Мектепалды даярлық "Жұлдыз" тобының "Мерекелік сұлулық сайысы" атты Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігі » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепалды даярлық "Жұлдыз" тобының "Мерекелік сұлулық сайысы" атты Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігі
02
наурыз
2022

Мектепалды даярлық "Жұлдыз" тобының "Мерекелік сұлулық сайысы" атты Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігі







Мақсаты: мерекелік көңіл күй сыйлау, қонақтарға сый-құрмет, үлкенге – ізет, кішіге- құрмет көрсетуге үйрету.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Көктем, Сұлулық ханымы.

Көрнекіліктер:  қағаз, клей, түрлі-түсті жылтыр қағаздар, моншақ, очки, ободок, орамал, шарф, сумочкалар, моншақ, алқалар, қолшатыр. 

Барысы: Балалар әсем безендірілген залға Қайрат Нұртастың «Ана» әнімен, қолдарына жүрекше шарларын ұстап кіреді.

Выход: «Ана»

/Билеп болған соң қолдарындағы шарды ауға ұшырып жібереді./

Жүргізуші: Қандай сұлу, сұлу көктем,

Неткен сұлу, неткен көркем.

Мерекені біз бастаймыз,

Қошеметпен, көптен күткен. Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Сіздерді  Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Әрқашанда аналардың жүзінен күлкі кетпесін,

Әрқашанда күн нұры сіздерге тек күлімдесін, деген ниетпен ертеңгілігімізді әсем әнмен бастаймыз.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Балалар, бүгін аналардың, әжелеріміздің мына отырған сұлу қыздарымыз бен апайларымыздың мерекесі, ал, сендер мерекеге арнап қандай сыйлық дайындадыңдар? 

Қыз: Көп ойландық анаға не сыйлаймыз деп,

Мерекеде қалай таң қалдырсақ екен деп.

Иіс су, әлде тәтті конфет бе деп?!

Әлде ашық хат, әлде бәйшешек пе екен деп.

Басым қатты сыйлық таңдау, оңай шаруа емес тек.

Ұл: Көп ойландық анамызға қандай сыйлық алсақ деп?

Апай айтқан сыйлықтарың ерекше болсын деп.

Әттең тонның келтесі-ай,

Мерседес те, шетелге де билет алып бере алмайм,

Басым қатты не сыйласақ екен деп.

Ех… ойландым!

Ең дұрысы керемет бір мерекелік концерт!

Жүргізуші: Балалар аналарыңа керемет мерекелік концерт сыйлаймыз деп дұрыс жасадыңдар,  біздің ең сүйікті және асыға күтетін мерекеміз ол 8- Наурыз мерекесі. Қыздарымыздың ептілігін байқап, аналарына қандай көмекші екенін біліп көру үшін, «Сұлулық сайысын» өткізсек оданда қызық бола түседі деп ойлаймын. Ендеше бұл сайысқа қатысатын «Жұлдыз» тобының сұлу да, сымбатты, ақылды қыздары. Ал, баға беретін біздің қазылар алқасына қиын болайын деп тұр. Себебі: Біздің қыздар бірі-бірінен өткен сұлу, сымбатты, ақылды, көркем. Олай болса, бүгінгі сайысқа қазылық ететін қазылар алқасымен таныстырайық.

Сайыс төрайымы: Сағыныш Каримбаевна

Сайыз бақылаушысы:  Гүлім Төрехановна

Жүргізуші: Үкілі кәмшәт,

Бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі,

Қимылсыз билеп дей келе, сұлу қыздарымызды ортаға шақырамыз.

1.Қос бұрымды шашы бар,

Қиылған қара қасы бар.

Қарсы алайық қонақтар,

Аимирадай  сұлуды.

2.Ақылына көркі сай,

Аярудай аруым.

Өзі шебер, өзі алғыр,

Қызы болар халқының.

3.Қос бұрымы арқасына өрілген,

Көрінші бір биіктің төрінен.

Гүлі боп әркез туған еліңнің,

Медина шықсын сыпайылық ізімен.

4.Қыз баланы құрметтеген қазағым,

Аруларға ақындар жыр жазады.

Қошаметпен шақырайық ортаға,

Сайысқа келген өнерлі қыз Раяна.

5.Көктем келді жердің беті қырмызы,

Қыз деген ата-анасының құндызы.

Бұл сайысқа бар өнерін салатын,

Ару болар  Алина атты бұл қызың.

6.Мың бұралып билеген,

Ирада атты қызым бар.

Көрсетеді өнерін,

Апасынан үйренген.

7.Суретті көркем салатын,

Көңілің толып қалатын.

Ақылына көркі сай,

Қарсы алайық Томирис атты сұлуды.

1 қыз: Мен сұлумын көркеммін,

Аимира болады есімім,

2 қыз: мен алғырмын, әппақпын,

Медина болады атым.

3 қыз: Пысықпын кейде қызықпын,

Ирада болады есімім.

4 қыз: Сыпайымын, көрікті,

Алинамын сүйікті.

5 қыз: Әсем болып жүретін,

Топта бәрін білетін,

Аяру сұлу мен болам.

6 қыз: Анамның асыл қызымын,

Раяна деген мен болам.

7 қыз: Сұлу,көркем әрі епеті,

Мен қызбын өте әдепті.

Томирис сұлу мен болам.

Жүргізуші: Міне, біздің әсем қыздар өздерін таныстырып болды. Қазылар алқасы бағалап, бағасын бере жатар.

Әуенмен көктем аруы келеді.

Көктем аруы: Қандай әсем айналам,

Сұлу көркем жайнаған.

Менде келдім көктем боп,

Қыздарды көруге жайнаған. Сәлеметсіңдер ме, достар! Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз аналар мерекесі құтты болсын! Сендерде сұлулық сайысы өтіп жатыр дегенді естіп, мерекемен құттықтап, әрі қонақ болуға келдім.

Жүргізуші: Қош келдің көктем аруы, төрлет! Біз сені асыға күтіп отырған болатынбыз, сіздің құрметіңізге арналған әнді қабыл алыңыз.

Ән: «Сұлу көктем»

Жүргізуші: Балалар, сайысымызды ары қарай жалғастырайық. Ендігі кезекті «он саусаусағы майысқан» деп атауды жөн көрдік. Себебі: дәл қазір қыздардың қолөнерін тамашалаймыз.

Сайыс: «Қолөнер»

Шарты: Столдың үстіне клей мен 5 шт гүл қиындысы, және сабағы болуы керек, алдын ала дайындалған қаттылау картонға сол қиылған гүлдерді жапсырып, аналарына арналған гүлді жапсыруы керек. /Жапсырып болған соң, қатарға тұрып көрсетіп, әділқазылардың алдына алып барды./

Жүргізуші: Сайысты әділ қазыларымыз сараптап болғанша, ұлдарымыздың аналарына арналған жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. 

Тақпақтар ұлдар. /Баланың деңгейіне қарай беріледі/

Би: «Майкл Джексон» /Қыздар барбиға киінуге кетеді/

Кенеттен көктем аруының телефоны шырылдайды.

Көктем: Алло, алло, бұл кім? Сәлеметсіз бе! Естілмейді! Сұлулық ханымы?  Тұтқаны тастай салды, кім болды екен? Естілмеді. 

/Әуенмен гламурная болып киініп алған сұлулық ханымы келеді/ 

С.Ханымы: /Американский акцентпен сөйлеуі керек/

hello! good moring! Қайырлы таңМен келдім сонау Америкадан!

Сендерді қатты көргім кеп,

Ұшып келдім ештемеге қарамастан.

Оу, недеген сұлулар?

Мен құр қалдымба барлығынан?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Қадірлі сұлулық ханымы, біз сізді өзіміздің мерекеде көргенімізге өте қуаныштымыз. Сіз ештемеден кеш қалмадыңыз біз мерекемізді енді бастап жатырмыз.

С.Ханымы: Оу, сондай қуаныштымын! Көктем ару сіз осындасызба? Мен сізге мерекеге бірге барайық деп хабарласқан едім, байланыс нашар болып сөйлесе алмадым.

Көктем: А,хабарласқан сіз болдыңыз ғой, көргеніме сондай қуаныштымыз! Келіңіз төрлетіңіз! Балалардың өнерін бірге тамашалайық.

С.Ханымы: Әрине, әрине! Мен мында сұлу қуыршақтарымды көріп тұрмын би билеп өнерін тамашаласам деймін. Қане қуыршақтарым ортаға шыға қойыңдар.

Би: «Барби»

Көктем: Сұлулық ханымы сізге біздің қыздардың өнері ұнап жатыр ма?

С. Ханымы: о,әрине! Қуаныштымын шын жүректен, 

Осы бала-бақшаға келгеніме. 

Мен сұлулық ханымы,

Сән әлемнің еркесі,
 Үйретемін сендерге,

Сұлулықтың бейнесін.

Жүргізуші: Құрметті ханым,Сіз сонда біздің қыздарға қалай сұлу болу керек екенін үйретесізбе? Бізің қыздар көйлекті де, туфлиді да, сумочканы да қалай көрсету керек екенін біледі.

С. Ханымы: Ия? Солайма? Қазір тексеремін онда. Онда келесі сайыс «Сұлулықтың бейнесі» деп аталады. Бұл сайыстың шарты мына менің қолымдағы себеттен өздеріңе керекті аксесуарлар мен әшекейлерді алып және тағып, тап осы жерде дэфиле көрсетесіңдер!

Ойын: Әуенмен патшайымның корзинасынан қыздар әуенмен жүріп, әшекейлерді алып тағады. \Шарф, очки, сумочка, ободок,\

С.Ханымы: Ал, сұлуларым мен сендерге қазір қалай жүру керек екенін бір жүріп көрсетемін, ал, сендер өздеріңе тағылған әшекейлеріңді әдемілеп жүріп көрсетіңдер!

Дэфиле. Қыздар.

С.Патшайымы: Ой, қандай сұлусыңдар! Шыныменде нағыз ханшайымсыңдар, ештемені үйретудің қажеті де жоқ екен. 

С.Ханымы: Барлығы керемет! Енді айтыңдаршы ән шырқай аласыңдарма? 

Жүргізуші: Ән деген біздің балалардың ең сүйікті ісі ғой. Әжелерімізге арналған әнді шырқап берейік.

Ән: «Сағындым әже»

С.Ханымы: Жарайсыңдар балалар! Енді мен «Ханзада мен Ханшайым» ойын ойнағым келеді. Ойынның шартын мұқият тыңдаңдар.  ұлдарды ортаға шақырамын. Ұлдар артқа қарап көздерін жұмады. Ал, қыздар аяқ киімдеріңнің бір сыңарын ортаға қалдырып, өздерің орындарыңа барып, ханшайым болып отыра қалады. Ал, ұлдар болса, аяқ киімдерінің бір сыңары жоқ ханшайымдардың  аяқ киімдерін тауып, кигізесіңдер. Келістік пе?

Ойын: «Ханзада мен Ханшайым»

С.Ханымы: Қандар керемет, енді осы нотада өз жұптарыңды жұп биіне шақырыңдар. 

Би: «Қолшатырға қараймын»

С. Ханымы: Мен мында неше талант көрдім,

Мен Қытайда, Индияда, Кореяда да болдым.

Ал, сұлу да, сымбатты, ақылды ханшайымдарды,

Тек Жұлдыз тобынан көрдім.Достар сендерге келіп, сұлулықтарың мен ептіліктереріңді көріп, сондай таңқалаудамын және өте қуаныштымын. Мен енді келесі балабақша балаларының сайысын тамашалап, білмеген жерлерін үйретуім керек. Келесі мерекелерде кездескенше сау болыңдар!

Көктем: Сұлулық ханымы мені күте тұрыңыз, менде балалардың өнерін тамашалап, мерекелерімен құттықтап, керемет көктемгі көңіл күй сыйлағым келеді. Балалар сендерді көргенңме қуаныштымын. Келесі менің мезгілімде кездескенше қош сау болыңдар. 

Жүргізуші: сау болыңыздар, құрметті ханымдар! Міне, бүгінгі біздің меркелік сайысымызда өз мәресіне жеткен секілді. Құрметті қонақтар сіздерді бүгінгі Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай келе отбастарыңызға амандық, шаттық, көктемдей көңіл тілейміз. Әділ  қазылар алқасы қыздарымызды бағалап болғанша, әнге кезек берейік.

Ән: «Ана жаным» 

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін марапаттау үшін балабақшамыздың меңгерушісі Сағыныш Каримбаевнаға беріледі. 



Ескерту!  Әр қызға номинация-дипломдарын дайындау және номинация атауы жазылған медальдар дайындау.