ОУД: «Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Балалардың ертегіге қызығушылығын ояту ойын еркін жеткізуге баулу,ертегі кейіпкерлерін рольдерге бөліп сахналау,қиялын шыңдау. Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру. Балаларды кішіпейілділікке, мейірімділікке өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсінік беру, сахналау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлер; шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі,декарация
Шаттық шеңбер:
Кел балалар тұрайық,
Достық шеңбер құрайық.
Күн шуағын жинайық
Достарға біз сыйлайық.
Балалар бүгін ерекше күн, бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті,қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздерме
Тәрбиеші балалар өткен ертегілерімізді есімізге түсірейікші.Балалар біз қандай ертегілер білеміз .
-Бауырсақ,Жеті лақ пен қасқыр,Қызыл телпек,Бай мен Алдаркөсе,Үш аю,Шалқан.
-Жарайсындар балалар
Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Қып-қызыл болып піседі,
Күнге ұқсас пішіні.
«Бауырсақ»:
-Ал балалар біз көзімізді жұмып,ертегілер еліне саяхатқа шығайық.Үстел үсті конус театры арқылы «Бауырсақ» ертегісін сахналаймыз.
Автор: Ерте,ерте ,ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Сол бір ғажап өлкеде,
Автор: - Бір әже мен ата болыпты. Бірде ата әжеге:
Шал: - Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші
Кемпір: - Неден пісірейін? Ұн жоқ қой
Шал: - Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Автор: Әжей қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ : - Жоқ,сен мені жемеші, мен саған өлең айтып берем,
Мен атамнан да қаштым,
Мен апамнан да қаштым.
Сенен де қашып кетемін деп.
Автор: - Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеймін
Бауырсақ : - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін
Мен атамнан да қаштым,
Апамнан да қаштым.
Қояннан да қаштым
Қасқыр сенен де қашып кетемін-деп
Автор: - Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю шығады.
Аю: - Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеймін.
Бауырсақ: - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Мен атамнан да қаштым,
Апамнан да қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым.
Аю сенен де қашып кетемін-деп
Автор: - Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.Алдынан түлкі шығады.
Түлкі : -Амансың ба, бауырсақ!Мен сені жеймін
Бауырсақ.Мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Мен атамнан қаштым,
Апамнан да қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым.
Аюдан да қаштым,
Түлкі. Мен сен жемеймін Әнің қандай тамаша.Сен қандай ақылдысын,алғырсың.Орманда саған жалғыз жүруге болмайды.Сен үйге қайт күтіп
Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып үйіне қайтады.Бауырсақтың келгеніне ата мен әже қатты қуанады.Ертегі бұл ертегі, Ғажап сырлар шертеді деп ертегіміз соңына да жетіпті. Балалар енді біз бақшамызға оралайық Орманды аралап шаршап қалдық Бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Қоян болып секірейік,
Аю болып терең тыныс алайық.
Қасқыр болып ырылдайық,
Түлкі болып бұлаңдайық
Қорытындылау: - Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Балаларға сұрақ:Балалар ,бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары )
Бауырсақтың пішіні қандай?(Домалақ,шеңбер)
Бауырсақты кім пісірді? (Апа)
- Ал, енді балалар, ертегідегі кейіпкерлерді еске түсіріп рет-
ретімен айтып беріңдер.
Жарайсыңдар балалар қонақтармен қоштасайық Сау болыңыздар.
Ата –Нурали
Әже-Айлин
Бауырсақ –Амина
Аю-Дастан
Қоян-Айсафия
Қасқыр-Ильяр
Түлкі- Аяна