Денсаулық күні «Қош келдің, Алтын күз» » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
» » Денсаулық күні «Қош келдің, Алтын күз»
04
октябрь
2021

Денсаулық күні «Қош келдің, Алтын күз»




Денсаулық күні

Тақырыбы: «Қош келдің, Алтын күз»

Күні: 29.09.2021ж

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.

1.Мотивациялық қозғаушылық

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Олай болса бізге алтын күзді тауып алу керек. Алтын күзді табу үшін тапсырмаларды орындау керек. Тапсырманы орындау үшін, ең алдымен картаны табу керек. Ол карта менің қолымда. Сендер менен бұл картаны алу үшін. Менің тапсырмамды орындандар.

2.Ұйымдастырушылық -ізденіс. 

Олай болса «Алтын күз ханшайымы» бізге қонаққа келді, қарсы алайық.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерді сағына қайта өлкелеріңе оралдым. Сендер мені сағындыңдар ма?

Балалар бүгінгі күнді кқңілді өткізу мақсатында мен сіздерге тапсырма дайындап келдім. Сендер пазл құрастырғанды жақсы көресіңдер ме? Онда мені мұқият тыңдаңдар, менің қолымда төрт бөлікке бөлінген пазл бар, оның әр бөлігін алу үшін төрт түрлі тапсырманы орындауларың қажет.

Картада неше тапсырма берілген?

Дұрыс, картада төрт тапсырма берілген. Сол тапсырманы орындап тауып алып пазлды құрастырасындар.

Карта арқылы балалар тапсырмаға келеді.

Балаларды екі топқа бөлінеді. «Сұңқар» тобы және «Тұлпар»

1-тапсырма

 «Орныңды тап» ойыны

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді алдымен әр топтан бес баладан шығады, бастарына көкөніс пен жемістің атрибуттары кигізіледі, жерде обручтар қойылады бала санына қарай, әр обручтың ішінде жемістер мен көкөністер болады. Музыка ырғағымен балалар билейді, музыка тоқтағанда әр бала өз атрибутынада белгіленген жеміс болмаса көкөністі табады да сол обручтың ішінде тұрады.

Балаларға пазлдың бірінші бөлігін беру.

2-тапсырма

«Картобыңды егіп кел де, жинап ал» 

Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады. Пазлдың екінші бөлігін алады.

3-тапсырма

«Жас спортшылар» ойыны

Шарты: балалар допты алып кедергілермен жүгіріп өтіп, жапсырма қағазға топты жапсырады, қайтарда тағы кедергімен өтіп, келесі бала ойынды жалғастырады. Осылай себетте доп біткенше командамен ойынды жалғастырады. Пазлдың үшінші бөлігін беру.

4-тапсырма

Балаларға барлығына бор беріп жерге "Алтын күздің" суретін салғызу. Суретті аяқтаған соң пазлдың ең соңғы бөлігін беру.

Енді суреттерді толық жинадық, пазылды құрастырамыз. Балалар жарайсындар сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадындар.

 Пазлды құрастырайық.

Суретте қандай бейне шықты?

 Жарайсыңдар "Күз ханшайымының" бейнесін таптындар

Жарайсыңдар!!!

Жеңіске екі топта бірге жетті.

«Шынықсаң шымыр боласың» дей отыра бүгінгі жарысты аяқтаймыз.

3.Рефлексивті түзету

Қортындылау.

Балалар бүгін біз сендермен не істедік?

Қандай ойындар ойнадық?

Қандай суретті құрастырдық?

Хороший қатысқан балаларды мақтау.

Барлық балаларды марапаттау, медальдар табыстау.