Мектепалды "Жұлдыз" тобындағы «Күшті, батыл және үлкен боламын» ашық оқу қызметі. Тәрбиеші Дуанбаева М.А.
Тақырыбы: «Күшті, батыл және үлкен боламын»
Мақсаты: Тапсырманы өз бетімен орындауға баулу және шыдамдылық,ептілік,күш секілді дене сапаларын дамыту.Өзінің денсаулығына қамқорлықпен қарау керектігін
түсін діру.Ептілік ,шапшаңдық секілді дене сапаларын дамыту.
Білімділік: Балалардың тазалыққа ,денсаулыққа деген қызығушылығын арттыру,
көңіл күйлерін көтеру үшін жағдай жасау.
Дамытушылық: Дұрыс тамақтану ережелерін күнделікті білімдерін жинақтау,
дененің физикалық дамуын жетілдіру.
Оқу қызметінің барысы:
Балалар залға кіреді.
-Тәрбиеші: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Балалар,қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіпті.
Келген қонақтармен амандасып алайық.
Мотивациялық- Шаттық шеңбер!
қозғаушылық Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз,
Жұтсам ауа ,ішсем су,
Табиғатым тамаша!
-Жарайсыңдар ,балалар
Ендеше жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.
-Балалар,мен сендерге құр қол келген жоқпын,мына шарларды ала келдім.
- Бұл шарлардың түсі жыл мезгілдеріне байланысты.
(Балалар шарларға қызығушылықпен қарап сары түсті таңдайды.)
-Қазір жылдың қай мезгілі? Қай түсті шарды таңдаймыз?
(Балалар шарды таңдайды,себебін айтады)
-Неліктен сары түсті таңдадыңдар?
(Себебі ,кәзір күз мезгілі)
-Күз мезгілінде неше ай бар?
(-Үш ай бар,қыркүйек,қазан,қараша)
-Жарайсыңдар,ал бір аптада неше күн бар?
(Жеті күн бар) Балалар апта күндерін атайды.
-Бүгінгі, оқу қызметіміз «Білім беру саласы»бойынша «Дене шынықтыру»
-Оқу қызметіміздің тақырыбы «Күшті ,батыл және үлкен боламын»
-Балалар! Денсаулық дегенім не ,қалай түсінесіңдер?
Балалар:
-Дұрыс тамақтану
-Көп жеміс жидек жеу
-Спортпен айналысу
- Ауырмау
-Тәрбиеші: Йя,дұрыс айтасыңдар.Адамның басты байлығы -денсаулық.
«Күшті батыл және үлкен » болып өсу үшін, біріншіден дұрыс тамақтану қажет.Ас адамның денесіне берілетін қуат көзі.Әр дайым уақытымен тамақтану қажет.Тамақты көп жеуде зиян.
Денсаулығымызға пайдалы дәрумендерді жеміс -жидектерден аламыз.
Тағы денсаулық мықты болу үшін спортпен айналысу керек.
Таңертең дене жаттығуларымен айналысып тұру қажет.
-Тағы денсаулығымыз мықты болсын десеңдер таза болу керек.
Әр дайым қолымызды сабындап жуып,денемізді тік таза ұстауымыз қажет.
-Балалар,біз бүгін сүйікті балабақшамызды ортаға салайықшы.
-Осы балабақшада сендер
-Ал,енді балалар мен сендерді «Денсаулық»әлеміне саяхатқа шақырамын.
-Саяхатқа барғыларың келе ме?
(Балалардың жауаптары)
Саяхатта бізге төрт аялдама кездеседі.Ол жерлерде тапсырмалар берілген.Соны орындап шығуымыз керек. Сонда біз «Денсаулық» әлеміне жетеміз.
1-аялдама: «Таң атты ,күн шықты».
-Балалар,бұл аялдамада біз ұйқыдан жақсы көңіл күймен ояну үшін,уақытында ұйықтау керектігін білеміз.
-Таңертең тұрып не істейміз? (Жаттығу жасаймыз)
-Дұрыс айтасыңдар,жаттығу жасаймыз.
-Одан соң нестисіңдер? (Жуынамыз)
-Сендер бүгін қолдарыңды ,тістеріңді жудыңдар ма? Йя,дұрыс біз әрдайым таза жүреміз.
«Ғажайып дорба» ойыны:
Шарты: Жуынуға қажетті заттарды кезекпен алып атау.
(Сабын,сүлгі ,тарақ,тіс щеткасы т.б)
-Сүлгі -бет,қол сүртуге арналған беторамал.
-Тіс щеткасы-тіс тазартуға арналған құрал.
-Сабынмен қолымызды тазалап жуамыз.
-Тарақпен шашымызды тараймыз
-Жарайсыңдар ,балалар.
- 2-аялдама: «Дәрумендер»
«Дәрумендерді иіскеп,дәмін көр»
Тәрбиеші: Балалар мына суретке қараңдаршы.Мұнда қайсысы пайдалы ағзаға,
қайсысы зиян соны ажыратып алайық.
Эксперименттік жұмыс: Менің қолымда ұсақталған бір көкініс бар.
Кәне бәріңе иіскетіп ығайын.Иісімен таныдыңдар ма? Йя,бұл сарымсақ (чеснок)
Оның иісі ұнамағанымен,микробтар одан қашады.Ауырған кезде пайдалы.
Енді көздеріңді жұмып,ауыздарыңды маған ашып тұрыңдар.Мен сендерге туралған жемісті ауыздарыңа саламын.Сендер жеп болған соң,қандай жеміс екенін айтасыңдар.
Тәрбиеші: Міне, балалар дәруменсіз адам денсаулығы жақсармайды.
Жеміс -жидектермен көгіністерді қажетінше жеу керек.
Дәрумендер тек қана көгініс пен жемістерде ғана емес,сонымен қатар тағамдар да болады.
Сүт тағамдарында, ет құрамында дәрумендер көп болады.
-3 аялдама: «Үйрен де жирен»
-Балалар,балабақшада оқу қызметінде нестиміз? (балалар сұраққа жауап береді)
-Йә,сурет саласыңдар ,ермексазбен жұмыс жасайсыңдар,санайсыңдар дұрыс айтасыңдар.
Біз өткен оқу қызметінде геометриялық пішінмен танысқан болатынбыз.Ендеше сендермен
Ойын ойнағым кеп тұр.Геометриялық пішіндерден адам дене бөліктерін құрастырамыз.
«Үй құрастырайық» ойыны.
Шарты: Геометриялық пішіндерден құрастыру.
-4 аялдама: «Ұйқы -жан азығы».
Ұйқыдан тұрғызған соң жасалатын тыныс алу жаттығулары:
1.Балалар кілем үстіне шалқаларыннан жатады.Бір қолдарын кеуделеріне ,бір қолдарын
іштеріне қойып ,мұрнымен тыныс алады.
2.Балалар ауаны мұрын арқылы ішке қарай жұтып,іштеріннен беске дейін санап,
сосын ауаны ауыз арқылы сыртқа шығарылады.
(Тыныс алу жаттығуларын орындайды)
-5 аялдама: «Денсаулық» әлеміне саяхатқа келіп қаппыз.
Балалар ,кім денсаулық туралы тақпақтар біледі?
Медина: Денсаулық ол-шыныққан,
Барлық денең мүшесі,
Денсаулық ол-тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Алина: Денсаулық ол- күлуің,
Көңіл күйің жадырай,
Денсаулық ол-жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Денсаулық туралы нақыл сөздер
1. Денсаулық-зор байлық.
2.Дені саудың жаны сау.
3.Тазалық саулық негізі,
Саулық байлық негізі.
4.Денсаулық -жеке адамның басты байлығы.
Жарайсыңдар,балалар сендер бүгін саяхатқа шығып көп нәрсені білдіңдер.
Енді балабақшамызға оралайық. (әуенмен)
Қортынды:Балалар,сендерге оқу қызметіміз ұнады ма ?Несімен ұнады?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Олай болса балалар,бүгінгі айтылған қағидаларды естеріңнен
шығармаңдар.
Сендердің денсаулықтарың мықты болсын,әр кезде күліп жүріңдер.
Марапат: Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарың үшін,
сендерге денсаулықтарың мықты болу үшін жеміс-жидектер әкелдім.