ОУД: «Көк аспанның әміршісі - Қыран!» » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
» » » ОУД: «Көк аспанның әміршісі - Қыран!»
16
февраль
2021

ОУД: «Көк аспанның әміршісі - Қыран!»

      Тақырыбы: «Көк аспанның әміршісі - Қыран!»

Мақсаты:Балаларға киелі құс қыран тұралы түсінік беру, балалардың қиялын, ұшқыр ойын, зейіні дамыту, өз денесін бағдарлауға үйрету. Баланы  қамқорлық, достық, мейірімділікке  тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды бала бойына дарыту. Бірлесе ұжымда жұмыс істеуіне жағдай жасау. 

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, проектор, ақ парақ, жұмсақ ойыншықтар;

Барысы:

Балалар музыкамен залға кіреді. Шеңбермен орналасады.

Шаттық шеңбері: (Балалар шаттық шеңберін айтады:

Достарды біз қолдаймыз!

Қиындықта қорғаймыз!

Біздің топта ұл қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз!

Психолог: 

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйлерің қалай? (жақсы)

-Балалар, бүгін біздерге көп қонақтар келіпті қане амандасып алайық!(амандасады)

-Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болғалы тұр, себебі мен сендерге қызықты ертегі айтып бермекшімін. Айтыңдаршы сендер біздің рәміздерімізді білесіңдер ме? (Ту, елтаңба, әнұран).

-Дұрыс айтасыңдар, ендеше айтыңдарша мемлекеттік туымызда не бейнелеген? (күн аспан, қыран құс, ою өрнек)

-Ол да дұрыс, бүгінгі біздің ертегіміз, сол қыран құсы туралы болмақшы.

Қазақтың өткен тарихы мен күнделікті тұрмыс тіршілігі тікелей қыран құсымен тығыз байланысты. Егемен еліміздің Туында қыран азаттықтың айбыны ретінде айшықталған. Қыранның ереше қасиеті -оның өте биікте қалықтап ұшатындығы, биік таудың шыңындағы құздарда ұя салатындығы, сонымен қоса оның алғырлығы, жыртқыш аңдардан қорықпайтындығы, батылдығы. 

Міне, балалар, қыран ерекше құс екен, ендеше осы құс туралы ертегіні тыңдап тамашалайық. 


Ел аузында ертеректен,

Ертек болған қызық көптен.

Бір ертегі есімде бар,

Айтып соны баяндайын.

Үш жүз жылдар  шамасында,

Сонау  өзен  жағасында.

Елді мекен  болады  екен,

Сол  мекеннің биігіне,

Қыран  құсы қонады екен.

Жайлы жер іздеп бір күні,

Қыран жолға шығады,

Арманы болып құтты жер,

Қанаты әбден талады.

Кезіккеннің барлығы, құт мекені осы деп,

Жерұйыққа жол салады.

Асан қайғы бабам айтқан,

Ырыс пенен дәулеті асқан.

Жер жәннаты Жерұйықты

Табар жерің Қазақстан.

Кенеттен аспан әлемінде

Шар шұрх етіп, Һахар шашып

Мұзға мініп

мұз Ханшайым шығады. 
 Жүрген ізін,

Жөнеп кетпей ызғып бiр,
 Әйнек қаптап қойғандай,
 Көше, алаң –Жып-жылтыр.
 Көк аспанды түнек басып

Ұшып жүрген құс атуын

Жайпап өтті мұздық қылып қатырып.

Болса дағы қыран мықты,

Мұз ханшаның сиқырна

Төтеп беріп тұра алмапты.

Мұз қапталған қанаттары шашырап,

Бізден көмек сұрап кепті асыға.


Психолог:

-Балалар, ертегіні тыңдадық? Қалай ойлайсыңдар? Мұз ханшайымның жасағаны дұрыс па? (жоқ). Әрине, дұрыс емес, біз енді Қыранға көмектесуіміз қажет секлді. Ол мұз болсада бізді естіп тұр, оған Қазақстанның көк аспанында ары қарай қалықтап ұшуы үшін   оның шашыраған мұз қапталған қанаттарын жинастырып, жылуымызбен ерітіп, Қазақстан  туралы мәлімет айтып берейік. Көріп тұрғандарыңдай, бүркіттің шашылған қанаттарының әр қайсысы әр түрлі пішінге ұқсайды екен? Қандай пішіндер? (төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер және үшбұрыш). 

-Дұрыс айтасыңдар, бұлар жай қанаттар емес, олардың сиқырын кетіріп, орнына қайтару үшін тапсырмаларды орындау қажет, орындаймыз ба? (ия).

1. «Төртбұрыш»: Балалар бұл жерде біз Қыранға Қазақстан жайлы айтып беруіміз керек? Бірақ сендердің жан-жақтан айтып шуламас үшін, мен сендерге «Миға шабуыл» ойынын ойнауды ұсынамын, Егре сұрақтарға дұрыс жауап берсек, төртбұрыш өз орынына барады екен. 


1. Біз қай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан

2. Қазақстан қандай мемлекет? тәуелсіз   

3. Тәелсіз Қазақстанның президенті? Қ.Тоқаев

5. Қ.Тоқаев отыратын мекеме? Ақорда

6. Ақорда қай қалада орналасқан? Астана

7. Оңтүстік Астанамыз қай қала? Алматы

8. Алматы несімен атақты? Апорт. 

9.Апорт қайда өседі? Медеу.

Психолог: -жарайсыңдар балалар, енді сендер тапсырманы орындадыңдар, дұрыс болса қанат орнына келеді. Міне өз орнына келді. 

Психолог: Келесі тапсырма бойынша не жасырынғанын көрейік, бұл жерде бізге ұлттық киімдер туралы тапсырма беріліпті. 

2. «Тік төртбұрыш»: «Ұлттық киім» психо-ритмикалық жаттығу

Ережесі: Берілген суреттегі ұлттық киімдерді атап, әуен ырғағымен тез- тез кию (екі реттен қайталанады).

-Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Қазақтың ұлттық киімдері. Атап берейік (көйлек камзол,етік, белбеу, тымақ). 

Психолог: балалар бұл қанатты да орнына қойдық келесі үшбұрыш пішіндес қанаттың тапсырмасын көрейік.

3. «Үшбұрыш»:  «Сиқырлы қобдиша»  ойыны

Ережесі: балалар берілген сиқырлы қобдишаға түрлі суреттер саламыз. Ненің суреті дейсіңдер гой, Біз қыранға қазақстан туралы айттық, ұлттық киімі мен музыкасын көрсетіп тыңдаттық, енді біз Еліміздің қандай екенін сиқырлы қобдишаға салып көрсетеміз. Ол үшін бүгін айтылған Нұрсұлтан мен Алматы қалаларын саламыз. Алматы несімен әдемі табиғатымен, сол үшін бір қобдишаға Алматы табиғатын, екінші қобдишаға Астананы бейнелецік. 

-жарайсыңдар бұл тапсырамны да орындадыңдар (үшбұрыш орнына барады. Енді соңғы қанаттың бөлшегі қалды, бұл жерде не берілді екен?

4. «Шеңбер»: «Мен бүркітпін» би терапиясы

Ережесі: балалар әуен ырғағымен психолог көрсеткен іс қимылды бір біріне қайталап көрсетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

-балалар қыран қанша уақыттан бері мұз болып тұр, соңғы тапсырмада біз оған ұшуына дайындалуға көмектесу үшін қимылды билер билеп көрсетеміз.

Психолог: балалар біз бұл тапсырманы да орындап шықтық, бірақ қыран құсын мұз құрсауынан босату үшін біздің жылуымыз жетіспей тұр ау. Қане өз жылуымызды оған сыйлауға дайынсыңдар ма? (ия)

Оқу қызметін бекіту:

Тақырыбы: "Қайырымды жануар".

Мақсаты: Жүректің дұрыс соғуына арналған психологиялық жаттығу. Балаларды жағымсыз сезімдерден арылтып, жақсылыққа үйрету.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап, қолдарын ұстасып тұрады. Жүргізуші жай ырғақты даусымен: "Біз -бәріміз бірге, үлкен, қайырымды жануармыз. Кәне, тыңдап көрейікші, ол қалай тыныс алады екен?". Барлығы бірге өзінің және көршісінің тыныс алуын тыңдап көреді. Ал енді бәріміз бірге бірдей тыныс алып көрейікші. Тыныс аламыз - бәріміз бір қадам алға, дем шығарамыз - бәріміз бір қадам артқа. Тыныс аламыз - екі қадам алға, дем шығарамыз - екі қадам артқа (2-3 рет қайталаймыз).

Денеге бағытталған терапия «Шыбын» релаксация «Күн шуағы»

Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырыңдар. Жазғы күнді еске алыңдар, айнала тып- тыныш,өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап сәулесін төгіп түр. Күн шуағының жылуын сезініңдер. Кенет құлағымызға шыбынның дауысы естілді, шыбын ұшып келіп маңдайымызға қонды, оны ұшыру үшін қабақтарымызды көтереміз, шыбын көзіміздің айналасында ұшып жүр, оларды қатты қысып қозғалавгуст, енді бетімізге қонды, ұшыру үшін кезек кезек екі жағымызға ауа толтырамыз, иегімізге қонды қане, иектеріңді қозалтып шыбынды ұшырамыз. Міне шыбын ұшып кетті, айнала қайта тыныштық күйіне енді...ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз. Жазғы күнді еске аламыз, Денемізді бос ұстап терең дем аламыз. Күннің шуағы денемізді жылытып, жүректерімізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айна жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудемізге кере дем алып, бойымызға сіңіреміз..Күннің шуағының энергиясына қуанамыз... Күнге қарай тартыламыз. Тартыла отырып оның күшін сезінеміз. Қуаныштың күшін сезінеміз.... Өз қуанышымызды барлық достарымызға жолдаймыз.... Алақандарымызбен жылуды, қуанышты сезінеміз.. Олар бізді өте жақсы көреді. Олардан келіп тұрған жылуды сезінеміз....Осы жылуды алақанымызда ұстап бүркітке бағыттаймыз (алақанын үрлеп ұшырады).  Көзіңізді жәйлап ашып, қолымызды сілкійміз. Қатысушының әрқайсысы өз сезімдерін айтады. (Қыран ұшып кетеді).

Психолог: балалар, міне қыран бізге алғысын айтып ұшып кетті. Бүгін сендер үлкен жақсылық жасадыңдар, 

-Өздеріңді қалай сезіндіңдер?

-Сендерге жаттығу ұнады ма? Біз қыранға көмектесе алдық па?

-Өзімізді қыран секілді еркін сезіне алдық па?

Қортыныды: 

Жүректен жүрекке:

Өзімді өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын.

Жүректе жылу соншама,

Тілеймін бақыт баршаға!