"Қазына іздеу" дене шынықтыру ойын-сауығы » «Санаторный ясли-сад №25»
Коммунальное государственное учреждение
«Санаторный ясли-сад №25»
Управления образования города Алматы
Заведующий:
+7(727) 276-83-05
Методист:
+7(727) 276-14-03
Версия для
слабовидящих
» » "Қазына іздеу" дене шынықтыру ойын-сауығы
22
октябрь
2021

"Қазына іздеу" дене шынықтыру ойын-сауығы







Білім беру саласы:Денсаулық

Бөлімі: Денешынықтыру

Тақырыбы: «Бауырсақ»ертегісі желісі бойынша бауырсақтың қазына іздеуі.

БМ: Спортқа баулу, ынтасын арттыру.Жүгіру және секіру техникасын үйрену.Дене, қол қимылын икемдеу,салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау,денелерінің түзу сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу.

ДМ:Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру,салауатты өмірсүру    салтына тәрбиелеу,ептілікке,төзімділікке,достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

ТМ:Гимнастикалық таяқшамен, доғаның астынан еңбектеп өтуді, құм салған қапшықшаны нысанаға дәлдеп лақтыруды үйрету. 

Керекті құрал-жабдықтар:гимнастикалық таяқша, ысқырық, нысана,асық,жаттығуға керекті құралдар,слайд

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,ойындар,сергіту жаттығулары.

 Оқу қызметінің барысы:Балаларды үнтаспадағы әуен арқылы залға маршпен кіргізу, залды айналып өтіп, бір қатарға тұру. Тік тұр! Түзел! 

- Балалар, бүгін бізде тамаша күн. Себебі, бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық. - Сәлеметсіздер ме!

Шаттық шеңбері:(Денсаулық туралы)

Денсаулық   ол- шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол- тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол-күлуің

Көңіл-күйің жадырай,

Денсаулық ол –жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз Денсаулық білім беру саласы бойынша өтіледі: «Бауырсақертегісінің желісі бойынша бауырсақтың қазына іздеуі.  (Бейне тасбаға назар аударайық).

-Ертегідегі бауырсақпен бәріміз бірге қазына іздеп жолға шығайық?

(жолда келе жатып ) 

Қоянды кездестіреді.

Қоян: Бауырсақ сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші мен қазына іздеп шықтым.

Қоян: Жарайды алайда менің тапсырмамды орындасаң жіберемін.

Бауырсақ: Жарайды орындайын

Қоянның тапсырма:

1.Жүрудің түрлері,(шеңбермен жай жүру,қолды көтеріп аяқтың ұшымен жүру;қол белде өкшемен жүру;қолды алға созып тізені көтеріп жүру;аяқтың сыртымен-ішімен аюға ұқсап жүру;шеңберде еңкейіп төрт аяқтап алға және артқа жүру;жай жүгіру,тез жүгіру ,секіру.

2.Тыныс алу жаттығуы:«Сәбізді үрлеу»

Отырып үрлеу,үшке бөліп үрлеу,ортаға жиналып үрлеу.

Шаршағанда – УҺ- дедім,

Ренжігенде –ТУХ- дедім,

Қорыққанда- ОЙ-дедім,

Өкінгенде- АХ- дедім,

Шарасыз- ЕХ- дедім,

Таңырқап –О- дедім,

Кейігенде- И- дедім,

Біліп алы- Е- дедім,

Қуанып-АЛАҚАЙ дедік

Қасқырды кездестіреді.

Қасқыр: Бауырсақ сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші мен қазына іздеп шықтым.

Қасқыр: Жарайды алайда менің тапсырмамды орындасаң жіберемін.

Бауырсақ: Жарайды орындайын

Қасқырдыңтапсырмасы:

1.Таяқшамен жаттығу.

-Қатар-қатар қойылған таяқшалардан аттап жүру;

-Обручтардан қос аяқпен секіріп өту;

-Бірінен-соң бірі жыланша жіп өту;

2. Шеңберге тұрып тіл ұстарту жаттығуын жасау.

Ау-ау тау, қа-қа бақа, ра-ра ара, ға-ға таға

Аюды кездестіреді.

Аю: Бауырсақ сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші мен қазына іздеп шықтым.

Аю: Жарайды алайда менің тапсырмамды орындасаң жіберемін.

Бауырсақ: Жарайды орындайын

Аюдыңтапсырмасы:

1. - Гимнастикалық таяқшамен жатып алға қарай сырғанау,

-Кубиктердің арасынан, аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту.

-Тунельден  еңбектеп өу;

2. Сергіту сәті:Видеодан жасау

Түлкіні  кездестіреді.

Түлк: Бауырсақ сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші мен қазына іздеп шықтым.

Түлкі: Жарайды алайда менің тапсырмамды орындасаң жіберемін.

Бауырсақ: Жарайды орындайын

Түлкініңтапсырмасы:

1.-Әртүрлі жолдармен жүру(кірпі,түйме,жұмсақ);

-«Нысанаға дәл тигізу»,құм салған қапшықты корзинаға дәл тигізе салу.

2. -Аяққа және қолға жаттығулар жасау (шеңберге тұрып)