"Денсаулық әліппесі" ортаңғы "Қарлығаш" тобының ашық оқу қызметі. Жақсылықова А.Е.


Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі
Айболит (Корней Чуковский) ертегі желісі бойынша
Мақсаты: Денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.Ойындар арқылы логикалық ойлауын дамыту дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, жапсырма кітапша,
Әдіс - тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту, қорыту.
Барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздң ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіпті, қане амандасып алайық!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын, күнделіктегідей шаттық шеңберімен оқу қызметімізді бастайық!
Шаттық шеңбері:
Күн шуағын жинаймын.
Достарыма сыйлаймын.
Күн жылуын аямасын,
Шуағымен аяласын.
Достық деген бәйтеректі
Барлық бала саяласын.
Тәрбиеші: балалар, бүгін біз оқу қызметінде, денсаулық сақтау туралы өтеміз. Денсаулық сақтау үшін не істеуіміз қажет?
-таза жүру
-күн тәртібін сақтау
-спортпен шұғылдану
-дұрыс тамақтану
Тәрбиеші: жарайсыңдар, барлығы дұрыс.
Тосын сәт: есік қағылып, ішке «Айболит» келеді:
- Сәлеметсіздер ме балалар, мен «дәрігер Айболитпін».
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, дәрігер!
Айболит:
«Міне келді жеделхат
Гиппопотам досымнан!»
«Тез келе көр, дәрігер
Өтті орман-баулардан,
Асты биік таулардан.
Теңізден де өтті ол,
Мұхитқа да жетті ол.
Қайырымды Айболит,
Болам десең, мықты бол!
– деген жеделхат алдым, жолда балаларға онымен бірге адасып сендерге келдім, балалар менің сендерге тапсырмам орындап бересіңдер ме ауырған балалар сендер емессіңдер ме?
Балалар: жоқ
Тәрбиеші: Әрине біздің балалар өте мейірімді әрі ақылды, олар көмектесуге дайын. тапсырманыз болса орындап береді балаларымызға беріп, суреттерді реттеп көрейік.
Айболит: жарайды балалар сендар тазалықты қалай сақтайсындар микробтан калай сақтанасыңдар?
Тәрбиеші: Бізге Микробатар туралы айтылған екен. Балалар айтыңдаршы микробатар қайдан неге пайда болады?
Балалар: жуынбаған соң.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, ал жуыну үшін бізге не керек?
Балалар: сабын, орамал, тіс щеткасы, тіс пастасы, шампунь, т.б.
Тәрбиеші: Дұрыс, енді біз осы заттарды жұптастыруымыз керек екен, ол үшін қорапшада берілген суреттерді шығарып, екінші жартысының қасына жапсырамыз (шаш-шампунь, щетка-тіс пастасы, орамал-сабын, стакан су- ауыз, қайшы- тарақ).
Тәрбиеші:балалар тапсырманы дұрыс орындадық па? (ия) ендеше суреттегі жұптарды атап беріңдерші (балалар атайды)
Қимылды ойын: Кім епті? Ойын шарты: (балалар екі топқа бөлініп,кедергілер арасымен ирелеңдеп өтіп, берілген заттардың ішінен пайдалы тағамдарды тауып себетке салып жарысады).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, келесі тапсырмаға өтейік
Топтық жұмыс: Сендер білесіңдер ме неше жыл мезгілі болады? (4) әр жыл мезгілінің өзінің спорт түрі болады, қазір сендер қыстық және жыздық спорт суретінің қасына соны сәйкесінше қойып шығайық.
Тәрбиеші: біз ұзақ отырып қалдық
Сергіту сәті: Бала бала балақан
Тәрбиеші: жарайсыңдар, қане балалар біздер аздап шаршап қалған секілдіміз, дәрігердің бізге дайындаған тыныс алуға арналған жаттығуы бар екен. Тыныс алу жаттығуы «микробтар» (балалар ауыздарына берілген микроб пішіндес қораптарды алып үрлейді.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Барлық тапсырманы орындадық, Айболиттің кітапшасының суреттері өз орнына келді,
Айболит: балалар өте ақылды екенсіңдер, көп рахмет сендерге, барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар! Сендерге сыйлықтарым бар, міне! Мен енді Африкага қарай жол жүрейін!
Тәрбиеші: рахмет, тағы да көмек керек болса келіп тұр, біздің балалар көмектесуге дайын. Сау бол!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші, балалар: Сау бол!
Тәрбиеші: балалар, сендер бүгін не туралы білдіңдер? (денсаулық сақтау)
-Балар бізе қонаққа кім келді? (Айболит)
-Деніміз сау болу үшін не істеу керек? (дұрыс тамақтану)
-Қандай тағамдар жеу керек? (пайдалы тағамдар жеу керек жемістер, балық).
Тәрбиеші: жарайсыңдар, бүгін өздеріңді жақсы көрсеттіңдер, енді оқу қызметімізді аяқтайық, қонақтармен қоштасайық!
Балалар: Сау болыңыздар!