«Мерекеде еркелеген Маша» атты ортаңғы "Қарлығаш" тобының 8 наурызға арналған ертеңгілігі.


Мақсаты: мерекелік көңіл күй сыйлау, қонақтарға сый-құрмет, үлкенге – ізет, кішіге- құрмет көрсетуге үйрету.
Кейіпкерлер: Көктем-Жүргізуші, Аю,Маша.
Көрнекіліктер: Ленталар, бал араларына арналған шелектер, гүлдер, орамалдар, тазиктер, қыстырғыштар.
Барысы: (музыка әуенімен «Көктем ару» келеді)
Көңілді әуенмен балалар гүлменен қимылдар жасап кіреді.
Көктем- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Күлімдетіп көкте күн,
Көптен күткен көктеммін.
Сіздер айтқан әнменен,
Тербеле билеп жеткенмін!
Неткен сұлу едіңдер.
Жүргізуші: құрметті қонақтар, көктемнің жылы лебімен ілесіп келген мерекелеріңіз құтты болсын. 8-наурыз көңілімізді жылытатын көктемнің алғашқы мерекесі. Ана-бұл өте мейірімді , жыл сөз. Ана-әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы.Ендеше, аналарымызға арналған ертеңгілігімізді балалардың әсем әнімен бастаймыз.
Ән: «Құттықтаймын мама» /балалар орындарына отырады/
Жүргізуші:Той тойлауда дала менен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Сүйкімді қыз, абзал ана мейрамымен
Құттықтауға келді бүгін балаларың! Аналарымызға арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
1 бала: Ана-біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
2 бала: Бәрімізге анасың
Біз үшін көп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
3 бала: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойга түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
4 бала:Баланың да тірегі. Даланың да тірегі.
Шашылмасын ешқашан, Аналардыңжүрегі.
5 бала:Өлең де айтыпберемін
Нан да алыпкелемін
Өйткені мен анамды
Өте жақсы көремін /Балалар тақпақ айтып жатқанда аю орнына жайғасуы керек./
(Кенеттен әуенмен Маша келеді)
Жүргізуші: - ой,балалар, қараңдаршы бізге кім келді? Бұл Маша емес пе?
Жүр: - Сәлеметсің бе Маша. Сен қайдан жүрсің?
Маша: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аюды іздеп жүрмін ол маған тәтті каша жасап беремін деп уәде берген болатын. Мұнда көңілді әуен шыққан соң осында келдім, байқаймын мереке болып жатқан секілді.
Жүр: ия,біз көктемнің алғашқы мерекесі, аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Кел сенде бәізге қосыл.
Маша: А, солай ма? Мерекелеріңіз құтты болсын, асыл аналар! /Ұйықтап жатқан аюды көріп қалады/ Мен Аюды іздеп жүрсем ол мында ұйықтап жатыр ғой. /аюдың қасына барып,оятады/
Аю: Маша маған тыныштық берші ұйықтайын.
Маша: Тұршы, тұршы бірге ойын ойнайық, би билейік, мында көңілді мереке болып жатыр, көктемде келді, қане тұршы, тұршыы. /Маша аюды жұлқылап орнынан тұрғызады./
Аю: Туу, Маша. Ал,жарайды балалармен ойын ойнайық, биде билейік онда.
Жүр: Олай болса, мерекені бізбен қарсы алып, би билеп көңіл көтеріңдер, әрі ұйқың да ашылады аюжан.
Маша: менде билеймін, билегім келеді, билегім келеді.
Жүргізуші: Жарайды Маша сенде билесең болады. Кел қыздармен түрлі түсті ленталар биін биле.
Би: «көңілді ленталар» қыздар
Жүргізуші: Маша, саған би ұнады ма?
Маша: Би өте көңілді, ұнады. Ой,Аю мында аралар кө..п қой, бұл аралар бал дайындайды емеспе? Менің енді бал,бал ,бал жегім келеді бал,бал!.
Аю: Ой, маша осындай тынымсыздығыңнан мен қорқып кетемін, балаларда қорқып кетпесінші. Айқайлама қазір бал алып келемін. Достар менімен бал жинауға барасыңдарма?
Балалар: Әрине.
Би: «Бал жинаған аралар» барлығы билейді
Маша: рахмет достарым, сендердің алып келген балдарың өте дәмді рахмет!
Жүргізуші: Ендеше, мерекемізді ары қарай жалғастыра берейік. Бүгін аналармен қатар, асыл әжелердің де мерекесі. Маша,сенің де Әжең бар ғой.Соған арнап, балалардың әжелерімізге деген жылы лебіздерімізді тыңдайық.
Тақпақтар:
1 бала:Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне
2 бала: Ақ әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған
Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан.
3 бала: Менің әжем, ақ әжем
Асыл әжем, күн әжем
Ертегі айтып бер десең
Шаршамайтын дана әжем
Ән : «Анам-Әжем»
Маша: /Жылаған дыбыс шығады/
Аю: Тағы не болды?
Маша: мен жаңа бал жеймін деп киімімді былғап алдым, мерекелік кеште кір-қожалақ болып жүргім келмейді. /жылайды/
Жүргізуші: Маша, сен уайымдама біздің балалар өте епті қазір сенің киіміңді тез-ақ тазартып береді.
Ойын: «Кір жаю»
Ойынның шарт: жіпті екі жақтан екі ересек адам ұстап тұрады балалар ортадағы тазиктен орамалдарды алып, екінші тазиктен қыстырғыштарды алып, жіпке жаяды.
Аю: Массаған, балалар недеген епті едіңдер. Машаның киімдеріп тез-ақ тазартып жібердіңдер.
Маша: рахмет, достар көңілім сондай көтеріліп қалды. Менде енді сендер секілді ақылды, тапқыр, епті бала боламын.
Аю: Балалар, сендерге рахмет, менің машама тәртіпті бала қандай болу керек екенін көрсеттіңдер. Тағыда рахмет сендерге. Бәіз мерекені тойлап жүріп, уақыттың біраз болғанын байқамай қалыппыз. Ал біз қайтайық. Машаны үйіне жеткізіп салайын. Әйтпесе, анасы уайымдап қалар. /қоштасып шығып кетеді./
Жүр: Аяулы да ардақты аналар және қонақтар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Мерекеміздің соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз"