын әжеме.

Сыйлығым бар әжеме,

Тоқаш, бәліш әрине,

Керемет қой дәміде.

Ля-ля-ля-ля….

-Ой, Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Қызыл телпек: Балалар, сендер қайдан жүрсіңдер?

Жүргізуші: Қызыл телпек сәлеметсің бе! Біз жаңа жылдық мерекеде саған қонаққа келдік, орманға келіп, жаңа жылды сенмен бірге қарсы алғымыз келді.

Қызыл телпек: қандай керемет, жаңа жылдық мерекеде менің ертегіме қонаққа келгендеріңе сондай қуаныштымын. Менде әжеме жаңа жылдық дастарханға бәліш апра жатырмын. Сендермен ән айтып би билеп әжеме жетіп қалатын болдым.

Әуенмен қасқыр келеді.

Қасқыр: Қызыл телпек, мында жүрген сенбе?

Дәмді бәліш пен тоқаштың иісі шығады ғой.

Себетіңде не бар? Бері әкелші көрейін. /Себетіне қарай ұмтылады/

Қызыл телпек: ештеме жоқ себетте,

Асығып тұрмын бөгеме./Себетін артына тығады/

Қасқыр: Асығыс болсаң қайтейін,

Себетіңді бір көрейін.

Мен ашуланбай тұрғанда,

Айт деймін!Бәліш барма сумкаңда?

Қызыл телпек:Жақтырмаймын, сендей дөрекілерді /өзінше болып   айтады/

Қасқыр: /Басын қасып,ұялып/Енді бұзақы, ақылсыз емеспін ғой, мен сондай сыпайы да, ақылды да бола аламын.

Қызыл телпек: Міне енді жөнге келдің, маған қонаққа жаңа жылдық мерекеге қонақтар келді, ал мен болсам әжеме тәтті бәліш алып барамын. Қасқыр сен өзің қайдан жүрсің? Сен өзің сыпайымын дейсің, қонақтармен амандаспадыңда ғой.

Қасқыр: Ой, кешіріңдер! Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Қасқыр: Қонақтарды байқамай қалыппын,кешірім сұраймын. бізге орманға  қонаққа келген екенсіңдер,олай болса ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

Ойын: «»

Ойынның шарты:

Қасқыр: Жарайсыңдар,достар. Маған ойын ұнады,керемет ойын болды. Қызыл телпек сенің әжең қай жерде тұрады.

Қызыл телпек: Орман шетіндегі ауылдың жанында,бірінші көшенің, бірінші үйінде.

Қасқыр: /Ойланып,басын қасып/- а,орман шетінде дейсің ба? жарайды жолың болсын! Кездескенше, менде өз жолыммен кетейін. /Қолын бұлғап шығып кетеді./

Қызыл телпек: Сау бол, қасқыр! Менде достарымның көмегімен әжеме қонаққа барамыз /залды шеңбер болып бір айналады,алдынан джентельмендер шығады/

Джентельмен: Оу, қызыл телпек сәлеметсің бе!

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме!

Джентельмен: Байқаймын жалғыз емес секілдісің? Сәлеметсіңдер ме достар!

Балалар: сәлеметсіз бе!

Джентельмен: Қайда бара жатырсыңдар? Орман үлкен әрі қоқынышты. Байқаңдар қасқыр кезңгңп қалмасын. Ал, мына себетіңде не бар?

Қызыл телпек: Мен достарыммен бірге әжеме мерекелік дастарханға  бәліш пісіріп, сыйлыққа алып бара жатырмыз. Қасымда достарым бар кезде мен орманнан қорықпаймын. Достарымызбен бірге қасқырданда қорықпай, оны жөніне жібердік.

Джентельмен: Қасқыр? Қасқыр дейді ? бізде қасқырдар қорықпаймыз, бізде мерекелік кешке бара жатырмыз, сендермен бірге қалып мерекені тойласақ болады ма?

 Қызыл телпек: Әрине біздің достарымыз көбейіп жатса біз қуанамыз. Келіңдер менің достарыммен бірге би билеңдер.

Би: «Джентельмендер» ұлдар шляпамен

Джентельмен: қызыл телпек,достар сендермен бірге көңіл көтерген бізге қатты ұнады сендермен бірге қалсақ болады ма?

Балалар: әрине!

Қызыл телпек: Олай болса,әжеме қарай жол тартайық. /Залды бір шеңбер айналады/ мәссаған мен адасып қалдым. Әжемнің үйіне баратын жол оң жаққа ма еді? Әлде сол жаққа ма? /оңға солға абдырап жүреді/

Әуенмен орман жұлдызы келеді.

Жұлдыз: Қандай әсем айналам,

Мен сәулемді шашқанмын.

Адасып қалған жандарға,

Көмекке мен барамын. Сәлем қызыл телпек?!

Қызыл телпек: Сәлеметсіз бе! Мен мына орманда достарыммен бірге  әжеме қонаққа бара жатқан едік,адасып кеттік. Енді қайтсек болар екен? Сен маған көмектесе аласың ба?

Жұлдыз: Әрине қызыл телпек, сендей ақылды, мейірімді қызға көмектесемін. Менің жұлдыздай жарқыраған қыздарым өз сәулелерін шашып сендерге жол көрсетеді.

Би: «Жұлдыздар» /қыздар/

Қызыл телпек: Қандай, керемет рахмет саған орман жұлдызы сендердің жарқыраған сәулелеріңмен әжемнің үйіне жетіп қалған секілдімін.

Жұлдыз: Саған көмектескеніме қуаныштымын! 

/әуенмен ақшақар келеді,көңілсіз/

Ақша қар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Ақша қар, қош келдің! Төрлет! Біз мерекеге, қызыл телпекке қонаққа келдік. Сен неге көңілсізсің?

Ақша қар:Біз аяз ата екуміз сіздерге мерекеге келе жатқанбыз, боран соғып аяз атадан адасып қалдым. Аяз атаны таппай көңілсіз болып тұрмын. Енді не істесем болар екен?

Жұлдыз: Ақша қар сен мұңайма. Мен өзімнің жарқыраған жұлдызды сәулеммен аяз атаға жол көрсетіп осында жіберемін. Сендер мерекені жалғастыра беріңдер. Келесіде кездескенше сау болыңдар достарым!

Балалар: сау болыңыз!

Жүргізуші: Осындай, мейірімді достарыңның болағаны қандай жақсы. Олай болса балалар ақша қардың көңілін көтеріп, барлығымыз қол ұстасып,ән салып,мерекені жалғастырайық.

Ән: «Құтты болсын жаңа жыл» Дәрібаевтар

/Әннен кейін балалар орындарына отырады,қызыл телпек үйшіктің қасына барады, алдында қасқыр әже сияқты киініп алып отырады/

Қызыл телпек: Тук-тук, мен келдім әжетай,

Есік ашшы әжетай.

Қасқыр әже: Келдің бе, жарқын немерем,

Есік ашық кіре бер.

Қызыл телпек: әже мен келдім, жаңа жылдық мерекеде сізге тәтті бәліштер мен бізге келген қонақтардыда алып келдім.

Қасқыр әже: Қонақтарды қоя тұр, бәліштерді бері әкел.

Қызыл телпек: Қазір әже. /Қасына келіп отырып қолын сипайды/

Әже, қолыңызға не болған?

Қасқыр әже: Жүннен қолғап тігіп алғанмын, жаурап қалмайын деп.

Қызыл телпек: әже құлағыңыз неге үлкейіп кеткен?

Қасқыр әже: сені алыстан жақсы естейін деп, үлкейген.

Қызыл телпек: Әже тістеріңіз неге өсіп кеткен?

Қасқыр әже: Көп сұрақ қойып болмадың ғой, бұл тістер сенің бәліштеріңді жеу үшін үлкейген. /деп орнынан атып тұрып, залды айналып қуалайды/

Әуенмен аяз ата келеді. Қызыл телпек аяз атаның артына тығылады.

Аяз ата:аңғал қасқыр сен неге мерекенің шырқын бұзып, балаларды қорқытып жатырсың? Қазір мына жерден кетпесең,сені сыйқырлы таяғыммен сыйқырлап тастаймын. /қасқырға таяғын сермеп қалғанда, қасқыр қашып кетеді./

Қызыл телпек: Аяз ата сіз келіп,көмектеспегенде қасқыр меніің барлық бәлішімді жеп қоятын еді. Көмектескеніңізге рахмет.

Ақша қар: Аяз ата сізден адасып қалып уайымдап едім, маған қызыл телпек пен оның достары көмектесті. 

Аяз ата: рахмет балаларым, мен боранда адасып жүргенде орман жұлдызы келіп, көмектестіп,жолда осы жаққа қарай көрсетті. Орман жұлдызына көп рахмет.

Жүргізуші: Балалар мерекенің қадірлі қонағы аяз атамыз келді,ата алыс жолдан шаршаған боларсыз,келіңіз төрлетіңіз,отырыңыз. Ал, біз балалар аяз атаға арнап ән айтайық. 

Ән: «Аяз ата»

Қызыл телпек: Әнде айттық, биледік,қонақтарда келді. Ал, менің әжем қайда екен?/әуенмен әже келеді/

Әже: амансың ба ұлдарым, амансың ба қыздарым!

Менің сұлу қызымда, келіп қалыпты қонаққа.

Қызыл телпек: Әже сәлеметсіз бе! Мен сізді қасқыр өзімен алып кетті ме деп уайымдап қалсам, мында екенсіз ғой.

Әже: қасқыр? Қайдағы қасқыр? Мен ешқандай қасқырды көрмедім. Мен көршінің үйіне барып келсем мында қонақтар жиналып,мереке болып жатыр ғой.

Қызыл телпек: ия,әже қонақтарда келді, менде келдім. Ал, мен сізге арнап тәтті бәліштер алып келдім.

Әже: рахмет айналайын балаларым.

Жүргізуші: Ал, балалар, қызыл телпек әжесіне аман-есен жетті, ең бастысы мерекеге арналған тәтті бәліштерін алып келді,біз оған көмектестік. Сондай-ақ, мерекенің қадірлі қонағы аяз ата мен ақшақарда осында, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Аяз ата: жарайды.

Тақпақтар:/Балалардың деңгейіне қарай тәрбиеші береді./

Аяз ата: Ой,жарайсыңдар балалар! Сендер ақылды балалар екенсіңдер. Қызыл телпекке және менің немерем ақшақарғада  көмектестіңдер және жыл бойы ақылды бала болдыңдар, сендерге арналған сыйлығымды беремін, топқа барған соң бөліп аласыңдар.

Жүргізуші: Олай болса не тұрыс, жаңа жылдың құрметіне арнап барлығымыз би билейік.

Аяз ата: Ал, балаларым сендермен өте көңілді кештің куәсі болдық. Біз енді жолға шығайық, басқада балалар күтіп қалған болар.

Қызыл телпек: Ия, ата бізде әжем екеуіміз басқада достарымызға қонаққа барайық.

Бірге: Келесі жылы кездескенше сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Осылайша біз мерекені ертегі әлеміне қонаққа келіп қарсы алдық. Ертегі кейіпкерлеріне көмектестік, көңіл көтердік, ендің топқа оралатын сәт келді. /әуенмен қол ұстасып, залды бір айналып, топқа оралады/ міне, балалар топқада оралдық ал,сендерге  ертегі ұнадыма?

Балалар: Әрине.

Жүргізуші:Ән тындап, би биледік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Той тойлап, Жаңа жылға қадам бастық,

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға! Дей келе бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Барлық отбасыға бақыт,шаттық,береке мен мерекелік көңіл-күй тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!