«Біз бақытты баламыз» » «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 276-83-05
Әдіскер:
+7(727) 276-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2022

«Біз бақытты баламыз»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, қонаққа келген қонақтарға көңілді көңіл-күй сыйлап, жол көрсетіп, көмектесу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, Қошақан, Балапан, Клоун. Атрибуттар: Биге арналған атрибуттар, шарлар Жүргізуші: Мамыр бітіп жаз келді, Әлем тамаша күйге енді. Бүгінгі мерекелі күнді балаларымызға арнаймыз! Бақшамда бүгін барша, мерекені қарсы алады, Би билеп, ән салады, бәрі де көңілді үлкен шеңбер құрады. Ән: «Жаз келді алақай» /барлығы/ Көңілсіз көңіл күйде Балапан келеді. Балалпан: Достар сәлеметсіңдер ме? Мен сендерді көргеніме сондай қуаныштымен Қошақан досым екеуіміз жазғы демалысқа ауылға кетңп бара жатқан едік адасып қалдық. Қошақанды көрмедіңдер ме? Жүргізуші: Балалпан, қош келдің сен мұңайма сенің көңіліңді көтеріп би билейік, біздің дауысымызды естіп мүмкін Қошақан досың келіп қалар. Би: « » Әуенмен Күлдіргі мырза /Клоун/ келеді Күлдіргі мырза: Достар, сәлеметсіңдер ме! Мерекеде неге қабақтарың түсіңкі, сендерді кім ренжітті? Жүргізуші: Балапанның дос Қошақан екеуі бір-бірінен адасып кетіпті, қалай көмектессек болады деп ойлап тұрмыз. Күлдіргң мырза: Ой, Балалпанға көмектесу сөз болыппа, қазір мына сыйқырла шарлармен би билесеңдер Қошақақан осында келетін болады. Би: « » Әуенмен Ойнақтап қошақан келеді. Қошақан: /Балапанды көре салып,құшақтасады/ Мәссаған балапан сен осында екенсің ғой сені көп іздедім. Сәлеметсіңдер ме,достар! Балапан: ия, қошақан менде адасып достарыма кезігіп қалдым, маған достарым мен күлдіргі мырза келіп көмектесті, Достар рахмет сендерге. Жүргізуші: Қошақан қош келдің, балапан сені көріп көңілі көтеріліп қалды ғой. Бізде қуанып қалдық, келіңдер барлығымыз бірге көңіл көтеріп би билейік. Би: « » Қошақан: Достар сендерге көп рахмет, біздің жазғы демалысымыз енді көңілді өтетін болды, олай болса не тұрыс барлығымыз менің әніммен жазғы демалысқа аттанайық. Ән: «Қошақаным» /Барлығы/ Күлдіргі мырза: Ой балалар сендермен өте қызықты. Бірақ қоштасатын сәт келді. Менің басқада балабақшаға барып балаларды мерекелері мен құттықтауым керек. Келесе кездескенше сау болыңдар! Балапан мен Қошақан: Бізде жолға шығайық келесі кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші: Қымбатты балалар, апайлар «Балалаларды қорғау күніне» арналған тақырыптық ертеңгілігіміз аяқталды. Еліміз тыныш, халқымыз аман балаларымыз бақытты болсын деген ниетпен ертеңгілігімізді әсем әнмен және асфальтта сурет салумен аяқтаймыз. Ән: «Балдырғандар әні» /Барлығы/ Барлық топ түрлі-түсті борменен суреттер салады.​​​