Ересек "Көгершін" тобының "Анамызға мерекеде не сыйлаймыз?" атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілігі » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ересек "Көгершін" тобының "Анамызға мерекеде не сыйлаймыз?" атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілігі
04
наурыз
2022

Ересек "Көгершін" тобының "Анамызға мерекеде не сыйлаймыз?" атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілігі






Мақсаты: мерекелік көңіл күй сыйлау, қонақтарға сый-құрмет, үлкенге – ізет, кішіге- құрмет көрсетуге үйрету.

Кейіпкерлер: Көктем,Жүргізуші, су перісі,джентельмендер, аспазшы қыз, тігінші қыз,су патшасы.

Көрнекіліктер: фартук, қасық, ұн, шляпалар,ағаш қасықтар, тарелкалар,жіп /лезка/ моншақтар, гүлдер.

Барысы: /Музыканың сүйемелдеуімен джентельмен ұлдар шығады./

1- Джентельмен:  Достым, бұл жерде қандай мереке өтіп жатқанын білмейсіз бе?

2 -Джентельмен: достым, сен білмейсің бе? Қыздардың мерекесін атап өткелі жатырмыз.

3 -Джентельмен: Қыздардың мерекесі дейсізбе?

4- Джентельмен: Ия, қыздардың мерекесі.

5- Джентельмен: Олай болса Аналарымызбен Әжелеріміздің де мерекесі ғой. 

6- Джентельмен:Ия, Құрметті Арулар, аналар әжелер  көктем мерекесі құтты болсын!

/музыкамен қыздар қимыл жасайды, соңында жарты шеңберге тұрады./

Би: «Ару қыздар»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер! Мерекелік таңертеңгілікке біздің ару қыздарымызды Джентельмендер жақсылап қарсы алып алдық,ал енді балалар қазір жылдың қай мезгілі? Ия, міне осы мерекеміздің сәнін ашатын көктем қонаққа келе жатыр екн барлығымыз қошеметпен қол соғып қарсы алайық.

/көктем музыкамен келеді/

Көктем: Мен көктеммін, жаңа туған арманмын

                Шырағымын жаңа атқан таңдарың

                Мен көктеммін , бүршік болып бүр жардым

               Арасында шуағы болдым гүлзардың.

Құрметті Арулар сіздерді көктем айының алғашқы меркесімен құттықтаймын.

Жүргізуші: көктем аруы қош, келдіңіз! Төрлетіңіз!Олай болса Ару көктемге арнап әнімізді шырқап берейік.

Ән: «Көктем келді» /орындарына отырады/

/Ортаға джентельмен шығады/

көктем: Сэр, бірнәрсеге алаңдап тұрсыз ба?

Джентельмен: /ортаға шығып ойналып тұрады/ Мен Әжеме не сыйларымды білмей тұрмын.

көктем: Оған орамал немесе шәлі сыйлаңыз.

Джентельмен: Ол не дегеніңіз көктем аруы! Әжеме сәнді шляпа жарасады. Ол әлі жап-жас. Бірақ әліде ойланып тұрмын.

Көктем: онда шыныменде не сыйласаңыз болады екен?

Жүргізуші: Олай болса джип сыйлаңыз.

Джентельмен: Оу жо-жоқ ханым, джипке менің ақшам жетпейді.

Жүргізуші: Олай болса ән арнайық.

Ән  "Әжем" 

2 джентельмен: достым,бұл әніміз тым арзан сыйлық, жоқ басқа сыйлық сыйлау керек. Мүмкін  қыздар сендер білесіңдер ме?

 (Музыкамен қолында кострюлі,қасығы бар, үсті ұн қыз кіреді )

Аспазшы қыз: Торт пісіру қиын емес,

Маған ол бұйым емес.

Бес жұмыртқа, аз ғана ұн керек,

Үш қасық бұрыш , жо-жоқ

Олай емес /Ойланып қалады/

Мен тіптен шатасып кеттім.

Мұнда бұрыш салмайды,

Бұрыш салсам торт тәтті болмайды.

Ту-у, 3 сағат болды осылай жүргеніме,

Торт пісірем деп білегімді түргеніме.

Крем жасадым, қолымның бәрін күйдірдім. 

Таңертең бастап едім, сағат қазір дәл 3 болды

Пісіргенім-торт емес, күйіп кеткен бәліш болды. /Әр сөзін қимылмен көрсетеді/

Жүргізуші: Аспазшы қыз, торт пісіргенің жақсы бірақ, қолыңды күйдіргенің дұрыс болмапты. Мүмкін біздің балалар саған көмектесіп, бірге билеуге шақырады.

Би: «Аспазшылар» /Ұлдар/

Аспазшы қыз: достар, менің анама сыйлығым дайын, көп рахмет сендерге, мені анам күтіп қалған болар үйіме қайтайын, келесі кездескенше сау болыңдар.

Жүргізуші: Көрдіңдер ме балалар, мерекеге аналарыңа тәтті торт пен бәліш сыйласаңдар болады екен.

3 джентельмен: Жоқ, ханым торт пен бәліштен басқа ерекше сыйлық сыйлағымыз келеді.

/Әуенмен тігінші қыз келеді/

Тігінші қыз: Ал мен сүйікті анама, 

Көйлек тіге бастаған ем.

Көйлек тігу оңай деп,

Ойлаған соң саспаған ем.

Маталар кетті қиқым боп,

Әдемі көйлек түгілі,

Көйлек сынды сиқы жоқ.

Күндіз күлкі, ал түнде болса ұйқы жоқ.

Болмады ойға алғаным,

Көйлек тіге алмадым.

Енді не істеймін? Анама басқа сыйлық іздеу керек болды ғой. /Мұңайады/

Жүргізуші:  Тігінші қыз еш саспа, біздің джентельмендер көмектесуге дайын.

Ойын: «Анамызға моншақ»

Ойынның шарты: балаларға төрт жерге жіп қойылады /Лезка/ сол жіпке моншақтарды тізілтеді.

Жүргізуші: Міне, көрдіңбе тігінші қыз біздің джентельмендер сенің анаңа әдемі моншақтар тізілтіп берді. Қобыл ал!

Тігінші қыз: Достар, сендерге көп рахмет! менің анам сыйлығыма қуанып қалатын болды. Мені анам күтіп қалған болар, ханама барып сыйлығымды сыйлайын. Келсі кездескенше сау болыңар!

Жүргізуші: көрдіңдер ме, балалар аналарыңа моншақ сыйласаңдарда болады екен.

4 джентельмен: Моншақта жақсы, дегенмен ерекше сыйлық болса екен деп ойлаймын. Бізге көмектесетін біреу барма?

Cу патшасы: (сырттан күлкі естіледі) Мен көмектесемін. 

Жүргізуші:  Балалар,   әдемі күлкі естідіңдер ме, бұл кім болды екен?   

Cу патшасы: /музыкамен су патшасы келеді/  Бұл мен- су патшасымын.

Жүргізуші : Сәлеметсізбе, су патшасы!   

Cу патшасы: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен сендердің аналарға не сыйлық сыйлайтындарыңды білмей жатқандарыңды естідім. Сендер  бекерге мұңаймаңдар! Аналарыңа теңіз түбінде өсетін гүлді сыйлаңдар. Ол гүл-Тұңғиық гүлі деп аталады. Ол гүлді әлі ешкім анасына сыйлаған емес, тұңғиық гүлін сыйға алған ана әлемдегі ең бақытты ана болады.

Көктем: Су патшасы біз теңізге бара алмаймыз ғой, ол жерге бару үшін ұзақ уақыт керек, ал аналар мерекесі бүгін.

Cу патшасы: Ол жерге бару өте оңай, әрі тез менің патшалығым тек өнерлі балаларды қабылдап, кіргізеді еңбасысы сол тұңғиық гүліне арнап би билесеңдер, сол гүлдің жанына бірден жетіп барасыңдар.

Көктем: онда не тұрыс, міне мен өзімнің гүлдерімді тарытып берейін және әсем биімізбен жетіп қалайық.

Би: «Гүлмін» /Қыздар/

/Қыздар билеп жатқанда Теңіз патшасы арт жақта балалардың өз қолдарымен жасалған гүлдерде жерге шашып тастайды/

Теңіз патшасы: Міне балалар, тұңғиық гүліне жеттіңдер! Келіп жинап ала қойыңдар.

Ойын-сергіту: «Тұңғиық гүлін жинау»

Жүргізуші: Балалар, мына тұңғиық гүліміз топта өз қолымызбен жасалған гүліміз ғой.

Су патшасы: Ия, балалар! Сендердің аналарыңа ешқандайда ерекше немесе қымбат сыйлық қажет емес, сендердің аналарыңа өз қолдарыңмен, шын көңілден жасалған сыйлық қана керек. Сондықтанда басқа сыйлық іздеп шаршамасын, және сендердің аналарың сендерді өте қатты жақсы көретінін түсіндіргім келген болатын.

Көктем: Мәссаған, қандай керемет. Біз мереке басталығалы не сыйлаймыз деп уайымдап едік, шешімі өз қолымызбен жасалған сыйлық екен ғой достар.

Жүргізуші: Өте керемет шешім болды, балалар барлығымыз су патшасына рахмет айтайық. /Балалардың жауабы/

Су патшасы: Балалар, сендердіңде өнерлеріңе көп рахмет, мені патшалығым күтіп қалған болар, олай болса мен өз патшалығыма қайттым, келесі кездескенше қош, сау болыңдар!

Көктем: Достар, сендерге келіп, аналарымызға не сыйлауға болатынын ойланып, ойыма ой қостыңдар. Сендерге көп рахмет, мен енді әдемі гүлдерімді анама сыйлауға орманыма асығайын. Мереке құтты болсын, келесі кездескенше сау болыңдар!


Көктем:  ия, балалар, бүгінгі мерекеде осылайша анамызға сыйлайтын сыйлығымызды ойлап тауып, қуанышты көңіл-күйде мерекемізді аяқтаймыз. Аяулы аналар, ардақты әжелер сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен тағыда құттықтаймыз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын деген ниетпен,бүгінгі «Көгершін» тобының ертеңгілігін әсем әнмен аяқтаймыз.

Ән: «Ай, дидарлы анашым»