Кіші "Балапан" тобының "Әркімнің өз анасы бар" атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілігі




Мақсаты: Балалардың анаға құрметін арттыру, үлкенді сыйлауға және көмек көрсетуге үйрету. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Көктем, Балапан, Балапанның анасы,Бақа.
Көрнекіліктер: гүлдер, корзина,балапандар костюмы, бақалар костюмы.
Барысы: Көңілді әуенімен балалар залға қол соғып кіреді.
Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!
Адам үшін ең қадірлі, ең аяулы жан-Ана Ол сәбиі дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын жылы жүзімен ыстық құшағы, мейірімін, махаббатын арнайды. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың ыстық құшағынан артық ештеңе жоқ, құрметті аналар, әжелер, қыздар, ұстаздар сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз!
Жүргізуші: Ал енді керемет әнді аналарымызға арнаймыз.
Ән: «Анаға сыйлаймыз» /балалар музыка әуенімен орындарына отырады/
Жүргізуші: Бәрімізге өмір сыйлаған, әлемнің жарығын сыйлаған кім?
Балалар: Ана
Жүргізуші: Дүниедегі ең қымбат кім?
Балалар: Анамыз!
Жүргізуші: Дүниедегі ең тәтті не?
Балалар: Ананың сүті
Жүргізуші: Дүниедегі ең жүмсақ не?
Балалар: Ананың алақаны.
Жүргізуші: Ондай болса аналарымызға арнап тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар: балалардың деңгейіне қарай тақпақтарды тәрбиеші өзі табады.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі мерекеге бізге қонақ келе жатқан секілді, қане кім екен байқап көрейікші. /Әуенмен балапан мұңайып келеді/
Балапан: чик-чик мен сары балапан,
Қане қайсы алақан.
Анамнан мен адасып,
Таба алмадым еш жақтан.
Жүргізуші: Балалпан, сәлеметсің бе! Сен адасып қайдан жүрсің? Неге анаңнан адасып қалдың?
Балапан: Мен анаммен бірге дүкенге шыққан болатымын, мен ойыншықтармен ойнап анамнан адасып қалып кеттім. Енді не істесем болар екен?
Жүргізуші: Балапан сен жылама, сен қазір біздің балалармен би билеп көңіліңді көтеріп ал! Мүмкін анаң біздің дауысымызды естіп келіп қалар?
Би: «Балапан» /Қыздар/
Балапан: біз билеп болдық, дауысымызды естіп келеді деп едіңдер анам әлі жоқ, мен енді қайтемін? /Жылайды/
Әуенмен бақа келеді.
Бақа: Куа-куа-куа...
Дауыс шығады ма мында?
Қайсысы бұл жылап тұрған,
Алып кетейін, бері жақында. Сәлеметсіңдер ме, достар! Мұнда жылап жатқана дауыс шығады, кім жылап жатқан?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Бақа балапан анасынан адасып кетіп, анасын таппай жылап жатыр,қалай көмектессек екен деп ойланып тұрмыз.
Бақа: анасын таппай жылап жатса, көңілді ән шырқау керек сол кезде анасы келеді ғой.
Балапан: Солай ма? Балалар барлығымыз бірге ән шырқап маған көмектесе аласыңдар ма? Мен анамды тездетіп тауып, үйіме оралғым келеді.
Ән: «Әй,әй әжем»
Балалпан: бақа, сен ән айтсаң анаң келеді деген болатынсың анам әлі келмеді /Жылайды/
Бақа: әй, айналайын балапан сен өзің анаңның қасынан шықпай, қолынан ұстап жүруің керек еді. /Ойланып/ әәә қайтсек болар екен? Ааа таптым, сенің анаң мен болайын. Мен сияқты былай былай секіріп, менің бақа балаларыммен бірге жүретін боласың. Жүр, жүр кеттік /Қолынан ұстап тартады/
Жүргізуші: Бақа, олай жасама, ол балапан ал, сен болсаң бақасың қалай ол сенің балаң болады? Әркімің өз анасы бар ғой. Кел оданда сенімен бірге би билеп, көңіл көтерейік.
Би: «Бақалар» /Ұлдар/
Бақа: достар, билеріңе көп рахмет мені балаларым күтіп қалған болар мен үйіме қайтайын. Келесіде кездескенше сау болыңдар!
/Әуенмен көктем мен балапанның анасы келеді/
Балапанның анасы: Балапаным сап-сары,
Қайда жүрдің адасып.
Іздедім мен шарқұрып,
Таба алмадым өзіңді. Мен сені әр жерден іздедім, қатты сағындым өзіңді /Балапанын құшақтайды/
Балапан: апа, апатай! Таптым-ау, өзіңді.
Көктем: Мен көктеммін, көптен келіп жеткенмін,
Шырағымын жаңа атқан таңдардың.
Мен көктеммін, бүршік болып бүр жардым,
Арасында шуақ болдым гүлзардың. Балапан міне анаң орманда сені іздеп жүрген соң сендердің дауыстарың шыққан соң осында келдік.
Жүргізуші: Қош келдіңіңіздер! Келгендеріңіз өте жақсы болды, әйтпесе балапан анасын сағынып мазасызданып жатыр еді.
Балалпан: Мен анамды қатты сағынып қалыппын анама сыйлық сыйлағым келіп тұр.
Жүргізуші: Балапан, біз саған көмектесеміз біздің балалар саған анаңа гүл жинауға көмекте
Ойын: «Гүл жинастыру»
Балапанның анасы: достар, сендерге көп рахмен! Менің балапанымды адастырмай мен келгенше көңілін көтеріп, көңілін аулағандарың үшін мың алғыс! Бізді үйдегі балапандарымыз уайымдап күтіп отырған болар, балалар аналарыңмен дүкенге немесе басқада жерлерге барғанда аналарыңның қасынан шықпай қолдарынан ұстап жүріңдер! Себебі: «Әркімнің өз анасы бар» келесі кездескенше сау болыңдар!
Көктем: Балалар, сендер бүгін өте ақылды болып, балапанға көмектестіңдер, жарайсыңда! Меніде анам күтіп қалған болар, көп кешікпей қайтайын. Сендерді көргеніме қуаныштымын, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: ия, балалар көктемнің жайма шуақ күнінде біз балапанның өз анасын табуына көмектестік, сендермен өте қатты мақтанамын. Ал, біз бүгінгі аналар мерекесіне арналған ертеңгілігімізді әсем әнмен аяқтаймыз! Келесі мерекеде кездескенше сау болайық!
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»