«Тәуелсіздік төрінде өркендейміз,өсеміз» » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік төрінде өркендейміз,өсеміз»
15
желтоқсан
2021

«Тәуелсіздік төрінде өркендейміз,өсеміз»







Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа,қонақжайлылыққа тәрбиелеу .

Кейіпкерлер: Өзгепланеталықтар,Жүргізуші.

Балалар патриоттық әнмен залға кіріп, қимыл-қозғалыстар жасап, жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бала-бақша балғындары. Бүгінгі еліміздің атаулы мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. 

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті.

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернеп жүректі .

ҚР-ның Әнұраны орындалады. /балалар орындарына отырады/

Жүргізуші:Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Әнұран,Ту, Елтаңба туралы тақпақ айтылады.

Әнұран:

Ту:

Елтаңба:

Тақпақ айтылып жатқанда интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.

Космостық тарелкамен ұшып келе жатқан бейне интерактивті тақтада көрсетіледі.

Жүргізуші: Балалар бізге өзге елден қонақ келе жатқан секілді. Қане, қол соғып қарсы алайық.

Әуенмен өзгепланеталық кейіпкер келеді.

Өзгепланеталық кейіпкер: /Робот секілді сөйлейді/ Сәлеметсіңдер ме, достар! Бұл қай жер?

Балалар: Сәлеметсіз бе! Бұл бала-бақша.

Өзгепл.кейіпкер: Бала-бақша? Сонда бұл қай планета? Қай ел? Мен өз ата-анамнан адасып қалдым. /Мұңайып/

Жүргізуші: адасып қалдым десіңбе? /таңқалып/ планетамыз жер. Балалар айтыңдаршы біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасы

Өзгепл.кейіпкер: Планета жер, Қазақстан Республикасы... ия, ия біз отбасымызбен  сіздердің дауыстарыңызды естіп,сіздерге қарай жолға шыққан едік. Алайда дауыл тұрып, ата-анамды басқа жаққа, мені осында ұшырып алып келді. 

Жүргізуші: Балалар, біздің қонағымыз ата-анасынан адасып қалыпты енді қайтсек болар екен?

Бала: Мүмкін полииция шақырармыз?

Бала: Мүмкін теледидардан хабарлармыз?

Бала: Мүмкін радиодан хабар таратармыз?

Бала:Мүмкін дәрігердің көмегі керек болар?

Өзгепл.кейіпкер: Жо, жоқ мен дәрігерден қорқамын, қажет емес.

Жүргізуші: Балалар, біз қонағымызды қорқытып алмай, ешқайда да қоңырау шалмай, ата-анасы келгенше көңілін көтеріп, ән шырқап  берейік.

Ән: «Желтоқсанның жалауы»

Өзгепл.кейіпкер:достар мен мерекеге тап болдым ба? Қандай мереке?

Жүргізуші: балалар қане, қонағымызға қандай мереке екенін атап, айтып берейікші.

Балалар: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні.

Өзгепл. Кейіпкер: Қандай керемет мен шыныменде мерекеге тап болған екенмін ғой. Балалар мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын. Ата-анамнан адасып, өзім әбден шатасып кеттім.

Жүргізуші: балалар, бізге хабарлама келіп тұрған секілді. /Экранда хаттың суреті көрсетіледі/ қане, ашып көрейікші /Хабарламаның үстін басқан кезде, видеоролик көрсетілуі керек/

Видеороликте Өзгепланеталықтың анасы сөйлейді.

-Достар сәлеметсіңдерме, Біз сіздердің әсем әуен орындап жатқан дауыстарыңызды естіп, мерекемен құттықтауға жолға шыққан едік, кенеттен дауыл тұрып мені қорапшаға тығып қойды,менің қолымда топсырма бар сол тапсырмаларды орындасаңыздар мені мына қорапшадан құтқарып, алып шығасыздар. Маған көмектесе аласыздар ма? /Балалардың жауабы/

Онда бірінші тапсырманың тақырыбы: «Отан үшін отқа түс күймейсің» егер сендер дұрыс жауап берген болсаңдар мында жасыл түсті белгі беріледі /Ролик тоқтап қалады/

Жүргізуші: Балалар тақырыбы: «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген болса, Отан туралы тақпақ айтуымыз керек қой. 

1 Бала: Бәрі де сенің Отаның

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін.

2 бала:Отаным- тірегім, 

Отаным - жүрегім.

Отаным- жігерім, 

Отаным- білегім.

3 бала: Отаным – күндерім, 

Отаным- үндерім.

Отаным- гүлдерім, 

Кеудемде жүр менің. 

/Тақпақтан кейін интерактивті тақтада жасыл түс көрсетілуі керек/

Видеоролике: Достар рахмет, экранда қандай түс жанды? /Балалардың жауабы/ дұрыс айтасыңдар, жасыл түс! Енді келесі тапсырма тақырыбы: «Батыр елдің балалары,ән мен биді жырлайды»

Жүргізуші: Қане балалар, досымыздың тапсырмасына көмектесіп, би билеп берйік.

Би: «Көк байрағың желбіресін» 

/Биден кейін интерактивті тақтада жасыл түс көрсетілуі керек/

Видеороликте: Жарайсыңдар, достар! Тағыда тапсырманы қателеспей тауып,көмектестіңдер. Енді   соңғы тапсырманың шешуін тапсаңдар қатты қуанышты болар едім. Тапсырма тақырыбы: «Ойна- күл, туған жерді қастерлеуді біл!» 

Жүргізуші: балалар, бұл не болуы мүмкін? 

Өзгепл. Кейіпкер: Достар, мен бұл тапсырманың жауабын білетін секілдімін. Туған жерімізді жақсы көретінімізді ойын арқылы көрсет деп тұр емес пе?

Ойын: «Отаным алтын бесігім»

Ойынның шарты: Тақырыпқа сай болуы керек,карта құрасыру, жапсыру арқылы немесе интерактивті тақтаға сәйкестендіру арқылы /Тәрбиешімен ақылдасу/

Әуенмен Өзгепланеталықтың анасы келеді. Баласы жүгіріп барып құшақтайды.

ӨзгеПл. баласы: анашым, мен сізге алаңдап уайымдап едім, достарымызға рахмет!

ӨзгеПл.анасы: ия, рахмен сіздерге достар! Сіздер болмағанда мен қораптың ішінде қалып қоятын едім.

Жүргізуші: Бізде сізге көмектескенімізге сондай қуаныштымыз. Келіңіз төрлетіңіз мерекеге жайылған ақ дастарханның төріне жайғасыңыз. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз /Қонақтар дастарханға жайғасады/

Астана туралы тақпақтар. /Тәрбиеші балалардың деңгейіне қарай 3 балаға береді/

Жүргізуші: ия,жарайсыңдар, балалар! Біздің өз Астанамыз бар. Балалар біздің астанамыз  қай қала?

Балалар: Нұрсұлтан

Жүргізуші:  Ия, балалар біздің Астанамыз бұрынғы атауы Астана болса, қазір Тұңғыш Елбасының құрметіне   Нұрсұлтан болып өзгертілді. Нұрсұлтан қаласындағы қандай ғимараттарды білесіңдар?

Балалар: Бәйтерек, Хан шатыр, Конгресс хол, Нұр Астана мешіті, Әзірет Сұлтан мешіті, Пирамида. /интерактивті тақта арқылы суреттері көрсетіледі және балалармен талқыланады/

ӨзгеПл. баласы: Қандай керемет, Қазақ жері деген өте әдемі, әрі қонақжай екен ғой. Нұр-сұлтан қаласынада саяхаттап барсақ керемет болар еді.

ӨзгеПл.анасы: ия, балам, мерекеден соң саяхаттап баратын боламыз. Қандай керемет, мына мерекеге жайылған дастарханда,ұлттық тағамдарда,достар сендерде, жайнап тұрсыңдар.

Жүргізуші: Біздің елде келген қонақтарды қонақжайлылықпен күтіп алып, төрге шығарып, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетіп, сый-сиапат жасау біздің атадәстүрімізден,салтымызға айналған. Соның бірі біздің ұлттық аспабымызбен орындалатын биімізді қабыл алыңыздар.

Би: «Бипыл-бипыл»

Бала: Қос ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ,қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра. Міне, достым біздің елге келген әр қонаққа осылай сый-сияпат жасалады. Өзіңнің планетаңа барғанда бізді   сағынғанда осы домбыраның үнін тыңдасаң болады. Қабыл алыңыз! /Домбыраны қонақтарға ұсынады/

ӨзгеПл.анасы: Достар, сендерге көп рахмет! бізге көмектесіп және қонақ қылып өз өнерлеріңді сыйлап отырсыңдар! Біз енді келесі қала Нұр-сұлтандағы достарымызға барып, мерекені ары қарай жалғастырайық. Келесі мерекеде кездескенше сау болыңдар!

Балалар: сау болыңыздар!

Жүргізуші: Тәуелсіздік-білдіреді теңдікті,

Тәуелсіздікбілдіреді әдептілік, әлдікті.

Тәуелсіздік білдіреді уайымсыз уақытты.

Тәуелсіздік білдіреді егемендік елдікті дей келе, Егеменді Тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болып , күннің нұры сәулесін мол төксін деген ниетпен «Тәуелсіз ел ұраны» - атты әнімен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ән: «Тәуелсіз ел ұраны»