"Қарлығаш" тобындағы ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау». Тәрбиеші Салибекова А.А. » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қарлығаш" тобындағы ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау». Тәрбиеші Салибекова А.А.
24
қараша
2021

"Қарлығаш" тобындағы ашық оқу қызметі. Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау». Тәрбиеші Салибекова А.А.








Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Берілген жан-жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы, дұрыс орындай білуге дағдысын қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс арқылы баланың қиялын, ойлау қабілетін арттыру, тазалық бұйымдарымен таныстыруды жалғастыру, балаларды таза жүруге, берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.

Әрдайым таза, табиғи өнімдерді жеу керек.

Дұрыс тамақтану керек.

Болу керек: Баланың естеу сақтауы, зейіні, ойлауы, тілді-сөздік қоры,

байланыстыра сөйлеуі т.б.

Баланың қолынан келуі:

- Сұрақтарға жауап беру.

- Суреттерді әңгімелеу.

- Берген тапсырмаларды орындау.

Көрнекіліктер: денсаулық туралы нақыл сөздер, үлестірмелі суреттер, тазалық заттары: сабын, сүлгі, тарақ, айна, слайд.

Тәрбиеші: 

-Бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.

Шаттық шеңбер:

Біздер жақсы баламыз

Өсті ақыл санамыз

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз

Сәлеметсіздерме!

Мнемокестемен жұмыс:










- Баланың денсаулығы жақсы болу үшін ол таза болып және спортпен шұғылдануы керек. Күнде таңертең беті –қолымызды жуып, жаттығу жасаймыз. Дені сау адам бақытты адам.

Біз өз денсаулығымызды шынықтыруымыз керек.

Гимнастикалық жаттығу.

Жалқаулықты тастаймыз!

Шынығамыз жастай біз!

Босқа тұрмай қанекей.

Жаттығуды бастаймыз.

1)Басқа

Тік тұру, қол желкеде, басты 

1-ші -оңға;

2-ші бастапқы қалыпқа келу; 

3-ші-солға бұру.

2)Қолға.

1.Көбелекті ұстау 

2.Масалардан өзін қорғау.

3)Денеге. 

1. Жердегі гүлдерді жинау.

 2.Сағаттың тіліндей оңға, солға иілу.

4)Аяққа. 

1.Қоянға ұқсап секіру. 

2.Бақаларға ұқсап отырып, тұру.

5)Табанды шынықтыру массажы.

Табанға арналған төсеніш үстерімен жүру.

Мықты болып өсеміз!

Сәби шақтан бастап біз,

Шынығуды сүйеміз. 

Қыста,жазда әрдайым,

Ауырмаймыз бәріміз.

Шынықтыру жасап біз,

Мықты болып өсеміз.

Тыныс алу жаттығуы: 
















Ғажайып сәт:

Қоян: Топқа бір жақ тісі ісіп кеткен, ауызында 

бетпердесі, қолында дорбасы бар қоян жылап кіреді.

Тәрбиеші: Балалар, бұл кім жылап келген?

Балалар: Қоян, оның тісі ісіп кеткен.

Тәрбиеші: Қоян, сен неге соншама жылайсың? Жылама, мен саған тәтті бере- мін,- деп кәмпит ұсынады.

Қоян: (шошып) Жоқ, жоқ! Мен енді кәмпит көп жемеймін. Тісім содан ауырады. Мен соны балаларға айтайын деп келдім.

Қазір дәрігерге барамын, менің тісімді емдейді. Балалар, сендер тәттіні көп жемеңдер,жарайды ма? Өйткені мен сияқты ауырасыңдар. Балалар келіседі.

Тәрбиеші - Қоян осы сен неге бетперде киіп келдін?

Қоян – білмеймін деп, екі йығын көтереді

Тәрбиеші: Балалар,қалай ойлайсындар не үшін бетперде қажет.

Тәрбиеші:Коронавирус туралы қысқаша айтып кету.

Тәрбиеші: Ал,енді қоян қолындағы дорбада не бар? 

Қоян: білмеймін. 

Тәрбиеші: Олай болса қоян бәріміз бірге көрейік.

Тазалықзаттары: (Тазалық бұйымдары)-сабын,сүлгі, тарақ, айна бар екен

деп олардың аттарын, түсін, құрылысын, не үшін керек екенін балалармен бірге сипаттайды. Сабын мен жуынамыз, сүлгімен  сүртінеміз, тарақ пен шашымызды тараймыз, айнаға қараймыз деп айтып  түсіндіру.


1.Айша:

Ашытады көзіңді,
 Сабындаған кезіңде
 Бола білсең төзімді
 Тап-таза етерө  зіңді


2. Алуа:

Ауызы жоқ, көзі жоқ,

Бірақ –та тісі бар

Басыңмен ісі бар. 


3. Даяна

Шомылған баланы

Аймалапалады,

Сүртедіқолын да

Сүртедібетін де. 





4. Асанали:

Күнде оған қараймын,

Қарашашты тараймын. 


5. Айсафи: 

Кәмпит жесең көбірек
 Тісің
жүрер мазалап
 Не жесең де күніне
 Тазалап
 жу екі рет.


Тәрбиеші : Ал,енді қоян бетпердені не үшін кию керектігін білесің және дорбадағы заттарды не үшін қажет екендігін білетін  болдың.

Қоян:ия,білемін, қазір дәрігерге  барамын, менің тісімді емдейді.

Тәрбиеші: Дәрігерді біз                                                                                                       өзіміз шақырамыз. Міне, өзі де келіпқалды.

Дәрігер: Қанеки,мұнда кім жылап отыр? Қоян сенбісің? Тісіңісіпкетіптіғой.Тісіңдітазартыпкүтпейсің,сондықтан ауырады. Дұрыс па, балалар? (Дәрігер тіс   жуатын мезгілді және күн тәртібін дұрыссақтау жайында айтып береді).

Тәрбиеші: Балалар, дәрігердің айтқанын тыңдаймыз ба?

Көзге жаттығу жасау.

Тәрбиеші:Ендеше,біз қазір ойын ойнайық. (Дәрігер мен қоян балалармен бірге  ойнайды)

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырату»

Дәрігер: Балалар,рахметсендерге!

Мен енді қоянды өзіммен бірге алып кетейін.Тісін емдеп, орманға жіберейін.

Сергіту сәті:








Тәрбиеші: балаларды бағалау.

Сұрақ- жауап:

Балалар,бізге жылап кім келді? 

Оның тісі неге ауырды? 

Деніміз сау болу үшін не істеу керек?

-Жарайсындар,балалар!

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

-Міне, балалар, денсаулығымыз мықты болып өсу үшін, бірнеше жаттығуларды жасап тұру қажет. Дендерің сау болсын! Аман болыңыздар!