"Жұлдыз" тобының "Менің тұңғыш президентім" атты тақырыптық оқу қызметі. Тәрбиеші Джилгельдиева Н.А.





Мақсаты: Балаларға Елбасы ұғымын түсіндіру, Тұңғыш Президенттің балалық шағымен таныстыру. «Білімді мыңды жығатынын» ұғындыру.
Көрнекіліктер: ҚР жалауы, түрлі-түсті жалаулар,интерактивті тақта.
Кейіпкерлер:Жүргізуші, Темір балқытушы./Үлкен адам/
Балалар «маршпен» залды шеңбер болып айналып, үш қатарға бөлініп, қимылдар жасайды.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, бала-бақша балғындары. Бүгінгі тақырыптық сағатымыз еліміздің атаулы мерекесі біздің еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа араналады.
-Менің тұңғыш Президентім-
Әбішұлы Нұрсұлтан
Еңбегімен еліне болған мақтан.
Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды,
Қазақ елін,қазақ жерін Қазақстан!
-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдерме?
-Қыс мезгілі келеді екен. Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
-1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды сендер Елбасымызды білесіңдер ме?
-Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
-Балалар, бұл кім? /Интереактивті тақтада суретін көрсету/
-ия, дұрыс айтасыңдар балалар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6- шілдеде Іле Алатауындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Мектепте сабақты өте жақсы оқып, кейін кәсіби- техникалық учелищені үздік бітіріп, металлург болды. 1991 жылы 1- желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә. Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады. /Туған жерін,Үшқоңыр тауын тақтажа көрсету, слайдты тәрбиеші дайындайды./
-Сәлем, саған туған ел,
Сәлем, саған астанам.
Сәлем, Туым, Елтаңбам!
Сәлем,саған Қазақстан!
Ән:«Сәлем, Қазақстаным» /Әннен соң балалар орындарына отырады/
Жүргізуші: -Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Біздің қазіргі Президентіміз кім? /слайдта көрсету/
- ия, балалар әр мемлекеттің өз басшысы болады,қазіргі біздің президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.
Әуенмен қолында темірі бар темір балқытушы келеді.
Темір балқытушы: Амансыңдар ма, балаларым! /Балалар жауап береді/
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!Біз мұнда Тұңғыш президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күнін атап өтіп жатырмыз. Келіңіз төрлетіңіз.
Темір балқытушы: Сәлеметсіздер ме?! мені таныдыңдар ма балалар? Мен темір балқытушы,темірді өңдеп шығарушы металлург боламын.
Астанадай қала салған,
Сарыарқаның сары даласын
Ақ сарайға айналдырған.
Түрлі ұлтқа ән салдырып,
Бар әлемді тамсандырған- Елбасы Әбішұлы Нұрсұлтанның қандай мамандық иесі болып бастағанын білгілерің келеме?
Темір балқытушы: Елбасымыз,Үшқоңыр деген таудың етегінде, қыстың бірінші күнінде бала Сұлтан дүниеге келіген кезде қатты боран соғыпты. Бала Сұлтан ұшқыш болуды армандаған. Бірақ ол Ата-анасының қалауымен металлург мамандығын таңдапты. Мына мен сияқты металлург болып, Донна деген үлкен пештерде темірді суша балқытып, өте еңбекқор жұмысшы болған екен. Міне осы Елбасымыздың жұмыс барысынан алынған суреттерге назарымызды аударсақ.
Слайд Елбасының Металлург кездегі суреттерін жинақтау
Жүргізуші: Балалар, қандай керемет, рахмет сізге. Келіңіз біздің балалар сізге арнап тақпақ арнайды. 3 бала тақпақ айтады.
Тақпақтар
Би: «Біздің жігіттер» /Ұлдар/
Темір балқытушы: -біздің қазақтың жігіттері өте өнерлі екен, жарайсыңдар! Енді осы мықтылығымызды әрі қарай шыңдап, ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?
Ойын: « » /Тәрбиешімен ақылдасу/
Ойынның шарты: Күшті көрсететіндей ойын болуы керек.
Темір балқытушы: Балалар, біздің болашақ ұрпақ сендерсіңдер! Сендер мықты, саналы, ақылды, намысгыл болсаңдар біз сендермен мақтанатын боламыз. Енді кезекте мен жолға шығайын. Мені зоводта жұмыстарым көп, барып жұмыстарымды аяқтайын. Келесі мерекелерде сендерге қонаққа келетін боламын. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: -Ал, біз балалар тақырыптық оқу-қызметімізді әрі қарай жалғастырамыз
Жақсы күнге жетелеп,
Елбасым менің- Нұрсұлтан.
Болашаққа үн қосқан,
Қазақ елі –Қазақстан –дей келе қыздарымыздың қазақ биіне кезек береміз.
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар,Қазақстанымызда осындай отаншыл, ақылды, білімді балдырғандар аман-есен өсе берсін,
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Туған күнің құтты болсын, алыбым! халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп, тақырыптық оқу қызметімізді «Қазақстаным - мәңгілік ел» - атты әнімізбен аяқтамыз.
Ән: «Қазақстаным – мәңгілік ел»